Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарының қаралуы бойынша ақпарат

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде және оның қарамағындағы бөлімшелерде жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау тәртібі Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сай жүзеге асырылады.

2024 жылғы 12 айында жеке және заңды тұлғалардан барлығы 572 жолданым  келіп түсіп, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде тіркелген,  ол 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (473)      +17,3% -  ға көтерілгенін көрсетті.

Осы  жолданымдар келесі түрлерге бөлінді:

 

Өтініш түрлері

2023 ж. 12 ай

2024 ж. 12 ай

­Өсу/кему

Шағымдар

20

17

-15%

Өтініштер

303

380

+20,3%

Ұсыныстар

12

16  

+25%

Басқалар

(хабарлама,сұрау салу, үн қосу)

138

156

+11,5%

387 (3-қалдық)  жолданым қаралды, оның ішінде 133 әкімшілік рәсім тәртібімен, 202- оңайлатылған тәртіппен. 49 жолданым қараусыз қалдырылды.

Құзыреттілігі бойынша 185 (2023 ж.-168) жолданым бағытталды, оның ішінде жергілікті атқарушы органдарға 98 (2023ж. - 65), басқа орталық мемлекеттік органдарға – 55 (2023 ж.-54), аумақтық ведомстволарға -25(2023 ж.-42), ведомстволық бағынысты ұйымдарға – 6 (2023 ж.-4), басқа ұйымдарға-1(2023 ж. -3). 

Ішінара қайта бағытталған жолданымдар саны -159.

Департамент басшылығының азаматтарды жеке қабылдауы тұрақты түрде жүргізіледі. Департамент басшылығының азаматтарды жеке қабылдау кестесі тоқсан сайын түзіліп, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ресми сайтына орналастырылады.

Департамент басшылығымен 4 рет  (7 адам) азаматтарды жеке қабылдау өткізілді, оның ішінде 1 азаматтан ауызша жолданым қабылданып, шешім шығарылды. 3 жеке қабылдау  кезінде 6 азаматқа  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

 

Құжаттамалық қамтамасыз ету және

мемлекеттік тілді дамыту тобы

Дата публикации
28 марта 2025