Өрт қауіпті кезеңінде Шымкент қаласының аумағында құрғақ шөптер мен қоқыстардың жануы жиі орын алуда. Өрт сөндіру бөлімдері 2021 жылғы 07-09 шілде аралығында құрғақ шөптерді сөндіруге 20-дан аса шығу жасады.Ташкент тас жолының 5 -ші шақырымында қырда өрт орын алғаны туралы хабар 2021 жылғы 09 шілдеде сағат 17.59-да келіп түскен. Аталған мекенжай бойынша өрт сөндіру бөлімдері жетіп келіп, 0,9 га құрғақ шөптің жануын сөндірді. Өрт сағат 18.49-да оқшауланып, сағат 19.15-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жеке құрамында 15 қызметкер мен 4 техникасы жұмылдырылды.
Құрметті қала тұрғындары! Жазғы аптап күндері қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар! ҚР Құқықбұзушылық кодексінің 336-бабына сәйкес кінәлі болып табылған жеке тұлғаларға 20 айлық көрсеткіш көлемінде, немесе 58340 теңге айыппұл салынады.