Бос орын туралы хабарландыру

Жалпы конкурс

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті

 Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:

 С-О-5 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

            Мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару

            Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары

 

Санаты

Еңбек сінірген жылдарына байланысты

min

maх

С-О-5 (А блок)

263131

302255

С-О-5 (В блок)

226837

260564

 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті, индекс 160024,

Шымкент қ., Нұрсәт тұрғын үй алабы, ғимарат 4542, тел. 8/7252/ 95-57-11, электрондық пошта: ok_dchs_shym@emer.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

 

  1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының салааралық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері:

Салааралық бақылау және қадағалау бөлімінің функцияларын орындайды, сондай-ақ басқарманың апталық, айлық, тоқсандық және жылдық есептерін жинақтайды; құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады; мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді; Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйккес белгіленген тәртіпте өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарын сақтау бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асырады; жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді; екі немесе одан көп облыстар шегінде орналастырылған қауіпті өндірістік объектілерді, сондай-ақ «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте стратегиялық объектілерді қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттаманы қарайды және келіседі; белгіленген тәртіппен  қауіпті өндірістік объектілерді және қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алуды және есептен шығаруды жүзеге асырады және оларды есепке алу журналына тиісті жазбалар енгізеді; өнеркәсіптік қауіпсіздікті декларациялайтын заңды тұлғалар басшыларынан, сондай-ақ аталған заңды тұлғалардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары мүшелерінен білімін тексеруді жүзеге асырады; адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін ерекше жағдайларда, соттың шешімінсіз дербес кәсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланысты қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін, міндетті түрде көрсетілген мерзімде сотқа талап арыз тастай отырып, үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады немесе тыйым салады; мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, өз құзыреті шегінде қауіпті өндірістік объектідегі аварияны, авария салдарынан болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді; қауіпті өндірістік объектілерде оқу дабылдарына қатысады; жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың бақылау және қабылдау сынақтарын өткізу жөніндегі комиссияға қатысады; құзыреті шегінде өнеркәсіп салаларындағы біліктілік және/немесе рұқсаттама талаптарына өтініш берушілердің сәйкестігіне рұқсаттама бақылауын жүзеге асырады; қауіпті өндірістік объектілердің өндірістік ғимараттарын, технологиялық құрылыстары мен техникалық құрылғыларын, қауіпті техникалық құрылғыларды техникалық куәландырулардың уақтылы жүргізілуіне мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асырады; бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) тексеру нәтижелері туралы актіні және анықталған бұзушылықтар жою туралы нұсқаманы, объектінің қызметіне немесе қауіпті техникалық құрылғыларды тыйым салу не тоқтата тұру туралы актіні береді; бөлімнің құзыреті шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін әзірлеуге және талаптарға сәйкестігін тексеру жүргізу тәртібінің графигін қалыптастыруға қатысады;Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салалардағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары, тексеру парақтарының нысандарын әзірлеуге қатысады; құзыретті органдармен бірлесіп, жарылғыш заттарды жою жөніндегі комиссия құрамына қатысады; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыз-шағымдарын, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді сапалы және мерзімінде қарауды қамтамасыз ету; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі тау-кен жұмыстарының жоспарын келіседі; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын келіседі; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру учаскесіндегі (оның бір бөлігіндегі) операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен қатты пайдалы қазбаларды өндіру жер қойнауы учаскесін консервациялау жөніндегі комиссияға қатысады; «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен жер қойнауы кеңістігін пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі комиссияға қатысады; өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларындағы мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына мақалалар жариялайды; Документолог, Е-лицензиялау, Е-қызмет, ТСОБТ, ҚББТ және Оутлук жүйесімен, сондай-ақ басқа да жүйелермен жұмыс істей білу; Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Қызметтер (қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі); инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (геология және пайдалы қазбалар кен орындарын  барлау  және/немесе автоматтандыру және басқару және/немесе мұнай газ ісі және/немесе технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша) және/немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы және/немесе жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы және/немесе пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері және/немесе тау-кен ісі және/немесе органикалық заттардың химиялық технологиясы және/немесе бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы) саласының мамандықтары бойынша.

 

  1. Заң тобының бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері:

