Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бос лауазымға
(азаматтық қорғау органдарында) ішкі конкурс жариялайды.
Құжаттарды қабылдау мерзімі осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде (19.11.2024-25.11.2024ж. аралығы).
Құжат қабылдау орны: Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат тұрғын үй алабы,
ғимарат 45/42, электрондық адрес ok_dchs_shym@emer.kz, тел. 95-57-11
Бос лауазым: Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы (С-SVО-4) санаты бойынша – 1 бірлік.
Біліктілік талаптар: жоғары тұрған басшы лауазымдарға орналасу үшін кадр резервіне алынған қызметкерлер мен әскери қызметшілер.
1) құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде C-GP-6, C-OGP-6, C-RGP-3, C-AGP-7, C-KGP-4, C-OKGP-4, В-PK-6, В-PKО-5, C-SV-8, С-SVО-5, C-SVR-4, C-SVU-5, C-SN-6, С-SSP-5, C-SGU-8, С-FM-5 (аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкіл (анықтаушы)) санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе нақты құрылымдық бөлімшенің штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санатының лауазымында бір жылдан кем емес;
2) арнаулы мемлекеттік органдарда не әскери қызметте не судья лауазымында жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
3) мемлекеттік қызметте жұмыс өтілі алты жылдан кем емес;
4) осы санаттардағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес;
5) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Лауазымдық жалақысының мөлшесі (біліктілік сыныбын, лауазымдық жалақыға үстемеақыларды есепке алмағанда):
|
Санаты |
Лауазымдық жалақысы |
|
|
min |
max |
|
|
C-SVO-4 |
251474 |
339605 |
Конкурсқа қатысу үшін хабарлама жарияланған күнінен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей кандидат конкурс жариялаған АҚО-ның кадр қызметіне өтініш береді.
1) Өтінішке:
2) жұмыстағы негізгі көрсеткіштер мен шынайы жетістіктерді айқындайтын қызметтік жұмыстың нәтижелерімен бірге қызметтік мінездеме (еркін нысанда);
3) басшы құрам қатарынан қызметкерлердің ұсынымдары (еркін нысанда);
4) АҚО кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығын өткізетін қызмет растаған қызметкердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығының деңгейін жыл сайын қорытынды тексеру анықтамасы (еркін нысанда);
5) АҚО кадр қызметі басшысымен куәландырылған кадр резервіне қою туралы бұйрықтан үзінді (бар болған жағдайда) қоса беріледі.
Азаматтық қорғау органдарында жоғары
тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу
шарттары мен қағидаларына
1-қосымша
Нысан
____________________________
(Азаматтық қорғау органының) бастығына
_________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда))
Өтініш
Мені _______________________________ бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Азаматтық қорғау органдарында жоғары тұрған басшы лауазымдарға конкурс өткізу шарттарымен және тәртібімен таныстым, оларды орындауға келісемін. _________________________
____________(Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған дағдайда)) (қолы және күні)
Байланыс деректері:
Жұмыс және ұялы телефон номірі _________________________
Электрондық мекенжайы ________________________________
Тұрғылықты мекенжайы _________________________________
Жұмыс мекенжайы _____________________________________
20___ жылғы "____" ___________ .