Шымкент қаласының аумағында өткізілген «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы бойынша
АНЫҚТАМА
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің (бұдан әрі-ҚР ТЖМ) ұйымдастыру нұсқаулығына, «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау және оны өткізу жөніндегі ұйымдастырушылық нұсқауына және 2021 жылғы 20 ақпандағы қала әкімі бекіткен «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының (бұдан әрі - РКШОЖ) iс-шараларын Шымкент қаласының аумағында дайындау және өткiзу жөніндегі ұйымдастыру нұсқауыңызға сәйкес, ағымдағы жылғы 4-5 наурыз аралығында қалада республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.
Жаттығу тақырыбы: «2021 жылғы су тасқыны кезеңі жағдайларында төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің (бұдан әрі-АҚМЖ) басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау».
Мақсаты: АҚМЖ-ның Шымкент қаласы аумақтық құрамдас бөлігінің және тұрғын халықтың көктемде болуы мүмкін төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдарға дайындығы мен қабілеттілік деңгейін арттыру, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде бағынысты күш пен құралдарға басшылық жасау жөніндегі басқару органдарының жұмысын тексеру, құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды орындау кезінде бірлесіп іс-қимыл жасаудың тәртібін жетілдіру.
Оқу – жаттығуға:
Шымкент қаласы мен аудан әкiмдерінің аппараттары, қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi комиссиялары, қаланың азаматтық қорғау қызметтерi;
Шымкент қ. Төтенше жағдайлар департаменті (бұдан әрі - Департамент), ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің Шымкент қ. бойынша филиалы (келiсiм бойынша), «Өрт сөндіруші» акционерлік қоғамының Оңтүстік аймақтық филиалы (келiсiм бойынша), Шымкент қ. Полиция департаменті, ҚР ІІМ Ұлттық ұланының №6506 әскери бөлімі (келiсiм бойынша), «Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясы" акционерлік қоғамының Шымкент қаласы жол бөлімшесі филиалы (келiсiм бойынша), ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ Оңтүстік аймақтық басқармасы;
Шымкент қ. Санитарлық-эпидемиологиялық департаменті, Денсаулық сақтау басқармасы, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, Ауыл шаруашылық және ветеринария басқармасы, Жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасы, Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасы, Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы, Құрылыс басқармасы, «Петро Казахстан Ойл Продактс» ЖШС (келiсiм бойынша), «КазТрансГазАймак» АҚ Шымкент өндірістік филиалы (келiсiм бойынша), «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-нің қалалық ЭТЖ (келiсiм бойынша), «Қуатжылуорталық-3» МКК (келiсiм бойынша), «3 Энергоорталық» АҚ (келiсiм бойынша), «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС (келiсiм бойынша), «Қазақтелеком» АҚ ОҚО телекоммуникация дирекциясы, «Казгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалы, Шымкент қаласы су құбырлар және канализация басқармасы МКК(келiсiм бойынша) қатысты.
Оқу-жаттығудың бірінші кезеңде:
2021 жылғы 04 наурызда сағат 08:00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) басқару органдары мен күштерін дайындыққа келтіру бойынша «Дабыл-1001» шартты белгісі түсті;
2021 жылғы 04 наурызда сағат 08:00-де азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің аумақтық кіші жүйесі шартты түрде жоғары дайындықта жұмыс істеу режиміне көшірілді;
2021 жылғы 04 наурызда сағат 08:05-те «Көктем-2021» РКШОЖ республикалық штабына алынған шартты белгіні растау туралы хабарлама жіберілді;
АҚМЖ аумақтық кіші жүйесі шартты белгі алғаннан кейін, жоғары дайындықта жұмыс істеу режиміне көшірілді;
төтенше жағдай салдарын жою бойынша штабтың тәулік бойы жұмысы ұйымдастырылды;
Департамент дағдарыс орталығының жұмысы жандандырылып, республикалық штабпен байланыстың барлық түрлері орнатылды;
ТЖ аймағында жұмыс істеу үшін Департаменттің жылжымалы басқару пункті мен байланыс торабы дайындалды (ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Камаз базасындағы командалық штабтық автокөлік Департамент аумағында өрістетілді, қысқа толқынды және ультра қысқа толқынды радиобайланыс ұйымдастырылды, деректерді бере отырып, АСТЕЛ жерсеріктік байланыс орнатылды);
басқарма бекеттері дайындыққа келтірілді, қала тұрғындарын хабарландыру және байланыс жүйесі тексерілді, қалалық азаматтық қорғау қызметтерімен, аудан әкімдіктерінің аппараттарымен байланыс және өзара іс-қимыл ұйымдастырылды;
қалалық емдеу мекемелерінде медициналық көмек көрсету үшін қосымша орындар (қалалық ауруханалар) дайындалды;
қаланың басқару органдары, азаматтық қорғау қызметтері, оның ішінде авариялық-құтқару қызметі мен азаматтық қорғау құралымдары жоғары дайындыққа келтірілді;
АҚМЖ аумақтық кіші жүйесінің барлық басқару деңгейлерінде, оның ішінде тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды;
2021 жылғы 04 наурызда сағат 10:00-де (жергілікті уақыт бойынша) басқару органдары мен күштерін жұмылдыру бойынша «Тасқын-2002» шартты белгісі түсті.
