Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 6 наурыздағы
№190 бұйрығына , Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы
30 қазандағы № 758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 31 бірлескен бұйрықтарына сәйкес, 2023 жылдың
І жартыжылдығына арналған азаматтық қорғаныс саласында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау Шымкент қаласы бойынша тексерулерге жататын 5 бақылаудағы субъектілер енгізілді, оның ішінде:
- 1. Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппараты, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты және Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімі аппараты – азаматтық қорғаныс бойынша қалалық азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар. Тізімге қосуға негіз – 2022 жылға АҚ іс-шараларының орындалуы туралы есеп ұсынбаған.
- «Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі және Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппараты – азаматтық қорғаныс бойынша қалалық азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар. Тізімге қосуға негіз – 2022 жылға АҚ іс-шараларының орындалуы туралы есепке жүргізілген талдау мен бағалау нәтижелеріне сәйкес, іріктелінді. Осыған байланысты, Азаматтық қорғаныс саласындағы өрескел дәрежедегі бір орындалмаған талабы
100 көрсеткішке теңеледі.