Шымкент қаласы әкімінің орынбасары - төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары М.Айманбетовтың төрағалығымен өткен кезекен тыс отырыстың
№4 хаттамасы
12 наурыз 2021 жыл Шымкент қаласы
Төрағалық еткен: Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айманбетов Мәулен Зарлықұлы.
1.1. Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы (Б.Булатбеков), «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС (А.Орман-к.б.), «Су құбыры және канализация басқармасы» МҚК (М.Альменов-к.б.), заң талаптарына сәйкес:
1.1.1. Шымкент қаласының аумағында орналасқан 926 жарамсыз
өрт гидранттарын жарамды жағдайға келтірілсін.
Орындау мерзімі: 30.05.2021 жылға дейін.
1.1.2. Шымкент қаласының аумағында су жүйесін кесіп тастаған
154 өрт гидранттарының орнына жаңадан су жүйесін тартып аталған өрт гидранттары жарамды жағдайға келтірілсін.
Орындау мерзімі: 30.04.2021 жылға дейін.
1.2.Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына (Е.Жолдасов), Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы (Б.Булатбеков), «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС (А.Орман-к.б.), «Су құбыры және канализация басқармасы» МҚК (М.Альменов-к.б.), заң талаптарына сәйкес:
Шымкент қаласының аумағында асфальт астында қалып қойған
161 өрт гидрантын ашып, жарамды жағдайға келтірілсін.
Орындау мерзімі: 12.04.2021 жылға дейін.
басқармасы» МҚК(М.Альменов), заң талаптарына сәйкес:
1.3.Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы(Б.Булатбеков), Еңбекші ауданының әкімі(Ғ.Ильясов), заң талаптарына сәйкес:
Еңбекші ауданындағы Бадам және Сайрам су өзендері бойларындағы жарамсыз 4 өртке қарсы пирстер жарамды жағдайға келтірілсін.
Орындау мерзімі: 12.04.2021 жылға дейін.
1.4. Шымкент қаласының қала орта сапасы және бақылау басқармасы (Г.Утенбаев), Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы м.а (Н.Егембердиев), Шымкент қаласының тұрғын-үй басқармасы (А.Балықбаев), Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері (Б.Парманов, Ғ.Мәуленқұлов, Ғ.Ильясов, А.Әлімқұлов):
Қала аумағындағы халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінің өрт қауіпсіздік жағдайға келтіру, оның ішінде газдалтауыш датчиктерін орнату бойынша бюджеттік өтінім берілсін.
Орындау мерзімі: 30.03.2021 жылға дейін.
1.5. Шымкент қаласының қала орта сапасы және бақылау басқармасы (Г.Утенбаев), Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері (Б.Парманов, Ғ.Мәуленқұлов, Ғ.Ильясов, А.Әлімқұлов), заң талаптарына сәйкес:
қала аумағындағы орталықтандырылған газ жүйесіне қосылмаған көп қабатты үйлерге газ баллон қолданбау үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілсін. Подьездерге арнайы белгілер орнатылсын. Газ баллон сататын мекемелерге үйлердің тізімін көрсете отырып, сатуға болмайтындығы туралы хат жолдансын.
Орындау мерзімі: 30.03.2021 жылға дейін.
1.6.Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері (Б.Парманов, Ғ.Мәуленқұлов, Ғ.Ильясов, А.Әлімқұлов) және «КазТрансГаз Аймақ» АҚ (Е.Ибраев-к.б.), заң талаптарына сәйкес:
1.6.1. Үйлердің және көшелердің төрайымдарымен жиналыс өткізіліп, тұрғындардың үйлеріндегі газ құрылғыларының ақаулықтарын «КазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметкерлері тексеретіні бойынша ескертіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілсін.
Орындау мерзімі: 30.03.2021 жылға дейін.
1.6.2. Мекеме қызметкерлері түбіртектер тарату кезінде үйлерге кіріп газ құрылғыларын және орталық газ тарату жүйесін тексерсін. Тексеру қорытындысы бойынша тұрғындарға ұсыныстар берілсін.
