Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің" Азаматтық қорғау саласындағы басшы құрамды даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың 2021 жылға арналған жоспарына "сәйкес, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің" Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы " ЖШС-де әртүрлі санаттағы қызметкерлер бойынша
30 тыңдаушыны оқыту жоспарланып, 2021 жылдың бірінші тоқсанында
11 тыңдаушы оқытылды.
2021 жылға арналған Шымкент қаласының азаматтық қорғау саласында даярлықтан және қайта даярлаудан өту жоспарына сәйкес, 344 тыңдаушыны оқыту жоспарланып, бірінші тоқсанда 104 тыңдаушы оқытылды. Ел аумағында карантиндік іс-шаралардың өтуіне байланысты оқытудың бұл түрі "ZOOM"п қосымшасы арқылы онлайн өткізіледі.
ТЖД аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен, АҚ құрылымдарымен бірлесіп 170 оқу-жаттығу өткізілді:
– кешенді жаттығулар-2;
- объектілік жаттығулар-9;
- штабтық жаттығулар-2;
- тактикалық – арнайы оқу-жаттығу-2;
ұйымдарда:
- авариялық жағдайлар бойынша жаттығулар-6;
- сейсможаттығу -146;
- селжаттығу-1;
- су басуы ықтимал аймақтардағы жаттығулар – 2.