Азаматтық қорғау органдарына кіру үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа қабылдау бойынша комиссия отырысы

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігі Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Республиканское государственное учреждение «Служба пожаротушения и аварийно-спастельных работ» Департамента по чрезвычайным ситуациям город Шымкент Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

 

 

ХАТТАМА

31.10.2024 ж.    

Шымкент қ.

 

 

ПРОТОКОЛ  

31.10.2024 г.

г.Шымкент

 

 

Азаматтық қорғау органдарына

кіру үшін алғашқы кәсіптік

даярлыққа қабылдау бойынша

комиссия отырысы

 

 

Комиссия төрағасы: Қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Азиз Саидкулович Саипов.

Комиссия мүшелері: Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті кадр және тәрбие жұмысы басқармасы жеке құрам бойынша инспекция тобының бас маманы азаматтық қорғау майоры Нуржігіт Ыбрайұлы Сейдуллаев, Қызметтің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау капитаны Нұрмұхамед Еркенұлы Бостанбек, Қызметтің күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Талгат Мадиевич Маткулов.

Бақылаушы: «Аманат» партиясының өкілі Бердіқұл Исаевич Тұяқбаев.

Хатшы: Қызметтің кадр және тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Нурсулу Ахметбековна Аскарбекова.

 

Күн тәртібі: Шымкент қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің радиотелефонист лауазымына орналасу үшін іріктеуге қатысатын кандидаттармен әңгімелесу өткізу.

Комиссия төрағасы, Қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Азиз Саидкулович Саипов күн тәртібімен таныстырып өтті. 2024 жылғы 29 қазанда дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді 7 (жеті) кандидат тапсырып, әңгімелесуге 7 (жеті) кандидат жіберілгендігін айтып өтті.

«Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 207 бұйрығына сәйкес кандидаттардың әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландыру, полиграфологиялық зерттеу, дене шынықтыру даярлығы нормативтерін тапсыру және біліктілік талаптарына сәйкес нәтижелерін іріктеу комиссиясы негізге алды.

Кандидаттардың дене шынықтыру даярлығы нормативтерін тапсыруына, бағалау парағына және кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштеріне, әңгімелесу нәтижелерінің және біліктілік талаптарының сәйкестігіне қарай отырып, іріктеу комиссиясы шешім қабылдады.

 

Қабылдау комиссиясы төмендегі шешімдерді қабылдады:

  1. Ең жоғарғы көрсеткіші бар төменде көрсетілген кестедегі кандидат алғашқы кәсіптік даярлықтан өту туралы:

 

№ р/с

Кандидаттардың аты-жөні

1.      

Жидонис Анастасия Александровна

 

  1. Іріктеу нәтижесі бойынша төменде көрсетілген кестедегі кандидаттарды деректер банкіне енгізу туралы:

 

№ р/с

Кандидаттардың аты-жөні

1.      

Карабай Өскен Турганбекұлы

2.      

Убайдуллаева Марьям Асқарқызы

3.      

Жораева Талшын Бақтыбайқызы

4.      

Есентай Бекжігіт Арыстанұлы

5.      

Азаматханов Бауыржан Мұсаханұлы

6.      

Нұрман Нұрбол Абдуалиұлы

 

 

 

Комиссия төрағасы:                                                               А. Саипов

 

 

Комиссия мүшелері:                                                          Н. Сейдуллаев

 

                                                                                             Н. Бостанбек

                                                                                             

 Т. Маткулов

                                                                                             

           Хатшы:                                                                                     Н. Аскарбекова   

 

 

 

Дата публикации
01 ноября 2024