"Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы тармақтарының бірі - фронт-офис

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы тармақтарының бірі іске асырылды. Халықпен кері байланыс құралы ретінде азаматтарды қабылдау үшін фронт-офис жұмысы ұйымдастырылды.

Фронт-кеңсенің ашылуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың азаматтық қорғау органдарына сенімін арттыруға, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты азайтуға және азаматтардың өтініштеріне жедел ден қоюға ықпал етеді. 

Азаматтарды қабылдау бірнеше бағыттар бойынша жүргізіледі: өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтық қорғаныс желісі бойынша, азаматтарға нормативтік-құқықтық база бойынша түсініктемелер беріледі, оларға ТЖ органдарына жұмысқа қабылдау, Көкшетау техникалық институтына түсу қағидалары бойынша консультация беріледі. 

Азаматтар үшін барлық жағдай жасалған, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталған. Фронт-кеңсенің жұмысы азаматтардың өтініштері мен арыз-шағымдарын қарау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді. Фронт-офис жұмысының екі айы ішінде департамент қызметкерлері азаматтық қорғау саласындағы түрлі мәселелер бойынша жүгінген 50-ге жуық азаматты қабылдады.

 

Бекзат Қамбаров

азаматтық қорғау подполковнигі

Шымкент қ.ТЖД Кадр саясаты басқармасының бастығы

Фронт-офис –один из пунктов концепции «слышащего государства»
Дата публикации
26 апреля 2021