Шымкент қаласының әкімі - төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия төрағасы М. Әйтеновтің төрағалығымен өткен кезектен тыс отырыстың
№1 хаттамасы
18 қаңтар 2021 жыл Шымкент қаласы
Төрағалық еткен: Шымкент қаласының әкіміӘйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы.
Қатысушылар: тізім бойынша.
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы М. Жаксибаевтың баянатын басшылыққа ала отырып, Шымкент қаласы аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және өзекті мәселелер бойынша берілген тапсырмалар:
«2021-2023 жылдарға су тасқынына қарсы іс-шаралар жол картасы» қалааумағында енгізілген іс-шараларына тиісті қаражаттар қарастырылып, орындалуы қатаң бақылауға алынсын.
Орындау мерзімі: 2021 жылы, әр тоқсан сайын 25-не дейін мәлімет.
Қала аумғындағы ірі, кіші каналдар, ирригациялық жүйелер мен су басу қауіпі бар жерлерге (Еңбекші ауданы Тұрсынбаев көшесі, Абай ауданы Ақтас тұрғын алабы, Қаратау ауданы Қайнарбұлақ тұрғын алабы және басқа да)келетін суларды қауіпсіз өткізумақсатында тиісті жобалық мекемелермен зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жоспар әзірлеп, ұсыныстар берілсін.
Орындау мерзімі: 15.02.2021 жылға дейін.
Бадам өзенінде Химфарм зауыты тұсындағы шлюздердің жаңбыр жауған кезде уақытылы ашылып жабылуы қамтамасыз етілсін. Бірнеше жылдар бойы жиналған лай тұнбалардан толығымен тазартылсын.
Орындау мерзімі: 2021 жылы, әр тоқсан сайын 25-не дейін мәлімет.
Қала аумағындағы өзендер мен каналдар бойында су басу қауіпті аймақтарды анықтап, квадрокоптерлерді қолдана отырып апта сайын тексеру жұмыстары ұйымдастырылып жүргізілсін.
Орындау мерзімі: 2021 жылы сәуір айына дейін.
Қала аумағындағы өзендерге, лотоктар мен каналдарға түгендеу жүргізіліп, су басу қауіпті аймақтарды анықтап, мәліметі Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына ұсынылсын.
Орындалу мерзімі: 15.02.2021 жылға дейін.
Бадам өзенінің бойында аяқталмаған жұмыстарына қаржы қарастырып, толығымен( жүргізілсін.
Орындау мерзімі: 2021 жылы, әр тоқсан сайын 25-не дейін мәлімет.
Хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы ақпараттар көрсетілген мерзімде Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне ұсынылсын.
Шымкент қаласының әкімі–
төтенше жағдайлардың алдын алу
және оларды жою жөніндегі
комиссия төрағасы М. Әйтенов
Хатшы: К. Багияров,
тел.99-71-51