Бос лауазымға орналасу үшін кандидаттармен әңгімелесу

Азаматтық қорғау органдарына

кіру үшін алғашқы кәсіптік

даярлыққа іріктеу бойынша

комиссия отырысы

 

 

Комиссия төрағасы: Қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Серик Рахматуллаевич Шойманов.

Комиссия мүшелері: Қызметтің кадр саясаты бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Алмас Нұрмаханбетуллаұлы Көзжан, Қызметтің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Жаниби Кадирбаевич Махаев, Қызметтің заң тобының заң - консультанты Наргиза Адиловна Абдиева, Қызметтің № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары азаматтық қорғау капитаны Бахитжан Маусымбекович Кулумбаев

 

Бақылаушы: «Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дүйсенбек Жорабекұлы Битанов.

 

Хатшы: Қызметтің кадр саясаты бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау майоры Жомарт Пиралиулы Омаров.

 

Күн тәртібі: Шымкент қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкері лауазымына орналасу үшін іріктеуге қатысатын кандидаттармен әңгімелесу өткізу.

 

Комиссия төрағасы, Қызмет бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Серик Рахматуллаевич Шойманов күн тәртібімен таныстырып өтті. 2023 жылғы 20 наурызда дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді 4 (төрт) кандидат тапсырып, әңгімелесуге 3 (үш) кандидат жіберілгендігін айтып өтті.

«Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 15 қарашадағы № 207 бұйрығына сәйкес кандидаттардың әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландыру, полиграфологиялық зерттеу, дене шынықтыру даярлығы нормативтерін тапсыру және біліктілік талаптарына сәйкес нәтижелерін іріктеу комиссиясы негізге алды.

Кандидаттардың дене шынықтыру даярлығы нормативтерін тапсыруына, бағалау парағына және кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштеріне, әңгімелесу нәтижелерінің және біліктілік талаптарының сәйкестігіне қарай отырып, іріктеу комиссиясы шешім қабылдады.

Іріктеу комиссиясы ең жоғарғы көрсеткіші бар Абылай Жәділбайұлы Жәділбаевты және Нұрғазы Тұрарұлы Құрышбековті алғашқы кәсіптік даярлауға жіберу туралы шешім қабылдады.  

 

 Комиссия төрағасы:                                                              С. Шойманов

 Комиссия мүшелері:                                                            А. Көзжан                                                                                                                                                                                 Ж. Махаев

                                                                                                      Н. Абдиева

                                                                                                      Б. Кулумбаев

 

Хатшы:                                                                                      Ж. Омаров

Бос лауазымға орналасу үшін кандидаттармен әңгімелесу
Дата публикации
27 марта 2023