Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті эвакуация бойынша келесі ақпаратты ұсынады.
Ерекше кезеңде, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда қала тұрғындарын эвакуациялау қажеттілігі туындаған кезде қала әкімдігінің қаулысына сәйкес білім беру ұйымдары мен объектілерде 123 эвакуациялияқ-жинау пункттері құрылды. («Шымкент қаласының эвакуациялық пункттерінің әкімшілігі және олардың орналасқан мекенжайлары туралы» 2019 жылғы 26 ақпандағы № 179).
Департамент тарапынан эвакуациялық-жинау пункттерінің мекенжайлары 2 GIS мобильді қосымшаға енгізілді.
Нәтижесінде сіз қала картасында сізге жақын орналасқан эвакуациялық-жинау пункттерінің мекенжайын көре аласыз.