Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар
департаменті бастығының
2021 жылғы «___» __________
№ ____ бұйрығына 7-қосымша
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті
Кадр саясаты басқармасы туралы ереже
1-тарау. Жалпы бөлім
2-тарау. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттемелері
Функциялары:
1) Департамент бөлімшелерінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің кадр саясаты саласындағы шешімдерін іске асырады, оларды төмен тұрған бөлімшелердің орындауын бақылайды, осы қызметтің жай-күйі мен нәтижелері туралы мүдделі мемлекеттік органдарды хабардар етеді, кадр жұмысы мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік және тәжірибелік басшылықты жүзеге асырады;
2) кадрлық қамтамасыз ету мәселелері бойынша құқықтық актілерге ұсыныстар енгізеді;
3) Қазақстан Республикасының құқық қорғау, әскери, мемлекеттік және азаматтық қызмет туралы заңнамаларын орындау бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелерінің қызметін үйлестіреді;
4) Департаменттің қарамағындағы мекемелердің кадр бөлімшелеріне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді, жұмыстың оң тәжірибелерін жинақтайды және таратады;
5) кадр жұмысын жетілдіру мәселесі бойынша конференциялар мен семинарларды ұйымдастырады және жүргізеді;
6) кадрлық қамтамасыз ету мәселесіне байланысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат қүралдарындағы жарияланымдарды қарайды;
7) Басқарманың қызметін жоспарлауды жүзеге асырады;
8) Департамент бастығының жанындағы жедел кеңесінің жоспарларына ұсыныс енгізеді;
9) Департамент бастығының жанындағы жедел кеңестерге, кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін қарау үшін материалдар дайындайды;
10) Басшылық жанындағы жедел кеңестердің, Алқа шешімдерінің және Министрлік, Департамент басшылығының кадрлармен жұмыс мәселесі бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылайды;
11) Департамент қызметіне қатысты құқықтық актілерді әзірлейді.
Функциялары:
1) қызметке кандидаттарды алдын ала зерделеуді және конкурстық іріктеуді ұйымдастырады;
2) кадрларды жинақтауды, іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, кадрларды қызметке бекіту жөнінде шаралар қабылдайды;
3) мемлекеттік, құқық қорғау және әскери қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) мемлекеттік қызметке кіру, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату, мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асырады;
5) азаматтық қорғау органдары қызметкерлердің және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру;
6) азаматтық қорғау органдары қызметкерлеріне және әскери қызметшілеріне арнаулы және әскери атақтарын беру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
7) азаматтық қорғау органдарынан шығарылған тұлғаларға зейнетақы тағайындау үшін материалдарды уақтылы және сапалы дайындауды жүзеге асырады;
8) орта, аға және жоғары басшы құрамдағы тұлғалардың дербес және статистикалық есебін қалыптастырады, қатардағы және басшы құрамдағы тұлғалардың қызмет өткеруі бойынша архивтік – іздестіру және анықтамалық қызметті ұйымдастырады және жүзеге асырады;
9) Департамент жеке құрамымен қызмет өткеру мәселелерімен байланысты еңбек даулары бойынша материалдарды қарайды;
10) қызметкерлерді марапаттау жұмысын ұйымдастырады;
11) шекті жасына жеткен қызметкерлер мен әскери қызметшілер бойынша жыл сайынғы мониторингті жүзеге асырады;
12) басшы лауазымдарға кадр резервіне енгізуге ұсынылған азаматтық қорғау органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілердің материалдарын дайындайды;
13) мемлекеттік қызметті өткерумен байланысты құжаттарды ресімдейді, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелері туралы мәліметтерді, оның ішінде Департаменттің мемлекеттік әкімшілік қызметшілері бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында («Е-Ќызмет» ақпараттық жүйесі) есепке алуды жүзеге асырады;
14) белгіленген нысан бойынша есептерді, кадрлармен жұмыс туралы ақпаратты, статистикалық есептілікті дайындайды, Министрлікке және мүдделі мемлекеттік органдарға ұсынады;
15) азаматтық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрам лауазымдарына тағайындалған және тиісті тәртіппен әскери есептен алынып тасталған әскери міндеттілердің арнайы есебін жүргізеді;
16) персоналды басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде дербес деректердің есебін жүргізеді;
17) Министр бекітетін әдстемеге сәйкес кадр саясаты нәтижелерін және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасын бағалайды.
Функциялары:
1) ведомстволық білім беру саласындағы бірыңғай саясатты жүзеге асырады, Департаменттің шет елдердің басқа мемлекеттік органдарымен, білім беру және ғылыми-зерттеу мекемелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
2) белгіленген уақыттарда Департамент қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жоспарлайды және ұйымдастырады;
3) Министрліктің білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етеді;
4) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарға қажеттілікті зерделейді және Министрліктің Көкшетау техникалық институтында мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
5) Министрліктің Көкшетау техникалық институтына оқуға кандидаттарды іріктеуді жүзеге асырады;
6) Министрліктің Көкшетау техникалық институтының, шет елдердің білім беру ұйымдарының түлектерін ұтымды орналастыру және қызметте бекіту жөнінде шаралар қабылдайды;
7) азаматтық қорғау органдарында бес жыл жұмыс істемеген Министрліктің Көкшетау техникалық институтының түлектерін азаматтық қорғау органдардан босату жөніндегі материалдарды қарайды, олардың есебін жүргізеді, сондай-ақ олардың оқуына жұмсалған бюджет қаражатын өндіріп алу бойынша жұмысты ұйымдастырады.
Функциялары:
1) қызметкерлердің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығы жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастыру, қамтамасыз ету және бақылау;
2) Департамент қызметкерлерінің кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындығын жүзеге асыруды регламенттейтін құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
3) азаматтық қорғау органдардың қызметкерлері, әскери және мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қызметшілердің аттестаттау, сыныптық біліктілігін айқындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Азаматтық қорғау органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, арттыру, растау, төмендету және алып тастау тәртібіне бақылауды және оның есебін жүзеге асыру;
4) азаматтық қорғау органдарына қызметке кандидаттардың түсуі кезінде дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді қабылдауды ұйымдастыру және жүргізу;
5) жеке құрамның саптық дайындықты, саптық байқауын ұйымдастыру және өткізу, оның ішінде киімнің маусымдық нысанына ауысу кезінде;
6) Департаментте қызметтің кәсіби дәстүрлерін сақтау және дамыту бойынша жұмысты ұйымдастырады;
7) Департаментте спорттық-бұқаралық жұмысты ұйымдастыру.
Функциялары:
1) қызметкерлерде азаматтықты, патриотизмді, жоғары имандылық, психологиялық, іскерлік және өзге де қажетті қасиеттерді, Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де құқықтық актілерін сақтауға, қызметтік борышын орындауға саналы және адал көзқарасты қалыптастыру, анттың және жарғылардың талаптарын, бастықтар мен командирлердің бұйрықтарын (нұсқауларын) қатаң және нақты орындаудың саналы қажеттілігін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
2) идеологиялық даму мәселелері бойынша ардагерлер ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
3) Департаментте дәстүрлер тарихын сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің мемлекеттік-құқықтық дүниетанымын қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, Департамент қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері үшін мәдени-демалыс іс-шараларын ұйымдастырады;
4) салтанатты, мерекелік және естелік іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
5) қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерінің ерліктерін есте сақтау және насихаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
6) тәлімгерлер кеңестерінің, офицерлік, сержанттық жиналыстардың және әйелдер кеңестерінің қызметін бақылауды және ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
7) азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің беделі мен абыройын арттыруға бағытталған Департамент қызметін насихаттайды;
8) ведомстволық музейлерінің қызметін ұйымдастырады және мәдени құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді;
9)Департаменттің тұрғын үй комиссиясының жұмысын ұйымдастырады.
1) азаматтық қорғау органдарының жеке құрамы арасында заңдылық пен тәртіпті бұзушылықтарды анықтауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырады;
2) жеке құрам арасындағы төтенше оқиғалардың алдын алу бойынша іс-шараларды жүргізеді;
3) өз құзыреті шегінде жеке құрам арасында еңбек заңнамасының және азаматтық қорғау органдарында қызмет өткеру бойынша заңнама тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді;
4) тәртіпті нығайту және заңдылықты сақтау мәселелері бойынша қызметтер мен бөлімшелердің басшыларына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді;
5) Департамент бөлімшелерінің басшыларына бағынысты бөлімшелерде тәртіпті нығайту және заңдылықты сақтау жөнінде ұсыныстар енгізеді;
6) Департаменттің тәртіптік комиссиясының жұмысын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
7) қызметкерлердің, әскери қызметшілердің, мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің заңдылықты және төтенше оқиғаларды бұзу фактілері бойынша қызметтік тексерулер мен тергеулер жүргізуді жүзеге асырады;
8) Департамент басшылығының нұсқауы бойынша қызметтік ғимараттар мен аумақтарды күзету режимін тексеруді жүзеге асырады.
Басқарма өз құзыреті шегінде мыналарға:
1) өзіне заңнамамен және осы Ережемен жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен және Департамент қарамағындағы мемлекеттік мекемелерінен қажетті құжаттар мен мәліметтерді сұратуға және алуға;
2) Департамент бөлімшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар беруге;
3) Департаментте және басқа да мемлекеттік органдарда өткізілетін кеңестерге, семинарларға қатысу үшін қызметкерлерді жіберуге;
4) жекелеген жұмыстарды жүзеге асыру үшін, оның ішінде шарттық негізде ғалымдар мен мамандарды тартуға;
5) белгіленген тәртіппен кеңестер, жұмыс кездесулерін, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткізуге;
6) Басқарма қызметін регламенттейтін құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге;
7) қызметкерлер тарапынан құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарламаларды қарауға;
8) белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметтері мен бөлімшелеріндегі қызметтік тергеу, адамдарды компьютерлік есепке алу материалдарымен, өзге де материалдармен танысуға;
9) тәуліктің кез келген уақытында азаматтық қорғау органдары мекемелері мен бөлімшелерінің және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың барлық ғимараттары мен үй-жайларына қызметтік куәлігін көрсетіп кедергісіз кіруге немесе іргелес аумаққа қызметтік автокөлікпен кіруге. Басшылар мен қызметкерлерден қызметтік тәртіпті қамтамасыз ету және нығайту жөніндегі іс-шараларды өткізу кезінде жан-жақты жәрдем көрсетуді талап етуге;
10) іс жүргізіліп жатқан қызметтік тексеру материалдары бойынша қызметкерлерді және өзге де адамдарды шақыруға, олардан түсініктемелер, құжаттар, олардың көшірмелерін алуға, сауалнама жүргізуге;
11) өзіне жүктелген функцияларды іске асыру үшін құзыреті шегінде өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Басқарманың міндеттері:
1) Мемлекет Басшысының, Премьер-Министрдің, Министрдің тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпарат беруге;
2) алқа шешімдерінде, Министрліктің және Департаменттің жоспарларында көзделген іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
3) аппараттық, жедел кеңестердің, Министрліктің алқа отырыстарының, материалдарын дайындауға қатысуға;
4) іс қағаздарын жүргізуді, құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуге;
5) қойылған міндеттерге сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де міндеттер белгіленеді.
3-тарау. Басқарма қызметін ұйымдастыру
1) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) Басқарманың орта және аға басшы құрамының қызметкерлерін қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға ұсынады;
3) Департаменттің орта және аға басшы құрамының қызметкерлеріне арнайы атақтар беруге ұсынады;
4) Департамент басшылығына Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;
5) Басқарманың жұмыс жоспарын әзірлейді;
6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді;
7) заңдарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.