Сигнал алғаннан кейін күштер мен құралдар практикалық іс-шараларға кірісті. 2021 жылғы 04 наурызда сағат 10:00-де (жергілікті уақыт бойынша) республикалық штабтан Түркістан облысы Ордабасы ауданының Екпінді кентін су басып жатқаны (шартты түрде) және көмекке Департаменттің күштері мен құралдарының жедел жолдау туралы кіріспе (вводный) берілді.
Осыған сәйкес, жедел түрде қалалық штаб Түркістан облысының штабымен байланыс орнатып, кріспе бойынша іскерлік ойындар өткізілді.
Сонымен қатар, Департаменттің 35 қызметкері мен 9 бірлік техникасы дабыл бойынша жиналып, Түркістан облысына жедел шығуы ұйымдастырылды.
Екпінді кентінде Департаменттің қызметкерлері (сағат 12.30) далалық лагерьді және жылжымалы басқару пункті өрістетті (байланысты қалпына келтіру, КШМ арқылы бейнеконференцбайланысты тікелей қосылуы қамтамасыз етілді).
Жеке құрам каналдарды тазалау және еріген қардың, жаңбыр суын бұру бойынша жұмыстарды жүргізді.
Оқу-жаттығу барысында қала аумағында төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халықты қабылдау үшін 129 жиналу эвакуациялық пункті дайындыққа келтірілді.
Сағат 11.00-де қатты жауын шашын салдарынан Еңбекші ауданы Жыланбұзған тұрғын алабындағы тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстар су басқаны туралы шартты түрде кіріспе берілді және осы шартты түрдегі төтенше жағдайларды жою азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдеріне іскерлік ойындар ұйымдастырылып, өткізілді.
Сағат 16.00-де берілген кіріспе бойынша азаматтық қорғау қызметтерінің атқарылған жұмыстарын тыңдауы өткізілді.
2021 жылғы 04 наурызда сағат 18:30-да (жергілікті уақыт бойынша) "Алатау-3003" шартты белгісі түсіп, ол басқару органдарға жеткізілді.
2021 жылғы 04 наурызда сағат 18:35-те «Көктем-2021» РКШОЖ республикалық штабына алынған шартты белгіні растау туралы хабарлама жіберілді.
Екінші кезеңде:
2021 жылғы 05 наурызда сағат 09:00-де (жергілікті уақыт бойынша) «Тасқын-2002» шартты белгісі бойынша жұмыстар жалғасты.
Сағат 09.05-де оқу-жаттығу жедел штабының нүсқау бойынша Еңбекші ауданы Жыланбұзған тұрғын алабында орын алған төтенше жағдайларды жою іскерлік ойын жалғастырылды.
Сағат 09.10-де Шымкент қаласы әкімінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы №1035 Қаулысымен құрылған Жоғары дайындықтағы шұғыл ден қою жиынтық жасағының күштері мен құралдарының төтенше жағдайларға дайындығын анықтау мақсатында Еңбекші ауданы Жыланбұзған тұрғын алабында жинау туралы кіріспе дабылы берілді.
Сағат 10.30-де түгендеу жүргізгеннен кейін азаматтық қорғау қызметтеріне шартты түрде кіріспе берілді және осы бойынша қызметтер практикалық іс-шаралар жүргізді, онда "Бадам" өзенінің арнасында ұзындығы 800 метрден астам жағалауды нығайту, арнаны түзету және түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге, зардап шеккен халықты қабылдау үшін №126 негізгі мектепте орналасқан жиналу эвакуациялық пункті әзірлікке келтіріліп, адамдарды қабылдау жұмыстары жүргізілді.
Атқарылған іс-шараларға жергілікті «Айғақ»,«Оңтүстік», «Отырар», «НарТВ» жергілікті телеарналар ақпараттық қолдау көрсетті, материалдар әлеуметтік желілірде жарияланды.
2021 жылғы 05 наурызда сағат 17:00-де (жергілікті уақыт бойынша) «Тұлпар-4004» шартты белгісі түсті, 17:05-те "Көктем-2021" РКШОЖ республикалық штабына хабарлама жіберілді.
2021 жылғы 05 наурыз сағат 18:00-де (жергілікті уақыт бойынша) «Көктем-2021» РКШОЖ «Толқын-5005» шартты белгісі түсті, сағат 18:05-те "Көктем-2021" РКШОЖ республикалық штабына хабарлама жіберіліп, жаттығу аяқталды.
Төтенше жағдайларды жою бойынша практикалық іс-шараларға авариялық-құтқару қызметі мен азаматтық қорғау құралымы (150 адам және 40 бірлік техника) тартылды.
2021 жылғы 05 наурызда сағат 15.00-де Департаменттің дағдарыс орталығында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ю.В.Ильиннің төрағалығымен бейнеконференцрежимде өткен кеңеске азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдері қатысты.
Бейнеконференциядан кейін қала әкімінің орынбасары М.Айманбетов оқу–жатығу бойынша қорытынды жиналыс өткізіліп, нәтижесімен хаттама түзіліп азаматтық қорғау қызметтеріне тиісті тапсырмалар берілді.
Қорытынды. Жалпы өткізілген РКШОЖ қорытындысы бойынша жергілікті басқару органдары, оларға бағынысты күш-құралдар топтамалары көктем мезгілінде туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алуға және зардаптарын жоюға «Дайын».