ТЖК №2 хаттамасы

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары - төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары М.Айманбетовтың төрағалығымен өткен кезекті отырыстың

№2 хаттамасы

 

29 қаңтар 2021 жыл                                                             Шымкент қаласы

 

Төрағалық еткен: Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айманбетов Мәулен Зарлықұлы.

         Қатысушылар: тізім бойынша.

 

  1. Шымкент қаласы аумағында су басудың алдын алу іс-шаралары, су тасқыны жағдайына дайындығы бойынша берілген тапсырмалар:
  2. 1. Шымкент қаласы әкімі аппаратының «Мамандандырылған база» коммуналдық мемелекеттік мекемесі (М.Батырбекова), Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (Р.Мулкеманов), Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына (А.Татыбаев), Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына (А.Қаныбеков), Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне (М.Жаксибаев), заң талаптарына сәйкес:

«2021-2023 жылдарға су тасқынына қарсы іс-шаралар» Жол картасындағы қала аумағындағыіс-шараларғажоба әзерленіп, ағымдағы жылдың
3 ақпанына дейінШымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылсын. Жол картасындағы тармақтардың орындалуы қатаң бақылауға алынып,тиісті жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі: 2021 жылы, әр тоқсан сайын 25-не дейін мәлімет.

1.2.Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері(Б.Парманов, Ғ.Мәуленқұлов, Ғ.Ильясов, А.Әлімқұлов),Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына (А.Татыбаев), Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына (А.Қаныбеков),Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне (М. Жаксибаев),заң талаптарына сәйкес:

қала аумағындағы ірі, кіші каналдар, ирригациялық жүйелер мен су басу қауіпі бар жерлерге (Еңбекші ауданы Тұрсынбаев көшесі, Абай ауданы Ақтас тұрғын алабы, Қаратау ауданы Қайнарбұлақ тұрғын алабы және басқа да) келетін суларды қауіпсіз өткізу мақсатында және судың ықтимал ағынына гидрологиялық есеп дайындап, тиісті жобалық мекемелермен зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жоспар әзірлеп, Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім тапсырып, тиісті жұмыстар жүргізілсін.

Орындау мерзімі: 03.02.2021 жылға дейін.

1.3. Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына(А.Татыбаев), Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына (А.Қаныбеков),Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері(Б.Парманов, Ғ.Мәуленқұлов, Ғ.Ильясов, А.Әлімқұлов), заң талаптарына сәйкес:

1.3.1. жауын-шашын кезіндегі су басудың алдын алу мақсатында, авариялық бригадалардың тәулік бойы жұмысы күшейтіліп және су сорғыш арнайы техниқаларды көбейту шарасы қолданылсын. Болуы мүмкін су тасқынына жұмылдырылатын инженерлік техникалардың есебі жасалсын. Аудандардан түскен өтініштер бойынша инженерлік техникаларды бөлу мәселесі қаралсын.

Орындау мерзімі: жауын-шашын кезінде.

1.3.2.қала аудандарының тұрғындарымен ирригациялық желілерді қоқыстан тазарту және тұрғындардың көше бойындағы арықтар мен лотоктарды өз беттерінше бекітіп тастаған жерлерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.

Орындау мерзімі: 2021 жылы, әр тоқсан сайын 25-не дейін мәлімет.

1.4.Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына(А.Татыбаев), Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына (А.Қаныбеков),Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына (Б.Ашірбеков),Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері(Б.Парманов, Ғ.Мәуленқұлов, Ғ.Ильясов, А.Әлімқұлов), заң талаптарына сәйкес:

қала аумағындағы өзендердің бойларында орналасқан құрылыстарды су қорғау аймағынан шығару жұмыстары жүргізілсін.

Орындау мерзімі: 2021 жылы, әр тоқсан сайын 25-не дейін мәлімет.

