Шымкент қаласы әкімінің орынбасары - төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары М.Айманбетовтың төрағалығымен өткен кезекті отырысының
№5 хаттамасы
16 сәуір 2021 жыл Шымкент қаласы
Төрағалық еткен: Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айманбетов Мәулен Зарлықұлы.
1.1. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері (Б.Парманов, Р.Мыңбаев, Ғ.Ильясов, А.Әлімқұлов), Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (А.Татыбаев), Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (М.Жаксибаев-к.б.), заң талаптарына сәйкес:
тиісті құзырлы органдармен бірлесіп, «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №34 бұйрығына сәйкес, су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм және спортқа арналған орындарынатүгендеу жұмыстары жүргізілсін.
Орындалу мерзімі: 30.05.2021 жылғы дейін.
1.2. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері (Б.Парманов, Р.Мыңбаев, Ғ.Ильясов, А.Әлімқұлов) мен Шымкент қаласының туризм басқармасы (О.Шынтаев), заң талаптарына сәйкес:
қала аумағында орналасқан жазғы шомылу орындары мен аквопарктерде жағдайы төмен қамтамасыз етілген отбасылардың балаларын тегін шомылдыру үшін (айына 2 рет), кәсіпкерлермен меморандум, келісім әзірленсін.
Орындалу мерзімі:20.05.2021 жылғы дейін.
1.3. Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы (Б.Тұманбаев) және Шымкент қаласының білім басқармасы (Ж.Тажиева) заң талаптарына сәйкес:
қала аумағында орналасқан жағажайлар мен бассейіндерде балаларды бастапқы жүзу дағдыларына оқыту ұйымдастырылсын.
Орындалу мерзімі: шомылу маусымын аяқталғанға дейн, әр ай сайын 25-не дейін мәлімет.
1.4. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы (М.Манатбекұлы), заң талаптарына сәйкес:
1.4.1. Су айдындарында адамдардың суға бату оқиғаларды алдын алу және болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, брифингтер өткізу, теле және радио бағдарламаларда сөз сөйлеулер, оқыту орындарында әңгімелесулер мен лекциялар өткізуді, интернет ресурстарында, ЛЕД-экрандарда, жарнама, жаднама орындарында, билбордтар мен насихат жарнамалары көбейтілсін.
Орындалу мерзімі: шомылу маусымын аяқталғанға дейн, айсайын 25-не дейін мәлімет.
1.4.2. Су объектілерінде заңнамада белгіленген тәртіпен әдістемелік құралдар мен плакаттардың, жаднамалардың, ескертпелердің, арнайы тыйым салу белгілерінің шығарылуы қамтамасыз етілсін;
Орындалу мерзімі:20.05.2021 жылғы дейін.
1.5.Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы (Б.Позилов), заң талаптарына сәйкес:
суда зардап шеккендерге жедел медициналық көмек уақытылы көрсетілсін.
Орындалу мерзімі:20.05.2021 жылғы дейін.
1.6. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы (М.Манатбекұлы) және Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (М.Жаксибаев-к.б.), заң талаптарына сәйкес:
волонтерлік ұйымдарды, оның ішінде суда адамдардың қаза болуын болдырмау бойынша профилактикалық жұмыстар (флешмобтар, акциялар өткізу, үгіт-насихат өнімдерін тарату т.б.) өткізу үшін «Жас Отан» Жастар қанаты, «Жастар» ресурстар орталығы тартылсын.
Орындалу мерзімі: шомылу маусымын аяқталғанға дейн, әр сайын 25-не дейін мәлімет.
Судағы қауіпсіздік талаптары бойынша бейнероликтер әзірленіп, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы көрсету ұйымдастырылсын.
Орындалу мерзімі: тұрақты, шомылу маусымы кезеңінде.
1.7. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері (Б.Парманов, Р.Мыңбаев, Ғ.Ильясов, А.Әлімқұлов), Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (М.Жаксибаев-к.б.), Шымкент қаласының Полиция департаменті (Е.Жұмаханбетов-к.б.), заң талаптарына сәйкес:
елді мекендерде (ауылдар, ауылдық мекендерге) бірлесіп халыққа қауіпсіздік қағидаларын түсіндіру бойынша рейдттер ұйымдастыру, су айдындарындағы негізгі қауіпсіздік шараларын жеткізу, сондай-ақ жасанды суғару жүйелері мен арналарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету (қоршаулар орнату) бойынша шаралар қабылдауды, су айдындарында, жағалауларда балалардың үлкендердің қарауынсыз қалдырмау бойынша патрульдеулер жүргізілсін.
Орындалу мерзімі: шомылу маусымын аяқталғанға дейн, әр сайын 25-не дейін мәлімет.
1.8. Шымкент қаласының Полиция департаменті (Е.Жұмаханбетов- к.б.), заң талаптарына сәйкес:
1.8.1. Су айдындарға, жағалауларға патрульдеулер жүргізу барысында үлкендердің қарауынсыз балалардың су айдындары маңында болдырмаудыұдайы бақыласын, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 583-бабы аясында әкімшілік шара көру бойынша су айдындарына патрульдеу
жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруды, елді мекендерде жүргізілген рейдттер кезінде халыққа судағы негізгі қауіпсіздік шараларын түсіндіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырылсын;
1.8.2. Демалушылардың қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс қағидаларын бұзуға жол бермеу үшін Ішкі істер органдарының жол-патрульдік полициясымен демалыс және мереке күндері кезекшілігін ұйымдастыру, сондай-ақ, су айдындарындағы көпшілік демалатын орындарда үнемі рейдтер жүргізілсін;
1.8.3. Су айдындарына іргелес орналасқан адамдардың суға шомылатын орындарында «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 440-бабына («Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу»), сондай–ақ «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 364-бабын («Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу») әкімшілік практиканы қолдану бойынша халықтың арасында жұмыстар жүргізілсін.
