Шымкент қаласының аумағында 2021 жылдың жарты жылдың қорытындысы бойынша 85 өрт тіркелген. Өткен жылдың есепті мерзіммен салыстырғанда өрттердің саны өзгеріссіз. Материалдық шығын 310 млн. 275 мың теңгені құрады (өткен жылдан 3,2 есе өскен (2020 ж. .- 98 млн. 620 мың тг.). Тіркелген өрттердің басым бөлігі, немесе 46% тұрғын секторда және 32% автокөліктерде орын алып отыр. Бұл ретте тұрғын үйде 6 ай ішінде орын алған өрттердің саны өткен жылмен салыстырғанда (2021 жылы – 39, 2020 жылы - 49) 20% төмендеп отыр, ал автокөліктердегі өрт 42% артып отыр (2021 жылы – 27, 2020 жылы - 19). Орын алған өрттердің салдарынан есепті мерзім ішінде адам қайтыс болған жоқ (2020 ж. - 4 адам), 2 адам жарақат алып, өткен жылмен салыстырғанда 100% өсіп отыр (2020 ж. – 1 адам).
Толық нұсқасын көшіріп алуға болады.