Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
С-О-5 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары
|
Санаты |
Еңбек сінірген жылдарына байланысты |
|
|
min |
maх |
|
|
С-О-5 |
206734 |
245028 |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті, индекс 160024, Шымкент қ., Темірлан тас жолы, №18 үй, тел./факс 44-94-54, электрондық пошта: ok_dchs_uko@emer.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері:
Республикалық және жергілікті бюджет есебінен алынған активтер түсуін және олардың ішкі орын алмастыру тізім есебін 1С бухгалтерия жүйесі арқылы уақытылы қамтамасыз ету. 1С бухгалтерия жүйесі бойынша негізгі активтердің есеп шоттары бойынша есебін қамтамасыз ету. Департаментте және аудандық басқармаларда бағалы тауар-материалдық құндылықтарды, бланк өнімдерін және кредиторлық және дебиторлық берешектерді түгендеу және тексеру жүргізу. Материалдық–жауапты адамдармен толық материалдық жауаптылық туралы шарт жасау. Құжаттарды уақытылы және дұрыс рәсімделуіне, операциялардың заңдылығына алдын-ала бақылау жасау. Жергілікті бюджет бойынша жоспарлауды, бухгалтерлік және қаржылық есеп-қисаптарды белгіленген мерзімде дайындап Әкімдікке ұсыну. Департаменттің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы нормативтері мен бюджеттік бағдарламаларына сәйкес алдағы жылдарға арналған жергілікті бюджет бойынша бюджеттік өтінімдерді жасау және Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тапсыру. Қаржыландыру жоспарын орындау процессінде кездесетін заңды және жеке тұлғалармен есеп айрылысуларды уақытылы жүргізу. Активтердің, тауар материалдық құндылықтардың сақталуына және пайдалануына бақылау жасау. Жергілікті бюджеттен алынған активтердің, тауар материалдық құндылықтардың есебін жүргізу. Жергілікті бюджеттің дербес қаржыландыру жоспарларына сәйкес берілген рұқсаттар шеңберінде қабылданатын міндеттерді қадағалау. Жергілікті бюджеттің дербес қаржыландыру жоспарларына жыл барысында өзгертулер мен толықтырулар еңгізу және есептеу.. Қазынашылық органдармен өзара іс-қимыл жұмыс істеу,1082 шоты бойынша құжаттарды қабылдау, жөнелту және өндеу. Материалдық жауапты тұлғаның келісімшарттарын, № 9 мемориалдық ордерлердің құжаттарын жүргізу және статистика департаментіне 11-үлгі бойынша есебін тапсыру. Есептілікті тапсырудың Бірыңғай жүйесі (ЕТБЖ) толтыру және өзектендіру бойынша жауапты. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтау.Туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы өзiне белгiлi болған сәтте өзiнiң тiкелей басшысын немесе Департамент басшылығын ол жөнінде жазбаша түрде хабардар етуге. Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша хаттарды, азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика) саласындағы мамандықтары бойынша.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1)Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының нотариат куәландырған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықаралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;