Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы туралы ереже

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар

департаменті бастығының

2021 жылғы «___» __________

№ ____ бұйрығына 1-қосымша

 

 

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы туралы ереже

1-тарау. Негізгі ережелер

  1. Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы (бұдан әрі – басқарма)Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Басқарманың құрылымы, штат саны Департаменттің штат кестесімен айқындалады.
  4. Басқарма бастықтан, оның орынбасарынан, бас мамандардан, аға инженерден, техникалық нормалау тобының бас маманынан және аға инженерінен тұрады.

2-тарау. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

  1. Міндеті: өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру бөлігінде азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.
  2. Функциялар:

1) заңнамаға сәйкес өрттің алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

2) өрт қауіпсіздігі саласында тексерулерді ұйымдастыру;

3) Шымкент қаласы аумағындағы өрттер туралы жыл сайынғы талдау жүргізу;

4) аудандық төтенше жағдайлар басқармаларының өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау қызметінің тиімділігі туралы жыл сайын талдау жүргізу;

5) өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;

6) заңдылықтың сақталуын бақылауды жүзеге асыру және өрт қауіпсіздігі саласындағы әкімшілік заңнаманың құқық қолдану практикасын жетілдіру;

7) Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» және «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізіліміндегі» ақпараттық жүйелерінің аудандық төтенше жағдайлар басқармаларында іске асырылуын ұйымдастыру;

8) азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу және анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар беру;

9) заңнамада белгіленген тәртіппен объектіні ішінара немесе толық пайдалануды тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы талап арыздарын жасау және сот органдарына жіберу;

10) ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, өндірістік учаскелердің, агрегаттардың жұмысын ішінара немесе толық тоқтата тұру, өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымды, объектіні, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезінде жобаларда көзделген өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамаған кезде ғимараттарды, құрылыстарды, электр желілерін, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге тыйым салу туралы материалдарды сот органдарына жолдау;

11) өрт қауіпсіздігі саласында оқыту мен насихаттауға талдау жүргізу және аудандық төтенше жағдайлар басқармалары үшін ұсынымдар әзірлеу;

12) ерекше тәртіп бойынша тексерулердің жартыжылдық графиктерін белгіленген тәртіппен жинақтау және жолдау;

13) аудандық төтенше жағдайлар басқармаларының жедел-қызметтік жұмысын тақырыптық тексеруге шығу, кешенді тексеруге қатысу;

14) тәуекел дәрежесі жоғары объектілердің өртке қарсы қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған Департамент жұмыс жоспарының көрсеткіштерін қалыптастыру және міндеттерін іске асыру;

15) өрттерді ведомстволық есепке алу;

16) өрт қауіпсіздігі саласында жүргізілген аудит қорытындыларын есепке алу;

17) мемлекеттік өрт бақылау және өртке қарсы нормалау мәселелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің өтініштерін өз құзыреті шегінде қарау;

18) жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша аудандық төтенше жағдайлар басқармаларының жұмысын ұйымдастыру және іс-қимылын үйлестіру;

19) басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Департаменттің аппараттық және жедел кеңестеріне материалдар, ақпараттар, анықтамалар, шолулар дайындау.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

2) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру және өткізу;

3) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін сақтауға міндетті;

4) Қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3-тарау.  Басқарма қызметін ұйымдастыру

  1. Басқарма Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, заңнамалық актілерге сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын, іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие болады.
  2. Басқарманы лауазымға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалатын және қызметінен босатылатын бастық басқарады.
  3. Бастықтың лауазымға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
  4. Басқарма бастығы Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.
  5. Басқарма бастығы басқару құрылымы мен штаттары бойынша Департамент басшылығына ұсыныстар береді.
  6. Осы мақсатта басқарма бастығы:

1) өз орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Басқарма бастығының орынбасары:

1) Өз өкілеттігі шегінде Басқарманың қызметін үйлестіреді;

2) басқарма бастығы болмаған кезеңде, міндеттерін орындау туралы шешімімен жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3) басқарма бастығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарма атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Басқарма бастығы, ал ол болмаған жағдайда - оны алмастыратын адам қол қояды.
  2. Қажет болған жағдайда Басқарма осы Ереже өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

 

ереже
Дата публикации
07 апреля 2021