ТЖК №3 хаттамасы

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары - төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары М.Айманбетовтың төрағалығымен өткен кезектен тыс отырыстың

№3 хаттамасы

 

05 наурыз  2021 жыл                                                                             Шымкент қаласы

 

Төрағалық еткен: Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айманбетов Мәулен Зарлықұлы.

Қатысушылар: тізім бойынша.

 

«Көктем-2021» атты Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу бойынша бойынша берілген тапсырмалар:

 

1.Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (М.Жаксибаев – к/б):

1.1. «Көктем-2021» атты Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу бойынша талдау мен шолу дайындап, есебі берілсін.  Кемшіліктер бойынша жұмыстар жүргізіліп, тиісті қызметтік хат жолдансын.

Орындау мерзімі: 15.03.2021 жылға дейін.

1.2. Табиғи немесе техногендік төтенше жағдайлар орын алғанда авариялық құтқару жұмыстарды атқару үшін кинологиялық қызметтің штаты, құтқарушылардың іздестіру құралдарымен (эхолоттармен, сканерлармен, тепловизерлермен) жабдықталуы ұсыныстармен бірге қайта қарастырылсын. Бюджеттік ұсыным берілсін.

Орындау мерзімі: табиғи немесе техногендік төтенше жағдайлар орын алған кезде.

1.3. Қала аумағындағы өзендер мен каналдар бойында су басу қауіпті аймақтарды анықтап, квадрокоптерлерді қолдана отырып, апта сайын зерделеу жұмыстары ұйымдастырылып жүргізілсін. Атқарылған жұмыстар туралы жазбаша баяндалсын.

Орындау мерзімі: 2021 жылы сәуір айына дейін.

  1. Азаматтық қорғау қызметтері, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері (Б.Парманов, Ғ.Мәуленқұлов, Ғ.Ильясов, А.Әлімқұлов), заң талаптарына сәйкес:

2.1. Алдағы уақытта өтетін республикалық оқу жаттығуларда Азаматтық қорғау қызметтері басшыларының орынбасарлары және аудан әкімдерінің орынбасарларынан төмен емес лауазымды тұлғалар міндетті түрде қатысуы қамтамасыз етілсін.

Орындалу мерзімі: тұрақты түрде.

2.2. Аудан аймақтарында нөсер жауын шашын кезінде су басуы мүмкін учаскелер зерделеніп, атқарылған жұмыстар туралы жазбаша баяндалсын.

Орындау мерзімі: 30.03.2021 жылға дейін.

  2.3. Аудан аумақтарындағы барлық каналдарды, арықтарды,  автожолдарға құбырдан салынған су өткелдерді, көпірлердің алдын  қоқыстардан тазалау жұмыстарын үнемі ұйымдастыру қажет.

  Орындау мерзімі: 30.03.2021 жылға дейін.

  1. Азаматтық қорғау қызметтері, заң талаптарына сәйкес:

3.1. Шымкент қаласының азаматтық қорғау қызметтерінің күштер мен құралдарының дайындығын тексеру тоқсанына бір рет ұйымдастырылсын, нәтижесі Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне ұсынылсын.

Орындалу мерзімі: жыл бойы, әр тоқсанның соңғы айының 25 дейін.

3.2. Азаматтық қорғау жоспарлары қайта қаралып, бекітіліп және Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне ұсынылсын.

  Орындау мерзімі: 01.05.2021 жылға дейін.

  1. Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (С.Ташимова), Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы (А.Қаныбеков), Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері (Б.Парманов, Ғ.Мәуленқұлов, Ғ.Ильясов, А.Әлімқұлов), заң талаптарына сәйкес:

    қала аумағындағы ірі, кіші каналдар, ирригациялық жүйелер мен су басу қауіпі бар жерлерге (Еңбекші ауданы Тұрсынбаев көшесі, Абай ауданы Ақтас тұрғын алабы, Қаратау ауданы Қайнарбұлақ тұрғын алабы және басқа да) келетін суларды қауіпсіз өткізу мақсатында тиісті жобалық мекемелермен зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жобалау-сметалық құжаттамаларын дайындауға және құрылыс жұмыстарына қажетті қаржы  бойынша 2021 жылға бюджеттік ұсыным берілсін.

Орындау мерзімі: 30.03.2021 жылға дейін.

  1. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері (Б.Парманов, Ғ.Мәуленқұлов, Ғ.Ильясов, А.Әлімқұлов), ЖШС «ЛТД Тұрмыс», ЖШС «Югдоросервис», ЖШС «Байтерек ЛБ», ЖШС «NURTAU service», ЖШС «Жасыл жер, заң талаптарына сәйкес:

5.1. Жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу мақсатында, авариялық бригадалардың тәулік бойы жұмысын күшейтіп және су тартатын арнайы техникаларды су басу мезгіліне дайындығы тексеріліп (техникасы, инертты материалдары, жанар-жағар майы, жол белгілері және т.б.), көбейту шарасы қолданылсын. Болуы мүмкін су тасқынына жұмылдырылатын инженерлік техникалардың есебі жасалсын. Халықтан түскен өтініштер бойынша инженерлік техникаларды бөлу мәселесі қаралсын.

Орындалу мерзімі: жыл бойы, әр тоқсанның соңғы айының 25 дейін

5.2. Қала аудандарының тұрғындарымен ирригациялық желілерді қоқыстан тазарту және тұрғындардың көше бойындағы арықтар мен лотоктарды өз беттерінше бекітіп тастаған жерлерін қайта қалпына келтіру қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілсін. Атқарылған жұмыстар туралы жазбаша баяндалсын.

Орындау мерзімі: тұрақты түрде.

  1. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалы, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ы, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ы, МКК «Қуат жылу орталық-3», заң талаптарына сәйкес:

6.1. Өздеріне тиесілі тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін (жарық, газ, су, жылу), коммуникациялар жүйелерін тұрақты түрде бақылауға алынып қадағалансын. Кемшіліктер анықталған жағдайда тиісті шаралар қолданылсын.

Орындау мерзімі: тұрақты.

6.2.Тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріндегі (жарық, газ, су, жылу) авариялық құтқару бригадалардың, техникалардың саны және қосалқы құрал-жабдықтың су тасқыны кезеңіне дайындығы тексерілсін. Анықтамалары Төтенше жағдайлар департаментіне жолдансын.

Орындау мерзімі: 21.03.2021 жылға дейін.

  1. ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ филиалы «Оңтүстік аймақтық пайдалану техникалық басқармасы», заң талаптарына сәйкес:

қала аумағын 2021 жылы селден, сырғымадан қорғау үшін атқарылатын жұмыстарға қызметтік хат жолдансын.

Орындау мерзімі: 21.03.2021 жылға дейін.

 

Хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы ақпараттар көрсетілген мерзімде Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне ұсынылсын.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары–

төтенше жағдайлардың алдын алу

және оларды жою жөніндегі

комиссия төрағасының орынбасары                           М.Айманбетов

 

 

 

 

 

Хатшы:Қ.Багияров,

тел.99-71-51

ТЖК №3 хаттамасы
Дата публикации
14 мая 2021