Су басуға қарсы атқарылған іс-шаралар туралы

Құрметті журналистер!

Құрметті брифингке қатысушылар!

         Қала аумағындағы су тасқыны жағдайы тұрақты. Жыл басынан бастап төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі қалалық комиссияның 2 отырысы өткізілді, оның қорытындысы бойынша су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу бойынша тапсырмалар берілді. Комиссия отырысында берілген тапсырмаларға сәйкес аудан әкімдіктері жауапты қызметтермен бірлесіп тұрақты негізде су айдындарындағы жағдайға мониторинг жүргізді, өзендер мен каналдардағы қауіпті учаскелерге комиссиялық тексеру ұйымдастырылды. Наурыз айының басында "Көктем-2021" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді, оның барысында азаматтық қорғаудың қалалық кіші жүйесінің күштері мен құралдарының дайындығы тексерілді. Департаментке алдын ала "Қазгидромет" филиалынан ауа райы болжамы бойынша ақпарат келіп түседі.  Қала аумағындағы ауа температурасы түнде +5-тен күндіз +10 градусқа дейін болды. Наурыз айында жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болды, сәуірде ауа райы ашық болады (+20 градусқа дейін).  Өздеріңіз білетіндей, наурыз айы жаңбырлы болды, бір ай ішінде 12 дауыл туралы ескерту келді. Барлық дауылды хабарламалар халыққа және жергілікті атқарушы органдарға жеткізілді, бұл ретте барлық ақпарат құралдары пайдаланылады: "Дәрмен" мобильді қосымшасы, "СМС"-хабарламалар, теле,радиоарналарды ұстап алу, Департамент пен әкімдіктің әлеуметтік беттеріндегі жарияланымдар. 20 наурызға қараған түні жауын-шашынның айлық нормасы жауды (наурызда ол 27 мм), 6 сағат 40 минут ішінде 29 мм құрады, 38 мекенжай бойынша (Нұрсат, Нұртас, Теріскей, Самал-3, Қайтпас-1, Сәуле, Шаңырақ, Шұғыла, Ақ ниет, Тұран, Бозарық, Бозарық -2,4, Ақжар, Қайнар бұлақ шағын аудандарында) аула учаскелері су астында қалды. Жауын - шашынның салдарын жоюға ТЖ департаментінің 117 қызметкері, 30 бірлік техникасы және 34 мотопомпасы тартылды, 8 мың текше метр су сорылды, 4 уақытша бөгет салынды. Бұл жұмыстарға қаланың коммуналдық қызметтерінің қызметкерлері мен техникасы тартылды. Сондай-ақ, 27,28 наурызда Бозарық тұрғын алабында 2 көше (Уста Мухаммад және Қызылорик) бойынша жаңбыр суын шығару жұмыстары жүргізілді. Қала аумағында 4 су қоймасы бар - Бадам (61,5 млн.м3), Тоғыс (4,6 млн. м3), Текесу (0,481 млн. м3), Ақжар (0,723 млн. м3), 3 өзен - Бадам, Қошқар-ата, Сайрам-су және 30-дан астам канал ағып өтеді. Су қоймаларының толымдылығы 16-70% құрайды, тасқын суларды қабылдау үшін жеткілікті қорлар бар. Болжам жасалынған жауын-шашын кезінде су қоймаларына мониторинг күн сайын жүргізіледі. Цифрландыру стратегиясы бойынша Жол картасы аясында Шымкент қаласының аумағында "Цифрон" фирмасымен халықты қорғаудың жаңа жүйелері орнатылды, бұл туралы біз өткен брифингтерде айтқан болатынбыз. Қазіргі уақытта Департаменттің жедел кезекшілері мобильді қосымшаның көмегімен сағат сайын Бадам және Тоғыс су қоймаларындағы, сондай-ақ Бадам өзеніндегі су деңгейіне мониторинг жүргізеді. Су тасқыны жағдайының ықтимал күрделенуіне ден қою үшін авариялық-құтқару бөлімшелерінің күштері мен құралдарының тобы құрылды және әзірлікке келтірілді.  Бұл 600-ден астам қызметкер және 100-ден астам техника. Халықты хабардар ету мәселелері пысықталды.

Анықтама: ТЖ департаменті 252 адам, 22 бірлік техника және 17 жүзу құралы, 41 мотопомпа ; Ұлттық гвардия 100 адам және 6 бірлік техника; полиция департаменті - 90 адам және 6 бірлік техника; коммуналдық қызметтер: 224 адам, 14 бірлік жабдық (автомобиль цистерналары, вакуумдық АЦВ) және 19 бірлік мотопомпа ("ЛТД-Тұрмыс", "Югдорсервис", "Бәйтерек-LB", "НұрТауСЕРВИС" ЖШС).

Сондай-ақ, "2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасына" сәйкес қала аумағында 6 елді мекенде ұзындығы 5160 метр Бадам өзенінде арнаны түзету және жағалауды нығайту бойынша іс-шаралар жоспарланған: Жыланбұзған, Тоғыс, Маятас, Игілік, Қызылжар, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы, Забадам кентіндегі Ақсай-Қарабастау каналын күрделі жөндеу, хабарлау сиренасын орната отырып Ақжар су қоймасын күрделі жөндеу; Забадам кентіндегі 195-орамдағы Бозарық каналын күрделі жөндеу. Су тасқыны кезеңінде авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге қор дайындалды - 18 тонна құм қоры және 48 мың дана қап. Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халықты қабылдау үшін 129 құрама эвакуациялық пункт дайындыққа келтірілді. Қала әкімдігімен төтенше резервке 1 миллиард теңге, сонымен қатар шұғыл шығындарға 1 миллиард теңге бюджет қарастырылған. Республиканың су тасқыны қауіпті өңірлеріне су тасқыны мен су басудың салдарын жоюға көмек көрсету үшін Департамент жеке құрамнан 48 адам,7 бірлік арнайы техника, 13 дана мотопомпа, 4 қайық және басқа да қару-жарақ пен әскери техниканы жасақтап, дайындыққа келтірді. Жеке құрам 14 күнге құрғақ азықпен қамтамасыз етілген.   Техника мен жабдықтардың жарамдылығы тексеріліп,   өрт жеңдері сынаудан өтті. Жұмылдырылған жеке құрамды хабардар ету және жинау схемасы пысықталды.

Жалпы қала аумағындағы су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда, қаланың Төтенше жағдайлар департаменті мен коммуналдық қызметтерінің күштері мен құралдары толық дайындыққа келтірілді.

Назарларыңызға рақмет!

Баяндама аяқталды!

Су басуға қарсы атқарылған іс-шаралар туралы
Дата публикации
08 апреля 2021