Орындау мерзімі: жылыту маусымы кезеңінде әр айдың 25 ақпарат.
1.7. Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы (М.Манатбекұлы), Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері (Б.Парманов, Ғ.Мәуленқұлов, Ғ.Ильясов, А.Әлімқұлов), «КазТрансГаз Аймақ» АҚ (Е.Ибраев-к.б.) және Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (М.Жаксибаев-к.б.), заң талаптарына сәйкес:
Қала тұрғындарын максималды түрде құлақдар ету мақсатында арнайы бейнероликтер, жадынама парақшалары, плакаттар, билбордтар әзірленсін. Жергілікті телеканалдарда бейнероликтер көрсетіліп, радиоларда сұхбаттар берілсін. Көше, үй аралау арқылы халыққа кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілсін. Әрбір көше және үй аралау кезінде жергілікті және республикалық телеарналарды тарта отырып, іс-шаралар үлкен ауқымда жүргізілсін.
Орындау мерзім: жылыту маусымы аяқталғанға дейін.
2.1. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері (Б.Парманов, Ғ.Мәуленқұлов, Ғ.Ильясов, А.Әлімқұлов), Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы (А.Қаныбеков), Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (Г.Ермекбаева), Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (М.Жаксибаев- к.б.), заң талаптарына сәйкес:
тиісті құзырлы органдармен бірлесіп, «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №34 бұйрығына сәйкес, су объектілерінде және су шаруашылығы құрылыстарында жаппай демалуға, туризм және спортқа арналған орындарына түгендеу жұмыстары жүргізілсін.
Орындалу мерзімі: 30.05.2021 жылғы дейін.
2.2. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері (Б.Парманов, Ғ.Мәуленқұлов, Ғ.Ильясов, А.Әлімқұлов) мен Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы (Б.Дуйсебеков),заң талаптарына сәйкес:
тарапынан аумақтарында орналасқан жазғы шомылу орындары мен аквопарктерде жағдайы төмен қамтамасыз етілген отбасылардың балаларын кемінде аптасына 1 рет тегін шомылдыру үшін, кәсіпкерлермен меморандум, келісім әзірленсін.
Орындалу мерзімі: 20.05.2021 жылғы дейін.
2.3. Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы (Б.Тұманбаев) және Шымкент қаласының білім басқармасы (Ж.Тажиева) заң талаптарына сәйкес:
қала аумағында орналасқан жағажайларда балаларды бастапқы жүзу дағдыларына оқытуды ұйымдастырылсын.
Орындалу мерзімі: шомылу маусымын аяқталғанға дейн, әр сайын 25-не дейін мәлімет.
2.4. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы (М.Манатбекұлы), заң талаптарына сәйкес:
2.4.1. су айдындарында адамдардың суға бату оқиғаларды алдын алу және болдырмау мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, брифингтер өткізу, теле және радио бағдарламаларда сөз сөйлеулер, оқыту орындарында әңгімелесулер мен лекциялар өткізуді, интернет ресурстарында, ЛЕД-экрандарда, жарнама, жаднама орындарында, билбордтар мен насихат жарнамалары көбейтілсін.
Орындалу мерзімі: шомылу маусымын аяқталғанға дейн, ай сайын 25-не дейін мәлімет.
2.4.2. су объектілерінде заңнамада белгіленген тәртіпен әдістемелік құралдар мен плакаттардың, жаднамалардың, ескертпелердің, арнайы тыйым салу белгілерінің шығарылуы қамтамасыз етілсін;
Орындалу мерзімі: 20.05.2021 жылғы дейін.
2.5. Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы (Б.Позилов), заң талаптарына сәйкес:
суда зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қалалық жағажайларда медициналық пункт құру және оның жұмыс істеуі қамтамасыз етілсін.
Орындалу мерзімі: 20.05.2021 жылғы дейін.
