Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Дағдарыс жағдайлары басқармасы туралы ереже

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар

департаменті бастығының

2021 жылғы «___» __________

№ ____ бұйрығына 5 қосымша

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті

Дағдарыс жағдайлары басқармасы туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Дағдарыс жағдайлары басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік), Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі- Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады, төтенше жағдайдың туындау алғышарттары немесе туындауы, өрт, адамдардың өміріне төнген қатер мен денсаулығына зиян келтіру қатері туралы және өз құзыреті шегінде шұғыл қызметтердің ден қою жөніндегі іс-қимылдарын кейіннен үйлестіре отырып шұғыл көмек шараларын қолдануды қажет ететін өзге де жағдайлар туралы жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін хабарламаларды қабылдау және өңдеу қызметінің негізгі түрі болып саналады.
  2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Рсепубликасы Конституциясын, заңдарын, Президенттің актілерін, басқа нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Басқарманың құрылымы және штаттық саны Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрімен Қазақстан Рсепубликасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
  4. Басқарманың шұғыл-кезекші ауысымы кезекшілік атқару барысында министрліктің ДЖБО шұғыл кезекшісіне бағынады.

2-тарау. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

  1. Міндеті: азаматтық қорғау күштері мен құралдарын жедел басқару, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ақпаратты жинау және өңдеу.

Функциялары:

1) төтенше жағдайлардың, оқиғалардың туындау қатері немесе туындауы туралы ақпаратты жинау және өңдеу және жедел ақпарат дайындау;

2) Төтенше жағдайлар мен оқиғалар туралы Департаменттің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар басшылығын жедел ақпараттандыру;

3) Төтенше жағдайларды жою кезінде Департаменттің бөлімшелерін жедел басқаруды қамтамасыз ету;

4) Төтенше жағдайларды жою кезінде Департамент басшылығының командалары мен өкімдерін авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарына жеткізуді қамтамасыз ету;

5) Департаменттің бөлімшелеріне жауынгерлік және оқу-жаттығуды басқару сигналдарын беру және қабылдау;

6) Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселелері жөніндегі мемлекеттік органдармен, мүдделі қызметтермен және ұйымдармен ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету және өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

7) Регламенттер мен жоспарларға сәйкес трансшекаралық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша жасалған шекаралас төтенше жағдайлар органдарының кезекші қызметтерімен жедел және болжамды ақпарат алмасу;

8) Басқарманың кезекші бөлімі мен ахуалдық залының байланыс құралдары мен жабдықтарын үнемі әзірлікте ұстау, сондай-ақ Департаменттің жедел штабының (тобының) жұмысын ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету;

9) Төтенше жағдайлар қаупі төнген және туындаған кезде мемлекеттік басқару органдарын және халықты хабардар ету, аумақтық деңгейде СМС хабарламалар қтандыруды ұйымдастыру;

10) Төтенше жағдайлар орындарынан Департаменттің аумақтық бөлімшелері ұсынған фотоматериалдардан фото мұрағат, бейне мұрағат жасау.

  1. Міндеті: Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының кезекші-диспетчерлік қызметтерінің қызметін жедел басқару және бақылау, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету.

Функциялары:

1) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының кезекші-диспетчерлік қызметтерінің жұмысын бақылауды және үйлестіруді жүзеге асыру;

2) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының кезекші-диспетчерлік қызметтерінің қызметтік іс-әрекетінің сапасын арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу;

3) Басқармаға қатысты құқықтық актілерді дайындау;

4) Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген басқа функцияларды орындайды.

  1. Міндеті: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың жедел мониторингі.

Функциялары:

1) күні бұрын және төтенше жағдайлар кезеңінде кезекші бөлімді болжамды-ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету;

 2) гидрометеорологиялық, радиациялық, санитарлық-эпидемиялық жағдай, гидротехникалық және су объектілерінің жай-күйі және т. б. деректері бойынша болжамды ақпаратты жинау және қалыптастыру,

3) жедел ақпаратты жинақтау және мұрағаттау.

         8.Басқарманың құзыреті:

1) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерді жедел кеңестерде қарау туралы Департамент басшылығына ұсыныстар енгізуге құқылы;

2) Департаменттіңқұрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының жұмыс жағдайына тақырыптық тексерулерге қатысуға;

3)Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдықбөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының қызметінеталдаулардың, тексерулер мен қызметтік тергеулерге қатысу және баға беруге;

4) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының кезекші-диспетчерлік қызметтерінің жеке құрамымен семинарлар мен қосымша сабақтар және кеңестер өткізу;

5) Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерінен және ұйымдарынан жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттарды, анықтамалық және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

6) Төтенше жағдайлар туындаған кезде ақпараттық-талдау материалдарын дайындау үшін Департаменттің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының қызметкерлерін тартуға.

  1. Басқарма міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;

2) Алқа шешімдерінде, жедел және аппараттық кеңестердің хаттамаларында, Департаменттің жұмыс жоспарларында көзделген іс-шараларды орындауға міндетті;

3) өзге де міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен белгіленуі мүмкін.

3-тарау. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

  1. Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
  2. Басқарманы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бастық басқарады.
  3. Басқарма бастығы басқараммының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  4. Басқарма бастығы Департаменттің басшылығына басқарманың құрылымы мен штаттары бойынша ұсыныстар береді.
  5. Осы мақсатта басқарма бастығы:

1)  Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Басқарманың орта және аға басшы құрамының қызметкерлерін қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға ұсынады;

3) Басқарманың аға және орта басшы құрамының қызметкерлеріне арнаулы атақтар беруге ұсынады;

4) Департаменттің басшылығына басқарма қызметкерлерін көтермелеу, тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізеді;

5) Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарма атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға басқарма бастығы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастырушы адам немесе жедел кезекші қол қояды.
  2. Басқармаға қажет болған жағдайда осы Ереже өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық жасайды.
ереже
Дата публикации
07 апреля 2021