¬¬¬Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар Департаменті Төтенше жағдайларды жою бөлімі туралы ереже

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар

департаменті бастығының

2021 жылғы «___» __________

№ ____ бұйрығына 4-қосымша

  

­­­Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар

Департаменті Төтенше жағдайларды жою бөлімі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Ереже Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайларды жою бөлімінің (ары қарай-Бөлім) жұмысын ұйымдастыруы мен қызметін қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейді.
  2. Бөлімге өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымы, штат саны Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің (ары қарай-Департамент) штат кестесімен анықталады.
  4. Бөлім мыналардан тұрады:

1) бөлім бастығынан;

2) бас маманынан;

3) аға инжерінен.

2-тарау. Бөлімнің негізгі міндеттері мен функциялары, құқықтары.

  1. Міндеттері:

1) төтенше жағдайлардың жою бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалып тастыру және іске асыру;

2)  Шымкент қаласы аумағында төтенше жағдайларды жою бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.

  1. Функциялары:

1) төтенше жағдайларды жою саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етуге, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің аумақтық шағын жүйесін жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз ету;

2)  азаматтық қорғау күші қызметін қамтамасыз етуге қатысу;

3) қала аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға бағытталған азаматтық қорғау саласы іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау саласы күштеріне өз құзыреті шегінде басқарушылық ету;

4) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін төтенше жағдайларды жою саласындағы мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органға ұсыныстар енгізу;

5) төтенше жағдайларды жою мәселесі бойынша азаматтық қорғау құралдары қажеттілігін анықтау үшін Министрлікке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;

6) төтенше жағдайлар қатері туындаған туралы болжам болған кезде уақытылы немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде жедел халықты, азаматтық қорғау басқарма органдарын ақпараттандыру және құлақтандыруды ұйымдастыруға қатысу;

7) Шымкент қаласының Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеуге қатысу;

8) жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу (түзету енгізу) және оларды қаланың әкіміне бекітуге ұсыну;

9) төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимыл жоспары құрылымын анықтау бойынша Министрлікке ұсыныстар енгізу;

10) азаматтық қорғау саласында шегаралас аумақтарымен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асыру;

11) жергілікті көлемдегі төтенше жағдайлар кезінде қала әкімімен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жариялау туралы  жергілікті атқарушы органға ұсыныстар енгізу;

12) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру;

13) төтенше жағдайлар және террористік актілер салдары кезінде  Департаменттің кәсіби авариялық-құтқару қызметтері жұмыстарын өз құзыреті шегінде басқару және үйлестіру;

14) төтенше жағдайларды жоюға қажетті азаматтық қорғау авариялық -құтқару қызметтері және құралымдарының күштері мен құралдарының санын анықтау;

15) төтенше жағдайлар туындауына алып келген аварияларды тергеуге (мүдделі мемлекеттік органдармен бірге) комиссия құрамын өз құзыреті шегінде ұйымдастыру және жүргізу;

16) төтенше жағдайларды жою бойынша атқарылған іс-шараларға талдау жүргізу;

17) қала аумағында азаматтық қорғау авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын есепке алуды жүзеге асыру;

18) жетекшілік ететін бөлімшелердің жұмысын үйлестіру және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру, өз құзыреті шегінде қала аумағындағы өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру, оларға әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

19) Департаменттің кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін төтенше жағдайларды жоюға әзірлікте ұстау;

20) қала аумағында, оның ішінде Департаменттің кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен және құралымдарымен өткізілетін оқу-жаттығуларды, штабтық жаттығуларды әзірлеу, дайындау;

21) төтенше жағдайларды жою үшін азаматтық қорғау авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары дайындығы мен дамуы жағдайы бойынша талдауды жүзеге асыру;

22)  өз құзыреті шегінде терроризммен күрес жөніндегі қалалық штабтың жұмысына қатысу;

23)  өз құзыреті шегінде қалалық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;

24) өз құзыреті шегінде дағдарыс жағдайлары қатері төнген және туындаған кезде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі қалалық жедел штаб өткізетін іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

25) өз құзыреті шегінде ақпаратты жинауды, талдауды, міндетті ведомстволық есептілікті дайындауды және уақтылы ұсынуды жүзеге асыру;

26) білімді насихаттау бойынша Департаментте өткізілетін жұмыстарға қатысу, азаматтық қорғау саласында адамдарды және мамандарды оқыту;

27) Департамент, оның құрылымдық бөлімшелері мен ведомствоалық бағынысты қызметтер қызметін, сондай-ақ  қалада «Жас құтқарушы» клубын дамыту бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру;

