Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
С-О-5 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары
|
Санаты |
Еңбек сінірген жылдарына байланысты |
|
|
min |
maх |
|
|
С-О-5 |
161809 |
199226 |
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті, индекс 160024, Шымкент қ., Темірлан тас жолы, №18 үй, тел./факс 44-94-54, электрондық пошта: ok_dchs_uko@emer.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері:
Департамент басшылығы қол қоятын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі негізгі және туынды құқықтық, басқару актілері мен құжаттар жобаларының мәтіндерін түпнұсқалығына редакциялауды қамтамасыз ету; Департамент немесе өзге де мемлекеттік органдар, өткізетін мемлекеттік тілдің қолданылу саласында әртүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне және Департаменттің қарамағындағы бөлімшелеріне мемлекеттік тілге аудару және құжаттың түпнұсқалығы мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету; Департаменттің жеке құрамын мемлекеттік тілге оқыту курстарын, «ҚАЗТЕСТ» бағдарламасы бойынша тестілеуді ұйымдастыру және Департаменттің қарамағындағы бөлімшелеріне осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіру, тыңдаушылардың оқу жылының қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді білуіне сынақ тапсыруын қамтамасыз ету; Мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша есептерді дайындау; Департаменттің интернет –ресурсында «Департамент басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі» бөлімін өзектендіру; Құрылымдық және департаменттің қарамағындағы бөлімшелеріне мемлекеттік тілді бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету;
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарды сақтау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, гуманитарлық ғылымдар, білім, техникалық ғылымдар және технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, қызмет көрсету, әскери іс және қауіпсіздік ғылымдары саласындағы мамандықтары бойынша.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;