1.5. Шымкент қаласының құрлыс басқармасына (Е. Ахметов),Әл-Фараби және Еңбекші аудандарының әкімдері(Ғ.Мәуленқұлов, Ғ.Ильясов),Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына (А.Татыбаев), Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына (А.Қаныбеков),заң талаптарына сәйкес:

Бадам өзеніндегі судың өткізу қабілеті мен мүмкін болатын ең жоғары деңгейін ескере отырып, құзыретті органдармен бірлесіп жоба-сметалық құжаттар түзетіліп, қажет болған жағдайда қосымша шлюздер орнатылсын.Бадам өзенінің бойында аяқталмаған бетондау және абаттандыру жұмыстарды толығымен жүргізіп, жиналған лай мен өсімдіктерден тазартылсын.

Орындау мерзімі: 2021 жылы, әр тоқсан сайын 25-не дейін мәлімет.

1.6. Абай ауданының әкімі(Б.Парманов),Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына (А.Қаныбеков),Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына (А.Татыбаев),Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына (Б.Ашірбеков),заң талаптарына сәйкес:

«Ақжар» су қоймасына судың ықтимал ағынын гидрологиялық есептеп, тиістіжөндеу жұмыстарын жүргізіп, электр жарығымен қамтамасыз етіп, қоршау және халықты құлақтандыру қондырғыларын орнатып, гидротехник мамандары мен күзетшілердің кезекшілігін тәулік бойы жұмысы ұйымдастырылсын.

Орындау мерзімі: 01.03.2021 жылға дейін.

1.7. Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына (А.Қаныбеков),Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы(А.Татыбаев), Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы, заң талаптарына сәйкес:

қала аумағындағы Бадам және Сайрам-су өзендерінің абаттандыруын, бетондауын және тағы басқа тиісті жұмыстарды заң талаптарына сай қала бюджетінен қаржы бөлу үшін меншік иелері анықталсын. Анықталмаған жағдайда қала әкімі апаратына теңгіреміне алынсын.

Орындау мерзімі: 15.02.2021 жылға дейін.

1.8.Шымкент қаласының азаматтық қорғау қызметтерінің басшыларына:

қала аумағында болуы мүмкін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға тартылатын күштер мен құралдардайындыққа келтірілсін және орын алған төтенше жағдайлар аймақашұғыл түрде жетуі қамтамасыз етілсін.

Орындау мерзімі: үнемі.

1.9. Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне
(М. Жаксибаев), заң талаптарына сәйкес:

қала аумағында су тасқыны жағдайы күрделенген және басқа да төтенше жағдайлар орын алған кезде қала әкімінің2019 жылғы 23 желтоқсандағы №1035 Қаулысымен құрылған жоғары дайындықтағы шұғыл ден қою жиынтық жасағын жұмылдырсын.

Орындау мерзімі: төтенше жағдай туындаған кезде.

 

  1. Күн тәртібіндегі газ техникалық инспекциясы бөлімінің жұмысын ұйымдастыру бойынша тапсырмалар:

2.1. Шымкент қаласыныңқала орта сапасы және бақылау басқармасына (Ғ.Утенбаев),Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері(Б.Парманов, Ғ.Мәуленқұлов, Ғ.Ильясов, А.Әлімқұлов), заң талаптарына сәйкес:

аудан әкімдіктері тұрғындармен кездесулер өткізіп, үй немесе көше төрайымдарына (домкомы) қаламызда қазіргі таңда көптеген тұрғын үй ішіндегі газ құрылғыларына кызмет ететін мекемелер бар екенін және міндетті түрде
келісімшартқа отыру қажеттілігі айтылсын (Конкуренция мәселесін ескеріп, қазіргі уақытта қызмет көрсетіп жатқан20-30 мекемені 4 ауданға бөлу керек. Аудан әкімдіктерімен бірге жиындарға қатысып, өз коммерциялық ұсыныстарын беріп, келісімшарттар түзсе. Тағы бір ескерту: бір көппәтерлі үй келісімшартқа бір мекемемен отыру керек).

Орындау мерзімі: 01.03.2021 жылға дейін.