Орындалу мерзімі: шомылу маусымын аяқталғанға дейн, әр сайын 25-не дейін мәлімет.
1.9. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері(Б.Парманов, Р.Мыңбаев, Ғ.Ильясов, А.Әлімқұлов,)заң талаптарына сәйкес:
қаланың аумағындағы су айдындарында шомылуға тыйым салу және ескерту белгілерін орнатсын.
Орындалу мерзімі:20.05.2021 жылғы дейін.
1.10. Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық департаменті (Ә.Тулебаев), заң талаптарына сәйкес:
Шымкент қаласының аумағындағы су қоймалары мен жағажайларының санитарлық нормалар мен ережелеріне сәйкестігі бойынша жай-күйіне зерттеу жүргізсін.
Орындалу мерзімі: шомылу маусымын аяқталғанға дейін, әр сайын 25-не дейін мәлімет.
1.11. Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (А.Татыбаев) қолданыстағы заңнамаға сәйкес:
1.11.1. «Шымкент қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысын бекітсін.
Орындалу мерзімі:10.05.2021 жылғы дейін.
1.12. Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (А.Татыбаев) қолданыстағы заңнамаға сәйкес:
1.12.1. «Шымкент қаласында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2019 жылғы
29 наурыздағы шешіміне шомылуға тыйым салынған жерлер бойынша өзгерістер енгізуге ұсыныс енгізілсін.
Орындалу мерзімі:20.05.2021 жылғы дейін.
2.1. Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (Е.Жолдасов), Шымкент қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (А.Татыбаев), Шымкент қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы (А.Қаныбеков), Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы (М.Манатбекұлы), Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері (Б.Парманов, Р.Мыңбаев, Ғ.Ильясов, А.Әліқұлов), заң талаптарына сәйкес:
2.1.1. Орман, дала және егістік алқаптарында, сондай-ақ автомобиль жолдарының бойларында кемінде ені 4 метр етіп, 2 кезеңмен өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізілсін.
Орындау мерзімі: 1 кезең 2021 жылғы 30 сәуіргежәне 2 кезең 2021 жылғы 15 шілдеге дейін.
2.1.2. Қаланың негізгі кіретін жолдарына орман және дала өрттерін алдын алу бойынша өрт қауіпсіздігін сақтау туралы ескертпе билбордтары орнатылсын.
Орындау мерзімі: 2021 жылғы 10 мамырға дейін.
2.2. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері (Б.Парманов, Р.Мыңбаев, Ғ.Ильясов, А.Әліқұлов), заң талаптарына сәйкес:
2.2.1. Дала өрттерін сөндіру үшін бейімделген техникасымен бірге жергілікті тұрғындардың арасында ерікті өрт сөндіру құрылымдары құрылсын;
2.2.2. Дала өрттері жиі орын алатын жерлерге соқасы бар трактормен бірге су тасығыш техникасының кезекшілігін ұйымдастырылсын;
2.2.3.Егістік алқаптарының көлемін және шаруа қожалықтарының тізімін анықтап, оларға өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.
Орындау мерзімі: 2021 жылғы 30 сәуірге дейін.
2.3. Шымкент қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (А.Татыбаев), заң талаптарына сәйкес:
2.3.1.Күштер мен құралдарды жұмылдыра отырып, мүдделі органдар мен ұйымдардың қатысуымен созылмалы табиғи өрттерді сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілсін.
Орындау мерзімі: 2021 жылғы 30 сәуірге дейін.
2.3.2. Өрт қауіпті жерлерге бақылау мұнаралары орнатылсын;
2.3.3.Қажетті су мөлшерін алу үшін өртке қарсы сумен жабдықтайтын табиғи және жасанды су көздеріне баратын жолдарды тиісті жағдайға келтірілсін;
2.3.4. Демалушылар арасында орман өрттерінің алдын алу туралы үгіт-насихат жүргізу бойынша жұмыстары ұйымдастырылсын;
2.3.5. Аймақтарда қураған шөптер мен бұтақтардан тазарту іс-шараларының орындалуы ұйымдастырылсын.
Орындау мерзімі: өрт қауіпті кезең аяқталғанға дейін.
2.4. Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы (М.Манатбекұлы), заң талаптарына сәйкес:
2.4.1. Теледидар, радио және баспа арқылы сондай-ақ, интернет ресурстарын пайдалана отырып, бұқаралық ақпарат құралдарына үгіт-насихат жұмыстарын кеңінен жүргізілсін.
Орындау мерзімі:өрт қауіпті кезең аяқталғанға дейін.
Хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы ақпараттар көрсетілген мерзімде Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне ұсынылсын.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары–
төтенше жағдайлардың алдын алу
және оларды жою жөніндегі
комиссия төрағасының орынбасары М.Айманбетов
Хатшы:Е. Алагозов
тел.: 99-71-51