ТЖК №6 хаттамасы

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары - төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары М.Айманбетовтің төрағалығымен өткен кезектен тыс отырыстың

№6 хаттамасы

 

30 маусым 2021 жыл                                                               Шымкент қаласы

 

Төрағалық еткен: Шымкент қаласы әкімінің орынбасары - төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Айманбетов Мәулен Зарлықұлы.

         Қатысушылар: тізім бойынша.

 

  1. Шатырлардың қатты желден қирауы бойынша берілген тапсырмалар:

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына (Ғ.Утенбаев):

  1. Жаңа және күрделі жөнделетін ғимараттар мен құрылыстардағы құрылыс жұмыстарының сапасына бақылау күшейтілсін.

Орындалу мерзімі:үнемі түрде.

  1. Жаңа және күрделі жөндеуден өткен ғимараттар мен құрылыстардағы қатты желден қираған әр оқиғасы бойынша комиссиялық тексерулер жүргізілсін. Кінәлі тұлғалар анықталған кезде жауапкершілікке тарту шаралары қолданылсын.

Орындалу мерзімі:тұрақты.

  1. Ағаштардың қатты желден құлауы бойынша берілген тапсырмалар:

Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылыды дамыту басқармасына (Б.Булатбеков), «Оңтүстік жарық» ЖШС-на:

  1. Қала аумағындағы талдарды күтіп ұстау жұмыстары (ескірген талдырды кесу және бұтақтарды қырқу) жүргізілсін.

Орындалу мерзімі: үнемі түрде

  1. Электр желілері үзілген кезде шұғыл түрде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілсін.

Орындалу мерзімі: электр желілері үзілген кезде

  1. Жергілікті тұрғындарға ақпарат құралдары арқылы электр желілері істен шыққан кезде көмек көрсететін қызметтердің телефондары жариялансын.

Орындалу мерзімі: 3-күндік мерзім ішінде

 

  1. Қала аумағындағы өртке қарсы пирстер ретке келтіруге қатысты тапсырмалар:

Шымкент қаласының Еңбекші ауданының әкімі (Ғ. Ильясов), Абай ауданының әкімі (Б.Парманов), Әл-Фараби ауданының әкімі
(Р.Мыңбаев), Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылыды дамыту басқармасына (Б. Булатбеков) заң талаптарына сәйкес:

  1. Қала аумағындағы өртке қарсы пирстер ретке келтірілсін. Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне ақпарат ұсынылсын.

Орындалу мерзімі: 15 шілде.

 

  1. Ұлттық санақ аясында қала халқына өрт қауіпсіздігі қағидаларын жеткізу бойынша берілген тапсырмалар:

Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментіне (Е. Құлтаев), заң талаптарына сәйкес:

  1. Ұлттық санақты іске асыратын қызметкерлер тарапынан қала халқы арасында санақ жүргізу барысында өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау тақырыптарындағы түбіртектері таратылсын.

Орындалу мерзімі:ұлттық санақ аяқталғанша.

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне
(М. Жаксибаев)

  1. Ұлттық санақты іске асыратын қызметкерлерді өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау тақырыптарындағы түбіртектермен қамтамасыз етілсін.

Орындалу мерзімі: 2021 ж.

  1. Қала аумағында «құтыру», «Конго-Қырым геморрогиялық қызбасы», «бруцеллез», «сібір жарасы» аурулары бойынша берілген тапсырмалар:

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы (Б.Позилов), Шымкент қаласының санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті (А. Төлебаев), Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы (А. Қаныбеков) заң талаптарына сәйкес:

  1. Қала аумағында құтыру, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, бруцеллез және сібір жарасы ауруының ықтимал жағдайларының алдын-алу мақсатында тиісті іс-шаралар қабылдасын. Атқарылған іс-шаралар туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне ақпарат ұсынылсын.

Орындалу мерзімі: тұрақты түрде.

Шымкент қаласының білім басқармасына (Ж. Тажиева):

  1. Қала аумағында жас балалардың жазғы демалыс кезінде, үй жағдайында және лагерьлерде кене шағуын алдын алу мақсатында балалар мен ата-аналарға ауқымды түрде қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізілсін. Атқарылған іс-шаралар туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне ақпарат ұсынылсын.

Орындалу мерзімі: жаз маусымында әр айдың 25-не дейін.

 

Хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы ақпараттар көрсетілген мерзімде Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне ұсынылсын.

 

 

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары–

төтенше жағдайлардың алдын алу

және оларды жою жөніндегі

комиссия төрағасының орынбасары                              М.Айманбетов

 

Хатшы: Е.Алагозов

тел.99-71-51

ТЖК №6 хаттамасы
Дата публикации
09 июля 2021