Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар
департаменті бастығының
2021 жылғы «___» __________
№ ____ бұйрығына 2-қосымша
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті
Азаматтық қорғаныс басқармасы туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Басқарманың негізгі тапсырмалары, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Функциялар:
1) басқарманың құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуына жолдау;
2) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органға ұсыныстар енгізу;
3) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;
Функциялар:
1) Басқарманың құзыреті шегінде азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, нормативтік актілер мен стандарттардың жобаларына Комитетке ұсыныстар енгізу;
2) азаматтық қорғаныс мүлкіне қажеттілікті айқындау үшін Комитетке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;
3) азаматтық қорғаныс мүлкін есепке алуды сақтау, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларына ұсыныстар енгізу;
4) қорғаныс құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
5) азаматтық қорғаныс мүлкін сатып алу, құру және пайдалану қағидалары негізінде жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар енгізу;
6) материалдық-техникалық қамтамасыз етуді құру, ұстау, азаматтық қорғау құралымдарын даярлау және тарту қағидаларын әзірлеуге;
7) қалалық азаматтық қорғау қызметтері туралы ережені әзірлеуге;
8) азаматтық қорғаныс саласындағы іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру;
9) эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар енгізу;
10) азаматтық қорғау саласындағы білімді, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыру және насихаттау;
11) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды, халықты оқытуды ұйымдастыру;
12) өз құзіреті шегінде азаматтық қорғау саласында даярлықтан немесе қайта даярлаудан өткен тыңдаушыларға берілетін бірыңғай үлгідегі сертификат нысанын әзірлеуге ұсыныстар енгізу;
13) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резервінің материалдық құндылықтарын бөлу және пайдалану жөнінде өз құзіретін шегінде ұсыныстар әзірлеу;
14) азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және азаматтық қорғаныс бастығы-қала әкіміне бекітуге енгізу;
15) өңірлік және жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеу және түзету, оларды Департамент басшылығына енгізу; шетелдік азаматтар (босқындар) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы жаппай көшкен жағдайда мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың іс-қимыл жоспарын; азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітуге;
16) азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі мен мазмұны жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
17) бейбіт және соғыс уақытында қала халқын инженерлік, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау жөнінде жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар енгізу;
18) азаматтық қорғаныс бастығы – қала әкіміне қосалқы (қалалық, қала сыртындағы) және жылжымалы басқару пункттерін құру жөнінде ұсыныстар енгізу;
19) басқарманың құзыреті шегінде білімді насихаттау, халықты және азаматтық қорғау саласындағы мамандарды оқыту бойынша ұсыныстар енгізу;
20) қорғаныс құрылыстарының қажетті қорын, жеке қорғаныс құралдары қорларын, азаматтық қорғаныстың басқа да мүлкінің жинақталуын есебін жүргізу;
21) азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу жөнінде химиялық, радиациялық және биологиялық қауіпті объектілерді және азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс - шараларын жоспарлау үшін олардағы ең көп жұмыс істейтін ауысымдар санын есебін жүргізу;
22) радиациялық, химиялық, биологиялық қауіпті объектілердің есебін жүргізу бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен өзара іс-қимыл жасау;
23) азаматтық қорғаныс саласындағы білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастыруды;
24) азаматтық қорғаныс бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды санаттарға жатқызу жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
25) қалалық азаматтық қорғау қызметтерімен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға қатысуға;
26) Департаменттің жұмылдыру дайындығы іс-шараларының жоспарларын әзірлеуге;
27) Департаменттің жұмылдыру жоспарын басқа да қажетті жұмылдыру құжаттарын әзірлеу және нақтылауға;
27) азаматтық қорғаныс, Министрліктің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының жауынгерлік және жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша жиындармен оқу-жаттығуларға қатысу;
29) Департаменттің әскери жұмылдыру тобының ережесінде айқындалған құпия жұмылдыру іс қағаздарын жүргізуді жүзеге асыруға;
30) Департаменттің және Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету;
31) Департаменттің құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне кенеттен тексеру жүргізу;
32) жаңадан құрылатын әскери бөлімдер мен өрт сөндіру бөлімімдеріне арналған ұзақ сақталатын жұмылдыру ресурсы қорларының жинақталуына, сақталуына, арналуы бойынша пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
33) әскери міндеттілерді соғыс уақытында жұмылдыру кезеңіне брондауды есепке алу, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақырылуға жататын инженерлік-техникалық қызметкерлерді, жұмысшылар мен қызметшілерді ауыстыру жоспарларын әзірлеу;
34) қала аумағында эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
35) Департамент басшылығына Департамент бөлімшелерін химиялық мүлікпен, радиациялық және дозиметриялық бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша ұсыныстар енгізу;
36) жергілікті атқарушы органдарға және Департамент басшылығына азаматтық қорғаныс мүлкімен жабдықтау бойынша бюджеттік өтінімдерді дайындау және тиісті ұсыныстар енгізу;
37) азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде Комитетке ұсыныстар енгізу;
Функциялар:
1) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізімдеріне ұсыныстар жолдайды;
4) азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы нұсқамалар беруге;
5) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тексерулер жүргізудің қорытындылары бойынша ведомстволық есептілікті Комитетке ұсыну.
6) су айдындарында қауіпсіздік ережелерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;
7) су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтамағаны үшін азаматтар мен заңды тұлғаларға нұсқамалар беруге.
1) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуде ұсыныстар жолдуға;
2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен мәліметтер сұратуға және алуға;
3) Комитетке басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерді алқада қарау туралы ұсыныстар енгізуге;
4) басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тыңдауларға дайын болуға және өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге;;
5) басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге;
6) басқарманың жыл сайынғы жұмыс жоспарын жетекшілік ететін Департамент бастығының орынбасарымен бекітуге ұсынуға;
7) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға;
8) өз құзыреті шегінде бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар қабылдау;
9) Департамент өткізетін оқу-жаттығуларды, штабтық жаттығуларды, оның ішінде Департаменттің ведомстволық бағынысты мекемелерінің кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен жоспарлау, әзірлеу, дайындау;
10) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде қаланың азаматтық қорғау күштеріне басшылық ету жөнінде ұсыныстар дайындау;
11) төтенше жағдайлар туындаған кезде ақпараттық-талдау материалдарын дайындау үшін Департаменттің және ведомстволық бағынысты мекемелерінің кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлерін тарту;
12) Департамент бастығына төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның, эвакуациялық комиссияның, құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің отырыстарында басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерді қарау туралы ұсыныстар енгізуге;
13) бөлімнің құзыреті шегінде қызметтік іс-әрекетті және атқарушылық тәртіпті бұзу фактілері бойынша қызметтік тексеру жүргізу, олардың себептерін анықтау, талдау және бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау;
14) белгіленген тәртіппен соттарда департаменттің мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға.
3-тарау. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
1) басқарма құрамына кіретін аға офицерлер мен офицердің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
2) өз құзыреті шегінде басқарманың қызметін үйлестіреді;
3) бастық болмаған кезеңде басқарманың қызметіне жалпы басшылық жасау аға офицерге жүктеледі, ол міндеттерді орындау кезінде жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
4) белгіленген тәртіппен Департамент бастығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-тарау. Басқарманың мүлкі
5-тарау. Басқарманы қайта құру және тарату