28) Министрлікке өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер, азаматтық қорғау саласындағы нормативтік актілер мен стандарттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар енгізу;

29) жедел-құтқару жасақтарын төтенше жағдайларды жоюға дайындау және әзірлікте ұстау;

30) гуманитарлық акцияларды ұйымдастыруға, дайындауға және өткізуге қатысу;

31) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі жүргізетін күзет іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

32) суға шомылу маусымы кезеңінде және күзгі-қысқы кезеңдерде су айдындарында адамдардың қаза болуын болдырмау жөнінде түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

33)  судағы адам өлімімен күресудің жаңа әдістері бойынша ұсыныстар әзірлей отырып, суға шомылу маусымының қорытындылары бойынша талдауды жүзеге асыру;

34) азаматтық қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған, Қазақстан Республикасының басқа да заңдар мен заңға тәуелді актілермен басқа да функцияларды жүзеге асыру болып табылады.

  1. Бөлімнің құқығы:

Негізгі міндеттерін және функцияларын іске асыру мақсатында бөлім өз құзыреті шегінде құқылы:

1) белгіленген тәртіппен мемлекеттік статистика органдарынан, орталық атқарушы органдардың жергілікті атқарушы және аумақтық бөлімшелерінен, Департаменттің аумақтық бөлімшелерінен, кәсіпорындар мен ұйымдардан, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен мәліметтерді сұратуға және алуға;

2) авариялық-құтқару қызметтері мен азаматтық қорғау құралымдарын жетілдіру және олардың әзірлігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңнамалық және басқа да нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларға ұсыныстар енгізуге қатысуға;

3) жергілікті атқарушы органдар, министрліктер мен ведомстволардың аумақтық бөлімшелері, меншік нысанына қарамастан ұйымдар құрған азаматтық қорғау авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын құру және әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мониторингті белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға;

4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға азаматтық қорғаудың авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының күштері мен құралдарын тарту туралы ұсыныстар енгізуге;

5) Департамент басшылығында Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мекемелердің басшыларын тыңдауға бастамашылық етуге;

6) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің ведомстволық бағыныстағы мекемелеріне қызметіне тақырыптық және басқа да тексерулер жүргізуге;

7) Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдарға Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нұсқаулар беруге;

8) төтенше жағдайлар салдарын жоюға қатысқандарды және бөлім қызметкерлерін марапаттауға ұсынуға;

9) бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша Департаменттің құрылымдық бөліністерінің және ведомстволық бағынысты бөлімшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар беруге;

10) қызметтік тәртіпті бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды Департамент басшылығына қарауға енгізуге;

11) қала аумағында төтенше жағдайларды жою бойынша өткізілген іс-шараларды зерделеу үшін шығуларды жүзеге асыру;

12) өз құзыреті шегінде өзіне жүктелген функцияларды іске асыру үшін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

  1. Бөлімнің міндеттері:

1) Қазақстан Республикасы Конституциясы және заңнамаларының талаптарын мүлтіксіз сақтау;

2) бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша материалдарды, ақпараттарды, хаттарды, нұсқауларды, есептік құжаттарды және хабарламаларды уақытылы және сапалы дайындауды жүзеге асыру;

3) атқарушы және еңбек тәртібінің талаптарын, ішкі тәртіп ережесін және қызметтік міндеттерді сақтау;

4)  Бөлімге тіркелген жұмыс құжаттарының және тауар-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету;

5) құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету.

                           3-тарау. Бөлім қызметін ұйымдастыру

  1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Бөлім өз қызметін Департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес, белгіленген құзыреті шегінде Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен, жергілікті атқарушы органдармен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.
  3. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтен босатылатын және қызметке тағайындалатын бастық басқарады.
  4. Бөлім бастығы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  5. Белгіленген тәртіп бойынша бөлім бастығы құқылы:

1) Бөлімнің жүзеге асыру қызметі шегінде бөлім қызметкерлерінің міндеттерін  бөлуге;

2) Бөлім қызметкерлерінің қызметтен босатылуы және қызметке  тұруы туралы штаттық кестеге ұсыныстар енгізуге;

3) төтенше жағдайларды жоюға қатысушыларды және бөлім қызметкерлерін марапаттау туралы ұсыныстар енгізуге;

4) Оның құзыретіне кіретін басқа да мәселелерді шешу туралы шешім шығаруға.

  1. Қажет болған жағдайда бөлім осы Ережеге толықтырулар мен өзгерістер енгізеді.

 

ереже
Дата публикации
07 апреля 2021