Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдары жүйесінде сыйлықақы берудің, материалдық көмек көрсетудің лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеудің кейбір мәселелері
Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау қызметкерлерін лауазымдық (қызметтік) міндеттерін тиісінше орындағаны үшін көтермелеу жүйесін ретке келтіру, сондай-ақ олардың функциялары мен міндеттерін уақтылы және сапалы орындауға материалдық мүдделілігін арттыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
- Мына:
- осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне, қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу жөніндегі әдістеме;
- осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау органдарының азаматтық қызметшілері мен өзге де жұмыскерлерінің сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу жөніндегі әдістеме;
- осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау органдарының әскери қызметшілеріне, қызметкерлеріне, мемлекеттік қызметшілеріне, азаматтық қызметшілеріне және өзге де қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету жөніндегі комиссия туралы үлгілік ереже бекітілсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппаратының басшысына жүктелесін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Ю. Ильин