Азаматтық қорғаныс саласында профилактикалық бақылау

Ағымдағы жылдың I-ші жартыжылдығында Азаматтық қорғаныс саласында профилактикалық бақылау жұмыстары Департаменттің жұмыс жоспарының негізінде жүзеге асырылды.

2021 жылдың 1 жартыжылдығында бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы 13 (2020ж – 9) субъектіде профилактикалық бақылау жоспарланған. 2021 жылғы 1 жартыжылдығына жоспарланған тізімі 100% орындалды.

Нәтижесінде 12 бақылаудағы субъектіден 204 (өрескел – 138, елеулі – 64, елеусіз –2) бұзушылықтар анықталып, кемшіліктер анықталған субъектілерге (объектілер) («Химфарм» акционерлік қоғамы, «КазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамы, Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық департаменті ММ, «Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы» ММ, "Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы" ММ, "Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қалалық перинаталдық орталығы" МКК, "ҚАЗПОЧТА" акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының "Қалалық қан орталығы" МКК, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Психикалық денсаулық орталығы" МКК) бұзушылықты жою туралы ұйғарымдар берілді.

Сондай-ақ, 1 субъектіде Стандарт Цемент" ЖШС-да профилактикалық бақылау нәтижесі бойынша азаматтық қорғаныс саласындағы заңнама талаптарын бұзушылықтар анықталған жоқ.

Профилактикалық бақылау
Дата публикации
06 июля 2021