Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 258 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 шілдеде № 9554 тіркелді.
"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 26) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 02.05.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
|
Министр |
В. Божко |
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
||
Азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 02.05.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Қазақстан Республикасының, орталық атқарушы органдардың және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы 1-параграф. Қарсылас шабуыл жасаған кездегі ықтимал ахуалды қысқаша бағалау
2-параграф. Азаматтық қорғау әзірлігі дәрежелерін енгізу кезіндегі іс-шаралар
3-параграф. Әскери жағдайды енгізу және соғыс уақыты кезінде жүргізілетін азаматтық қорғаныс іс-шаралары
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 03.05.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) азаматтық қорғау жүйесін әскери жағдайына және соғыс уақытына көшіру кезіндегі азаматтық қорғаныс бастығының негізгі іс-шараларды өткізудің күнтізбелік жоспары (еркін нысанда);
2) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды қолдану кезіндегі ықтимал ахуал (мынадай масштабтардағы топографиялық картада: республикалық деңгей үшін М 1:1 000 000; облыстар үшін М 1:500 00, республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар үшін М 1:50 000; облыстың аудандары үшін М 1:100 000, қаладағы аудандар үшін М 1:25 000, түсіндірме жазбасымен (еркін нысанда);
3) азаматтық қорғау күштерінің тобы, азаматтық қорғау құралымдары түсіндірме жазбасымен (еркін нысанда);
4) азаматтық қорғаныстың халықты қорғау жөніндегі негізгі іс-шаралары түсіндірме жазбасымен (еркін нысанда);
5) соғыс уақытына арналған байланыс пен құлақтандыруды ұйымдастыру схемасы;
6) эвакуациялау және шоғырландыру (эвакуацияланған халықты қабылдау және орналастыру) жоспары (мынадай масштабтардағы топографиялық картада: республикалық деңгей үшін М 1:1 000 000; облыстар үшін М 1:500 00, республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар үшін М 1:50 000; облыстың аудандары үшін М 1:100 000, қаладағы аудандар үшін М 1:25 000, түсіндірме жазбасымен (еркін нысанда);
7) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудан, қалалар үшін әскери басқару органдарымен және азаматтық қорғауды басқару органдарымен азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындау кезінде өзара іс-қимыл жасау жоспары (мынадай масштабтардағы топографиялық картада: облыстар үшін М 1:500 00, республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар үшін М 1:50 000; облыстың аудандары үшін М 1:100 000, қаладағы аудандар үшін М 1:25 000, түсіндірме жазбасымен (еркін нысанда).
Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 03.05.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Санатталған ұйымдар мен базасында азаматтық қорғау қызметі құрылған ұйымдарға арналған азаматтық қорғаныс жоспарларының құрылымы
1-параграф. Қарсылас шабуыл жасаған кездегі ықтимал ахуалды қысқаша бағалау
2-параграф. Азаматтық қорғау әзірлігі дәрежелерін енгізу кезіндегі іс-шаралар
3-параграф. Әскери жағдайды енгізу және соғыс уақыты кезінде жүргізілетін азаматтық қорғаныс іс-шаралары
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 03.05.2019 № 375 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) азаматтық қорғау жүйесін әскери жағдайына және соғыс уақытына ауыстыру кезінде ұйымның азаматтық қорғаныс бастығының негізгі іс-шараларды жүргізу жөніндегі күнтізбелік жоспары;
2) қазіргі заманғы зақымдаушы құралдарды қолдану кезіндегі ықтимал ахуал (жергілікті жердің жоспар-схемасы түсіндірме жазбамен (еркін нысанда);
3) азаматтық қорғау күштерінің тобы, ұйымдардың азаматтық қорғау құралымдары түсіндірме жазбамен;
4) азаматтық қорғаудың ұйымдарды қорғау жөніндегі негізгі іс-шаралары түсіндірме жазбамен;
5) құлақтандыру мен байланысты ұйымдастыру схемасы;
6) эвакуациялау жоспары (жергілікті жердің жоспар-схемасы түсіндірме жазбамен).
|
|
Қазақстан Республикасы |
Төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарының құрылымы
1–тарау. Облыстың (қаланың, ауданның) қысқаша географиялық және экономикалық сипаттамасы мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындауы кезіндегі ықтимал ахуалды бағалау
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 02.05.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2–тарау. Төтенше жағдайлар қатері және туындауы кезінде жүргізілетін іс-шаралар
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 02.05.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3–тарау. Төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша жүргізілетін іс-шаралар
Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 02.05.2018 № 335 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) азаматтық қорғаныс бастығының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері және туындауы кездегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары (еркін нысанда);
2) азаматтық қорғау күштері мен құралдарының есебі түсіндірме жазбамен (еркін нысанда);
3) Қазақстан Республикасындағы жер сілкіністері салдарын жоюға тартылатын азаматтық қорғау күштері мен құралдарының есебі түсіндірме жазбамен (еркін нысанда);
4) бейбіт уақытқа арналған байланысты және құлақтандыруды ұйымдастыру схемасы (еркін нысанда);
5) аумақтың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ұшырағыштығының картасы (еркін нысанда).