2.6. Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы (М.Манатбекұлы) және Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (М.Жаксибаев-к.б.), заң талаптарына сәйкес:
волонтерлік ұйымдарды, оның ішінде суда адамдардың қаза болуын болдырмау бойынша профилактикалық жұмыстар (флешмобтар, акциялар өткізу, үгіт-насихат өнімдерін тарату т.б.) өткізу үшін «Жас Отан» Жастар қанатын тартылсын.
Орындалу мерзімі: шомылу маусымын аяқталғанға дейн, әр сайын 25-не дейін мәлімет.
2.7. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері (Б.Парманов, Ғ.Мәуленқұлов, Ғ.Ильясов, А.Әлімқұлов), Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (М.Жаксибаев-к.б.), Шымкент қаласының Полиция департаменті (Е.Жұмаханбетов-к.б.), заң талаптарына сәйкес:
елді мекендерде (ауылдар, ауылдық мекендерге) бірлесіп халыққа қауіпсіздік қағидаларын түсіндіру бойынша рейдттер ұйымдастыру, су айдындарындағы негізгі қауіпсіздік шараларын жеткізу, сондай-ақ жасанды суғару жүйелері мен арналарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету (қоршаулар орнату) бойынша шаралар қабылдауды, су айдындарында, жағалауларда балалардың үлкендердің қарауынсыз қалдырмау бойынша патрульдеулер жүргізілсін.
Орындалу мерзімі: шомылу маусымын аяқталғанға дейн, әр сайын 25-не дейін мәлімет.
2.8. Шымкент қаласының Полиция департаментін (Е.Жұмаханбетов- к.б.), заң талаптарына сәйкес:
2.8.1. су айдындарға, жағалауларға патрульдеулер жүргізу барысында үлкендердің қарауынсыз балалардың су айдындары маңында болдырмауды ұдайы бақыласын, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 583 бабы аясында әкімшілік шара көру бойынша су айдындарына патрульдеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруды, елді мекендерде жүргізілген рейдттер кезінде халыққа судағы негізгі қауіпсіздік шараларын түсіндіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырылсын;
2.8.2. демалушылардың қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс қағидаларын бұзуға жол бермеу үшін Ішкі істер органдарының жол-патрульдік полициясымен демалыс және мереке күндері кезекшілігін ұйымдастыру, сондай-ақ, су айдындарындағы көпшілік демалатын орындарда үнемі рейдтер жүргізілсін;
2.8.3. су айдындарына іргелес орналасқан адамдардың суға шомылатын орындарында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 440-бабына («Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу»), сондай–ақ «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 364-бабын («Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу») әкімшілік практиканы қолдану бойынша халықтың арасында жұмыстар жүргізілсін.
Орындалу мерзімі: шомылу маусымын аяқталғанға дейн, әр сайын 25-не дейін мәлімет.
2.9. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері (Б.Парманов, Ғ.Мәуленқұлов, Ғ.Ильясов, А.Әлімқұлов,) заң талаптарына сәйкес:
Қаланың аумағындағы су айдындарында шомылуға тыйым салу және ескерту белгілерін орнатсын.
Орындалу мерзімі: 20.05.2021 жылғы дейін.
2.10. Шымкент қаласының санитарлық-эпидемиологиялық департаменті (Ә.Тулебаев), заң талаптарына сәйкес:
Шымкент қаласының аумағындағы су қоймалары мен жағажайларының санитарлық нормалар мен ережелеріне сәйкестігі бойынша жай-күйіне зерттеу жүргізсін.
Орындалу мерзімі: шомылу маусымын аяқталғанға дейін, әр сайын 25-не дейін мәлімет.
2.11. Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы (А.Қаныбеков) қолданыстағы заңнамаға сәйкес:
2.11.1. «Шымкент қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысы әзірленсін.
Орындалу мерзімі: 10.04.2021 жылғы дейін.
2.11.2. «Шымкент қаласында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Шымкент қалалық мәслихатының 2019 жылғы
29 наурыздағы шешіміне шомылуға тыйым салынған жерлер бойынша өзгерістер енгізілсін.
