М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсуге ынта білдірген тұлғалар, тұрғылықты мекенжайы бойынша аумақтық Төтенше жағдайлар департаменттерінің және «ӨСжәнеАҚЖҚ» РММ кадр бөлімдеріне өтініш береді. Мекенжайы: Шымкент қаласы, Нұрсат ш/а, Назарбаев даңғылы 151. Сонымен қатар барлық мәліметті www.agz.edu.kz сайтынан біле алады.
М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу шарттары туралы қысқаша мәлімет.
ҚР ТЖМ АҚА қабылдау және іріктеу Ережесіне сәйкес
Академияға қабылдау медициналық, дене шынықтыру жəне психофизологиялық көрсеткіштері бойынша іріктеу қорытындыларын ескере отырып, ҰБТ қорытындылары бойынша сертификат балдарына сəйкес конкурс бойынша жүргізіледі. Бейінді пəндер: математика, физика. Курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады. Курсанттар барлық оқу кезеңіне киім-кешекпен, тамақтану жəне мемлекеттік шəкіртақымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар каникулярлық демалыс кезіндегі жол ақысы төленеді. Академияның күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген, 4 жыл оқыған тұлғалардың білім алу уақыты əскери қызметті өтеу уақытына теңеледі.
Үкіметаралық келісімдер шеңберінде Академияның курсантын Ресей ТЖМ шетелдік бейінді жоғары оқу орындарына (Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясы, Азаматтық қорғау академиясы, Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің Санкт-Петербург университеті) және Беларусь Республикасына (Азаматтық қорғау университеті) іріктеуді ұйымдастыру, қабылдау және жіберуді қамтамасыз етеді.