Сотта, еңбек даулары,  мемлекеттік сатып алу және басқа да даулар бойынша, сондай-ақ басқа ұйымдарда Департамент қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде Департамент мүдделерін белгіленген тәртіппен ұсыну; Департамент өткізетін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысу, конкурсттық құжаттаманың және рәсімдердің  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін тексеру және қажет болған жағдайда, мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша жасалған қаржылық шарттарға сараптама жүргізу; Заңнамада көзделген негіздемелер болған жағдайда, Департамент пайдасына шешілмеген сот актісіне барлық сот инстанцияларына шағымдану бойынша уақытылы шаралар қабылдау, сондай-ақ заңнамада белгіленген  тәртіппен қадағалау тәртібінде, құзыреті шегінде наразылық білдіру туралы қолдау хат жазып, прокуратура органдарына хат жазу; Талап қою жұмысының, сотта тиісінше іс қарауға әкелген негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында, Департаменттің қатысуымен болған даулар бойынша сот практикасының жай-күйіне талдау жасау және оларды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізу; Құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ басқа да құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу; Азаматтық қорғаныс басқармасының, кадр және тәрбие жұмысы басқармасының, төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының, төтенше жағдайларды жою басқармасының, жоспарлау және жедел басқару орталығының, имидждік жұмыс және сыртқы комуникациялар тобының, қорғалған байланыс тобының қызметтері саласындағы мәселелер бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және олардың топқа жолданған қызметтік құжаттарының заңдылығын қарап, келісу; Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу; Заңнамалық актілерде көзделген жағдайда, Департаменттің құзыретінде жататын құқықтық мәселелер бойынша түсіндірулер дайындау;  Топтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде жүйелі мәселелерді анықтауды және талдауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау жөніндегі жыл сайынғы іс-шараларды әзірлеу және іске асыру, топ құзыретіне кіретін құқықтық мәселелер бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқытуға қатысу және ұйымдастыру;  Топтың құқықтық жұмысы туралы есептерді дайындау; Департаменттің және қарамағындағы мемлекеттік мекемелерінің қызметінде заң бұзушылықтарды алдын алу мақсатында, департаментке келіп түскен прокурорлық әсер ету актілері, басқа да мемлекеттік органдарының бақылау актілері мен ұсынымдары, Қазақстан Республикасы соттарының жеке ұйғарымдары бойынша талдау жасау; моральдық және психологиялық климатын ұстау.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Бизнес, басқару және құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану және/немесе құқықтану) саласының мамандықтары бойынша.

 

  1. Құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді дамыту тобының бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік):

Функционалдық міндеттері: Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесін жасау (тоқсан сайын), сайтқа жариялануын қамтамасыз ету және жеке қабылдауды ұйымдастыру, хаттама дайындау; Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын «Е-otinish» ақпараттық жүйесіне уақтылы тіркеу және орындалуын бақылауға алу. Жолданымдар бойынша материалдар жинақтау; Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарының саны мен олардың қаралуы бойынша тоқсандық статистикалық есепті, 2ФГО нысаны бойынша айсайынғы есепті дайындау; Шымкент қаласы ТЖД және ауданыдық ТЖБ тіркелген жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарының өсуі бойынша ай сайынғы салыстыру актісін дайындау; Қолданыстағы «Е-otinish» ақпараттық жүйесінде тиісті құрылымдық бөлімше мамандарымен жүйеге жаңадан қабылданған  қызметкерлерді қосу, жұмыстан босатылған қызметкерлерді алып тастау, парольді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу; Шымкент қаласы ТЖД және аудандық ТЖБ жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қаралуы бойынша талдауды, ҚР ТЖМ және ТЖД хаттамаларының орындау жөнінде ақпарат дайындау; Топтың құзыреттілігі шегінде архив мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеуге қатысу; Туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы өзiне белгiлi болған сәтте өзiнiң тiкелей басшысын немесе Департамент басшылығын ол жөнінде жазбаша түрде хабардар етуге; ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Бизнес, басқару және құқық (құқықтану және/немесе экономика және/немесе есеп и аудит); ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық жүйелер және/немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету); педагогикалық ғылымдар (қазақ тілі мен әдебиеті); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету) саласының мамандықтары бойынша.

 

 

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

            2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

            3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

            "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

      "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

      Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

     Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

      1) Өтініш;

      2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша тиісті персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) құжаттар ұсынылған күнге дейін күнтізбелік отыз күн ішінде куәландырылған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

      Бұл ретте мемлекеттік қызметшілер "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды тапсыра алады.

           Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

            Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам тапсырылған құжаттарды Заңның 17-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн, сондай-ақ Заңның 16-бабында көзделген мемлекеттiк қызметке кiру шарттарына сәйкестігін қарап, конкурсқа қатысушыларды әңгімелесуге жiберу туралы шешiм қабылдайды.

            Конкурс қатысушылардың дәйексіз мәліметтерді ұсынуы оларды әңгімелесуге жіберуге бас тартуы үшін негіз болып табылады.

            Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Рұқсат алмаған конкурс қатысушылары персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешімі қабылдағаннан кейін бір жұмыс күн ішінде бұл туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

            Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

            Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік

лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

 

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

Мені ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

            "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

            Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

            Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын  транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

                                                                                                (иә/жоқ)

            Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

            Қоса берілген құжаттар:

            _________________________________________________________________________

            __________________________________________________________________________

            __________________________________________________________________________

            Мекенжайы: _______________________________________________________________

            Байланыс телефоны: ________________________________________________________

            e-maіl: ____________________________________________________________________

            ЖСН: ____________________________________________________________________

 

            _________           _______________________________________

                     (қолы)                                   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

 

"___"_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы

 

Нысан

 

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

 

___________________________________________________________

___________________________________________________________

тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

 

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

__________________________________________________________

___________________________________________________________

лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

___________________________________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі / индивидуальный

идентификационный номер)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)



3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы/
Семейное положение, наличие детей

 

4.

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

 

6.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

 

7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)



8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)



9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения









 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

_______________
күні/дата

           

 

 

Дата публикации
22 апреля 2025