Орындалу мерзімі: 10.04.2021 жылғы дейін.
3.1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті (Б.Стамкулов к.б.), Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері (Б.Парманов, Ғ.Мәуленқұлов, Ғ.Ильясов, А.Әлімқұлов), Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы (Б.Дуйсебеков), Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (М.Жаксибаев- к.б.), Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы (А.Қаныбеков), заң талаптарына сәйкес:
Орындалу мерзімі: 05.04.2021 жылға дейін.
3.2. Шымкент қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы (А.Қаныбеков), Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері (Б.Парманов, Ғ.Мәуленқұлов, Ғ.Ильясов, А.Әлімқұлов), Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы (Б.Дуйсебеков),Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті (Б.Стамкулов- к.б.), заң талаптарына сәйкес:
Қала аумағында аммиак селитрасы қауіпсіз пайдалану
(сақтау, тасымалдау және т.б.) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 143 бұйрығына сәйкес «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» келтірілсін.
Орындалу мерзімі: түрақты, тоқсан сайын 25-не дейін мәлімет.
3.3. ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті (Б.Ә.Стамқұлов-к.б.), заң талаптарына сәйкес:
Аммиак селитрасы айналымындағы бақылау мәселелері бойынша құзыреттіліктерді анықтау туралы ұсыныстар дайындасын және ҚР ТЖМ жолдасын.
Орындау мерзімі: 25.03.2021 жылға дейін.
3.4. Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы (А.С.Қаныбеков), заң талаптарына сәйкес:
3.4.1. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі №302 «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» Заңының 8-2 бабына сәйкес, аммиак селитрасын ауылшаруашылығы саласында пайдалану кезінде қала аумағындағы айналымын, талаптарының сақталуына бақылау және қадағалауды, мониторинг жүргізуді, қоршаған орта үшін қатерін бағалауды және нұсқамалар беруді қамтамасыз етсін.
3.4.2 Аммиак селитрасын есепке алудың автоматтандырылған жүйесін енгізу мүмкіндігін қарастырсын.
Орындалу мерзімі: түрақты, тоқсан сайын 25-не дейін мәлімет.
3.5. Көлік комитетінің Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы (Е.Жолдасов-к.б.), Шымкент қаласы бойынша Полиция департаменті (Е.Жұмаханбетов-к.б.):
Инфрақұрылымдарға залал келтірмеу мақсатында республикалық және облыстық маңыздағы автожолдар бойында аммиак селитрасын тасымалдау қызметімен айналысатын кәсіпорындардың қауіпсіз тасымалдауын Қазақстан Республикасының Заңдарына («Теміржол көлігі туралы», «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы», «Автомобиль көлігі туралы») және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрықтарына (2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 «Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесін бекіту туралы», 2019 жылғы 2 тамыздағы № 612 «Темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы», 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 548 «Қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы») сәйкес жүзеге асырылуы бақылауға алынсын.
Орындалу мерзімі: түрақты, тоқсан сайын 25-не дейін мәлімет.
Теңгерімінде азаматтық қорғаныс объектілері бар ұйымдар мен кәсіпорын басшылары, Қала әкімі аппаратының құқық қорғау жүйесі бөлімі (С.Әбілхаиыров) – жинақтау, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (М.Жаксибаев- к.б.), заң талаптарына сәйкес:
Теңгерімінде азаматтық қорғаныс объектілеріне жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлу бойынша сұрақтар пысықталып, азаматтық қорғаныс объектілерін кезең-кезеңмен жөндеу-қалпына келтіру жоспарын бекіту үшін ұсыныстар дайындасын.
Орындалу мерзімі: 11.05.2021 жылға дейін.
Хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы ақпараттар көрсетілген мерзімде Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне ұсынылсын.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары–
төтенше жағдайлардың алдын алу
және оларды жою жөніндегі
комиссия төрағасының орынбасары М. Айманбетов
Хатшы:Қ.Багияров,
тел.99-71-51