Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс тобы туралы ереже

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар

департаменті бастығының

2021 жылғы «___» __________

№ ____ бұйрығына 8-қосымша

 

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті

Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс тобы туралы ереже  

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс тобы (бұдан әрі - топ) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Топ өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Топтың құрылымы мен штат саны Департаменттің штат кестесімен айқындалады.

2-тарау. Тобтың негізгі міндеттері мен құқықтары

  1. Міндет: ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс саласында бірыңғай техникалық саясатты жүзеге асыру.

Функциялар:

  • өз құзыреті ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс желісі бойынша техникалық ерекшеліктерді әзірлейді;
  • ақпараттандыру және байланыс саласындағы перспективалық әзірлемелер мен техникалық шешімдерді қарауды жүзеге асырады;
  • топтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің бөлімшелеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді;
  • топтың құзыретіндегі мәселелерді регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүзеге асырады, оларды өзектілендіру жөнінде шаралар қабылдайды;
  • жұмыс топтарының және басқа да кеңесші органдардың қызметіне, топтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерге және өзге де іс-шараларға қатысады;
  • негізгі құралдарды қабылдау – беру және ақпараттандыру, байланыс және құлақтандыру құралдарын баланстан шығару жөніндегі департамент комиссиясының жұмысына қатысады;
  1. Міндет: Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс саласындағы Департамент бөлімшелерінің қызметін дамыту және техникалық қамтамасыз ету.

Функциялар:

1) Департаменттің ақпараттандыру және байланыс жүйелерін дамыту, оларды бейбіт және соғыс уақытында пайдалануға әзірлікте ұстау;

2)  Департаменттің ақпараттандыру және байланыс құралдарына қажеттілікті айқындау бойынша ұсыныстар дайындау;

3)  ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс желісі бойынша Департаменттің бюджеттік өтінімін қалыптастыру;

4) Департамент бөлімшелерінде ақпараттандыру және байланыс құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

5) Департамент бөлімшелерінің ведомстволық ақпараттық ресурстарға және басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық ресурстарына қол жеткізуінің техникалық мүмкіндігін қамтамасыз ету;

6)  Департаменттің мәжілістерін, дөңгелек үстелдерін, брифингтерін және т. б. техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету;

7)  ТЖ қаупі және туындауы кезінде, сондай-ақ күнделікті қызмет режимінде Департамент бөлімшелерінің күштері мен құралдарын басқару үшін байланысты ұйымдастыру бойынша іс-шараларға қатысу;

8) Департамент қызметін ақпараттық және телекоммуникациялық қамтамасыз етумен байланысты өзге де функцияларды орындау;

9) өз құзыреті шегінде топтың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді әзірлейді.

  1. Міндет: Департаментте ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Функциялар:

1)  Департаменттің ақпараттық-телекоммуникациялық ортасының тұтастығын қамтамасыз етеді;

2) өз құзыреті шегінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

3) Департаменттің ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымының жай-күйіне, әзірлігіне және тәуекелдерінің болуына талдау жүргізеді;

4) өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің корпоративтік ақпараттық-коммуникациялық жүйесінің және Департаменттің ахуалдық-дағдарыс орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

  1. Міндет: Шымкент қаласының халықты хабардар ету жүйесін дереу пайдалануға тұрақты әзірлікті құру және қамтамасыз ету, оны жарақтандыру және дамыту.

Функциялар:

1)  Шымкент қаласының халықты құлақтандыру жүйесіне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

2)  Шымкент қаласының аумағында халықты хабардар ету құралдарының есебін жүргізу;

3)  Шымкент қаласының халқын хабардар ету жүйесін дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4)  Шымкент қаласының тұрғындарын құлақтандыру жүйесін жаңғырту бойынша техникалық шешімдер мен ерекшеліктерді әзірлеу;

5)  Шымкент қаласының тұрғындарын хабарландыру бойынша жаттығуларды жоспарлау және өткізу;

6) электр дабылдарының (сиреналық-сөйлеу қондырғыларының) және оларды іске қосу жөніндегі тиісті жабдықтардың ақаусыздығына жоспарлы техникалық тексерулер жүргізу;

7) Шымкент қаласының халықты хабардар ету жүйесінің дайындық жағдайына талдау жүргізу;

8) Шымкент қаласының халқын құлақтандыру мәселелері бойынша қызметті ұйымдастыру және үйлестіру.

  1. Құқықтары мен міндеттері.

Топтың өз құзыреті шегінде:

1) Департамент бастығына топтың құзыретіне кіретін мәселелерді Департамент бастығы жанындағы кеңесте қарау туралы ұсыныстар енгізу;

2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен мәліметтерді сұрату және алу;

3) белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты ұйымдардан топтың құзыретіне жататын мәліметтерді сұратуға;

4) талдамалық зерттеулер, тексерулер және қызметтік тергеулер нәтижелері бойынша топтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты бөлімшелердің, сондай-ақ нақты лауазымды адамдардың қызметіне бағалау беру;

5) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстар жолдау;

6) Топ құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

7) топтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерге, семинарларға, конференцияларға, оның ішінде халықаралық конференцияларға қатысу;

8) Департаменттің жыл сайынғы жұмыс жоспарын және оның орындалу нәтижелері туралы жыл сайынғы есепті әзірлеуге қатысу.

Топтың Міндеттері:

1)  Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;

2)  қойылған міндеттерге сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттер белгіленеді.

3-тарау. Топ қызметін ұйымдастыру

  1. Тобтың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктері бар.
  2. Тобтың қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгілеңген тәртіпте лауазымға Департамент бастығымен тағайындалады және босатылады.

 

ереже
Дата публикации
07 апреля 2021