Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті(бұдан әрі – Департамент) «Шымкент қаласының азаматтық қорғау қызметтерін құру туралы» Шымкент қаласы әкімінің 2018 жылғы 8 қарашадағы
№21-ө өкіміне 2021 жылғы 1 шілдедегі № 77-ө сәйкес өзгерістер
мен толықтырулар енгізді.
Шымкент қаласы аумағында бұған дейін азаматтық қорғаудың
(бұдан әрі – АҚ қызметтері) 15 қызметі жұмыс жасады, ендігі кезекте
қала әкімінің №77-ө өкіміне сәйкес, 6 мекеме қосылып, АҚ қызметтерінің саны 21-ге жетті.
Анықтамалық: («Шымкент қаласының қаржы басқармасы» ММ, «Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы» ММ, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шымкент филиалы «Аэропорт-Шымкент» АҚ, «Қазақстан Темір жолы» ҰК АҚ Шымкент жүк тасымал бөлімшесі, «Қазақстан Темір жолы» ҰК АҚ Шымкент магистральдық желі бөлімшесі, «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» ММ, «Шымкент қаласының білім басқармасы» ММ).
Департаменттің жоғарыда аталған Өкімге өзгерістер мен толықтырулар енгізудегі мақсаты - төтенше жағдай салдарынан, заманауи зақымдау құралдарын қолданудан халықты қорғау және келтірілген залалды азайту, сонымен қатар, кезек күттірмейтін жұмыстар мен халықты эвакуациялау іс-шараларын тиімді ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру болып табылады.