Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау қызметкерлерінің бос лауазымдарына құжат қабылдау жүргізеді. Құжаттарды қабылдау мерзімі осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күн ішінде (14.01.2025-27.01.2025 ж. аралығы).
Құжат қабылдау орны: Шымкент қ. Нұрсәт тұрғын үй алабы, 4542 ғимарат,
электрондық адрес ok_dchs_shym@emer.kz
Бос лауазымдар: Ұйымдастыру және ақпараттық-аналитикалық жұмыс тобының бас маманы (C-SVO-7)–1 бірлік.
Лауазымдық нұсқаулықтары: Департаменттің қызметін үйлестіру және басқару шешімдерін әзірлеу, Министрлік, Департамент басшылығының тапсырмаларын, нұсқауларын іске асыру мақсатында талдамалық, ақпараттық, анықтамалық және өзге де материалдарды дайындау. Департамент бастығы жанындағы жедел және ақпараттық кеңестерді ұйымдастыру және өткізу. ТЖД аппараты қызметкерлерінің ел шегінде қызметтік іссапарларға шығуын ұйымдастыру. Жалақы мөлшері 209 362 теңгені құрайды.
Біліктілік талаптар: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары: Өрт қауіпсіздігі, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ісі, төтенше жағдайларда қорғау, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру, электр энергетикасы, жылу энергетикасы, радиотехника, электроника және телекоммуникация, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, механика, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, мұнай-газ ісі, заңтану және құқық. Отыз бес жастан аспаған, тиісті білімі бар және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери дайындықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
Құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулер:
Кандидат мынадай құжаттарды тапсырады:
1) Бос лауазымға орналасуға арналған іріктеуге қатысуға өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
3) білім туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ «Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №23626 болып тіркелген) 1-қосымшадағы Білім туралы құжаттарды тану қағидаларына сәйкес білім туралы құжаттарды тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар (наториалды куәландырылған);
4) Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда тестілеуден, оның ішінде жеке қасиеттерін бағалаудан өткен құжаты;
5) Жақын туыстарын, оның ішінде бұрынғы жұбайларын көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық өмірбаян;
6) әскери билет немесе тіркеу куәлігі;
7) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
8) 3х4 көлеміндегі түрлі-түсті фотосуреттер (6 дана);
9) кандидат пен оның жұбайының (зайыбының) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсынғанын растайтын құжаттар;
10) сауалнама;
11) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы.