Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар
департаменті бастығының
2021 жылғы «___» __________№ ____ бұйрығына 6-қосымша
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті
Штаб (топ құқығында) туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1) бас маман;
2) аға инспектор.
2-тарау. Штабтың негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
Функциялары:
1) Департамент басшылығына тиімділікті арттыру бойынша тиісті ұсыныстар енгізе отырып, ТЖД аппараты бөлімшелерінің, сондай-ақ аудандық Төтенше жағдайлар басқармалары (бұдан әрі - ТЖБ) және «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ (бұдан әрі - Өрт сөндіру қызметі) басқару қызметінің жай-күйін, оның жұмысының соңғы нәтижелеріне ықпал ету дәрежесін зерделеу;
2) Министрлік, Департамент және Штаб-Департаменті басшылығының тапсырмаларын, нұсқауларын іске асыру мақсатында аналитикалық, ақпараттық, анықтамалық және өзге де материалдарды дайындау, есептілікті жасау;
3) ТЖД қызметінің негізгі бағыттары бойынша ТЖМ Алқа отырыстарына, Министрліктің және Шымкент қаласы әкімінің жедел және аппараттық кеңестеріне Департамент бастығының ақпараттық-талдау материалдарын, сөз сөйлеу тезистерін және баяндамаларды дайындау (топ құзыреті шеңберінде);
4) Департамент жұмысының нәтижелері жөнінде ақпараттық-анықтамалық материалдарды және есептік құжаттардың жобаларын, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы бағдарламалық құжаттарды дайындауға қатысу;
5) Департамент бастығының қолы қойылған хаттарды, нұсқауларды, бұйрықтарды келісуді жүргізу;
6) Департамент басшылығының іс-шаралары графигін қалыптастыру және ұйымдастыру;
7) Штабқа қызметіне қатысты құқықтық актілерді дайындау .
Функциялары:
1) жедел жағдайды, азаматтық қорғау органдары жұмысының нәтижелерін талдау негізінде, ТЖД қызметтерінің ұсыныстарын ескере отырып:
жедел кеңестердің жұмыс жоспары (тоқсандық);
ТЖД, аудандық ТЖБ және өрт сөндіру қызметі құрылымдық бөлімшелері басшылығының аппараттық кеңестерінде сөз сөйлеу кестелері (жылдық) жобаларды әзірлеу және Департамент басшылығына бекітуге енгізу;
2) Департамент басшылығы жанындағы жедел және аппараттық кеңестердің ұйымдастырушылық қызметін қамтамасыз ету;
3) ақпараттық-анықтамалық материалдарды, басқарушылық шешімдердің жобаларын дайындауды жүзеге асыру, сондай-ақ алқалы жұмысты жүргізуге байланысты басқа да рәсімдік және ұйымдастырушылық мәселелерді іске асыру;
4) Департамент қызметтерінің ТЖД басшылығы жанындағы жедел және жұмыс кеңестерін ұйымдастыру кезінде белгіленген тәртіп пен регламенттің сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
Функциялары:
1) ТЖД орындаушылық тәртібін бақылау бойынша комиссия отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;
2) Департаментте орындаушылық тәртіпті бақылау жөніндегі комиссия құрамы туралы бұйрық жобасын дайындау және оған өзгерістер енгізу;
3) ҚР Төтенше жағдайлар министрі, жоғары тұрған инстанциялардың консультативтік-кеңесші органдарының актілерін және өзге де шешімдерін, ТЖМ Алқасының, Министр мен Департамент бастығының жанындағы жедел кеңестердің шешімдерін, ТЖМ және ТЖД жоспарлары мен басқа да директивалық құжаттарды орындау үшін іске асырылатын іс-шаралардың нақты орындалуын тексеру;
4) келіп түскен тапсырмалар мен құжаттардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету үшін олардың орындалуының бақылау мерзімдерін белгілеу, қажет болған жағдайда Департамент басшылығына тиісті шешімдер қабылдау үшін уақытылы орындалмайтын және/немесе мерзімінде орындалмаған құжаттар туралы ақпараттық материалдарды енгізу, сондай-ақ ТЖД құрылымдық бөлімшелерінің, аудандық ТЖБ және Өрт сөндіру қызметінің орындауындағы бақылау құжаттары бойынша аралық бақылау (салыстырып тексеру) жүргізу;
5) Департаментте орындаушылық тәртіптің жай-күйі туралы аналитикалық материалдарды дайындау;
6) Департаменттің жедел және аппараттық кеңестерінің жұмыс жоспарларының орындалуына мониторинг жүргізу, талдау және бақылау;
7) ТЖД басшылығының іс-шаралары кестесіне сәйкес отырыстарға (кеңестерге) Департамент бастығына анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарын, баяндама тезистерін және сөз сөйлеулерін дайындауды бақылау және үйлестіру.
Функциялары:
1) Департаменттің бақылау-тексеру іс-шаралары жоспарының жобасын әзірлеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету (жылдық);
2) Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріндегі, аудандық ТЖБ және Өрт сөндіру қызметінің ұйымдастырушылық-басқару, қызметтік іс-әрекетінің, орындаушылық тәртіптің жай-күйінің жоспарлы және жоспардан тыс кешенді, тақырыптық және бақылау тексерулерін жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Департамент бастығының қарауына тексеру нәтижелері бойынша материалдарды (анықтамаларды) ұсыну;
3) жоспарлы және жоспардан тыс кешенді, тақырыптық және бақылау тексерулерді жүргізуге жоспар-тапсырма дайындау;
4) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің, аудандық ТЖБ және Өрт сөндіру қызметінің қызметтік іс-әрекетінің сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдарды, ұсыныстарды (оның ішінде аудандық ТЖБ, Өрт сөндіру қызметінің қызметін ұйымдастырудағы және үйлестірудегі құрылымдық бөлімшелердің рөлін зерделеу нәтижелері бойынша), оның ішінде тексеру қорытындылары бойынша әзірлеу;
5) жоспарлы және жоспардан тыс кешенді, тақырыптық және бақылау тексерулері барысында Департаменттің құрылымдық бөлімшелердің, аудандық ТЖБ және өрт сөндіру қызметінің қызметтік іс-әрекетінде анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою дәрежесі мен сапасын бақылау;
6) Министрдің және Департамент бастығының бұйрықтары мен нұсқаулары, Алқа, жедел кеңестер шешімдері, ТЖМ және ТЖД басқа да директивалық құжаттарының орындалуына, сондай-ақ тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралардың іске асырылу барысына бақылауды қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) Департаменттің қызметтік іссапарлары жоспарының жобасын (тоқсандық) әзірлеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
2) Департаменттің қызметтік іссапарлар жоспарының орындалуына мониторинг жүргізу және бақылау;
3) ТЖД бұйрықтары бойынша іссапарға жіберілген қызметкерлердің қызметтік іссапарлардың қорытындылары бойынша материалдарды (есептерді) уақтылы ұсынуын бақылау;
4) қызметтік іссапарлардың қорытындылары бойынша жүзеге асырылған шығулар мен материалдарға (есептерге) олардың тиімділігі тұрғысынан талдау жүргізу.
Негізгі міндеттерді және жүктелген функцияларды іске асыру мақсатында Штаб өз құзыреті шегінде құқылы:
1) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен Штаб құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жоспарлардың, Министрдің, Департамент басшылығының бұйрықтары мен нұсқауларының, Алқа шешімдерінің, ТЖМ және ТЖД жедел және аппараттық кеңестерінің орындалу барысы мен нәтижелері туралы қажетті құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді оларға белгіленген мерзімде сұратуға және алуға;
2) бақылаудағы мәселелер бойынша құжаттармен және материалдармен, оның ішінде құпиялылық режимінің, мемлекеттік және қызметтік құпиялардың сақталуын ескере отырып, тексеру іс-шараларына жататын материалдармен кедергісіз танысуға, олардың орындалуы туралы қажетті материалдарды алуға;
3) басқарушылық шешімдерді әзірлеге, ТЖМ Алқа және жедел кеңестеріне материалдарды, сондай-ақ жоспарлы және жоспардан тыс кешенді, тақырыптық және бақылау тексерулерін жүргізуге құжаттар мен ақпаратты дайындау үшін белгіленген тәртіпте Департамент бөлімшелерін тартуға;
4) Штаб құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне, аудандық ТЖБ және Өрт сөндіру қызметіне орындауы міндетті нұсқаулар беруге;
5) Департамент басшылығының келісу бойынша Штаб құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде ведомстволық бағынысты және құрылымдық бөлімшелер басшыларының есептерін тыңдауға;
6) қызметтік жұмыстарға немесе Департамент басшылығының басқа да тапсырмалары бойынша тексеру жүргізу кезінде кедергісіз, тәуліктің кез-келген уақытында іргелес аумақтарға қызметтік авкөліктермен кіруге немесе келуге, сондай-ақ қызметтік куәліктерін көрсету арқылы режимдік орын-жайлардан өзге ТЖД мекемелері мен бөлімшелерінің барлық ғимараттарында және орын-жайларында техникалық құралдардың (бейнетіркегіш/бейнекамера) көмегімен кедергісіз бейне түсірілім жүргізуге;
7) Департамент бастығының қарауына қызметтік іс-әрекетте бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды енгізуге;
8) Департаменттің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге. Өзіне жүктелген функцияларды іске асыру үшін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерімен, заңдарымен бекітілген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;
2) Алқа және жедел кеңестер шешімдерімен, ТЖМ және ТЖД аппараттық кеңестер хаттамаларымен, Департамент және штаб жоспарларымен көзделген іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етуге;
3) Департамент бастығына Департаменттің жедел және аппараттық кеңестерінде штаб құзыретіне кіретін мәселелерді қарау туралы ұсыныстар енгізуге міндетті;
4) Өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз етуге.
Қойылған міндеттерге сәйкес Штаб құзыреті шегінде өзге де міндеттер белгіленеді.
3-тарау. Штабтың қызметін ұйымдастыру