Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы 2026-2027 жылғы оқуға түсуге үміткерлерді құжат қабылдау жүргізеді. Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 15 қаңтарынан басталады.
Құжат қабылдау орны: Шымкент қ. Нұрсәт тұрғын үй алабы, 4542 ғимарат,
электрондық адрес ok_dchs_shym@emer.kz
🗓️ Қабылдау басталған күні:
👉 2026 жылдың 15 қаңтарынан бастап үміткерлерден құжаттар қабылданады.
📍 Оқу орны:
Көкшетау қаласы, Қазақстан.
🎓 Кімдер түсе алады?
✅ Қазақстан Республикасы азаматтары
✅ Орта білімі бар
✅ Жасы 16-дан жоғары
✅ Денсаулығы бойынша әскери қызмет пен оқу үшін жарамды
✅ ҰБТ нәтижесі бойынша конкурсқа қатысуға құқығы бар
🧠 Білім беру шарттары:
✔ Оқу республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады
✔ Курсанттарга тегін киім-кешек, тамақ және мемлекеттік шәкіртақы беріледі
✔ 1-3 курс – казармада, 4-курс – Көкшетау қаласында тұру мүмкіндігі
🎯 Оқу мерзімі мен артықшылықтары:
📌 Оқу мерзімі – 4 жыл
📌 Оқыған уақыты әскери қызметпен теңестіріледі
📌 Академияны бітірген соң лейтенант атағы беріледі
📄 Құжаттар қабылдауы:
👉 Құжаттарды ұсыну және конкурсқа қатысу үшін ҰБТ сертификаты талап етіледі.
📍 Тағы не білу керек?
🔹 Оқуға ер-азаматтармен қатар енді қыздар да қабылданады.
🔹 Түсу үшін медициналық, физикалық және психофизиологиялық іріктеуден өту керек.
📞 Қосымша ақпарат алу:
Жергілікті Төтенше жағдайлар департаментіне хабарласыңыз.