2.2.«КазТрансГазАймақ» АҚ ШӨФ(келісім бойынша),заң талаптарына сәйкес:

2.2.1. келісім шартқа отырмаған тұрғындардың үйлерін бірнеше ескертуден кейін орындамаған жағдайда, газ жүйесінен ажыратсын.

Орындау мерзімі:үнемі.

2.2.2.түбіртек тарату кезінде келісімшарт бар жоқтығын немесе келісімшарт бойынша атқарылған жұмыстарды анықтап, мәліметті Газ-техникалық инспекциясына ұсынсын.

Орындау мерзімі:үнемі.

2.3.Шымкент қаласыныңқала орта сапасы және бақылау басқармасына (Ғ.Утенбаев), заң талаптарына сәйкес:

әрбір улану фактілері бойынша Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасында құрылған Газ-техникалық инспекция қызметкерлері оқиға орына шығып, зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Қызмет көрсететін ұйымдар келісімшартта көрсетілген міндеттерін сапалы орындамағаны анықталған жағдайда, өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті аталған фирманың аккредитациясын тоқтатсын.

Орындау мерзімі:үнемі.

2.4. Шымкент қаласыныңқала орта сапасы және бақылау басқармасына (Ғ.Утенбаев), Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына (Б.Булатбеков),Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері(Б.Парманов, Ғ.Мәуленқұлов, Ғ.Ильясов, А.Әлімқұлов),Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне (М. Жаксибаев), «КазТрансГазАймақ» АҚ ШФ басшысы (келісім бойынша), заң талаптарына сәйкес:

жылу беру маусымында улы газдан адамдардың улануының алдын алу мақсатында және тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін сақтау жөніндегі үгіт-насихат жұмыстарын қажетті мекемелермен бірлесіп жұмыс топтары құрылып, тиісті жұмыстары ұйымдастырылып, жүргізілсін (плакаттар мен жаднамалар, билбордттар мен әлеуметтік бейнероликтер шығару, үй, аула, көше аралау, халықтармен жиындар мен кездесулер ұйымдастыру, телеарналары арқылы тікелей эфирде газ және жылыту қондырғыларды пайдалану ережелерін түсіндіру, газет беттеріне мақалалар жариялау, т.б.).

Орындау мерзімі: үнемі, ай сайын 25-не дейін, қыс маусымы аяқталғанша.

2.5. Шымкент қаласыныңқала орта сапасы және бақылау басқармасына (Ғ.Утенбаев), Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына (Б.Булатбеков),Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарының әкімдері(Б.Парманов, Ғ.Мәуленқұлов, Ғ.Ильясов, А.Әлімқұлов),«КазТрансГазАймақ» АҚ ШФ басшысы (келісім бойынша), заң талаптарына сәйкес:

2.5.1. «КазТрансГазАймақ» АҚ ШФ-мен бірлесіп көп қабатты тұрғын үйлерде қанша автономды жылыту бар екенін зерделеу, автономды жылыту орнатудың және техникалық шарттар берудің заңдылығына талдау жүргізсін.

Орындау мерзімі: 03.02.2021 жылға дейін.

2.5.2.орталық жылумен жабдықталмаған көп қабатты тұрғын үйлердің тізімін ұсыну және орталық жылумен жабдықтауға қосу бойынша ұсыныстар беру.

Орындау мерзімі: 03.02.2021 жылға дейін.

2.5.3. Шымкент қаласының аумағында табиғи газбен жабдықталмаған әр көпқабатты тұрғын үйлерге табиғи газ жүйесін жүргізу мүмкіндігі қарастырылсын (ауа желдеткіш, шахта).

Орындау мерзімі:03.02.2021жылға дейін.

Хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы ақпараттар көрсетілген мерзімде Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне ұсынылсын.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары–

төтенше жағдайлардың алдын алу

және оларды жою жөніндегі

комиссия төрағасының орынбасары           М.Айманбетов

 

 

 

Хатшы:Қ.Багияров,

тел.99-71-51

ТЖК №2 хаттамасы
Дата публикации
12 февраля 2021