2020 жылдың 12 айында Шымкент қаласының өрт сөндіру бөліністері шұғыл шығулармен 2343 рет шыққан (2019 ж.- 2760 рет, -15,1% төмендеген), соның ішінде өрттерді сөндіруге 207 рет (2019 ж.-199 рет, 4% өскен), авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 5 рет (2019 ж.-62 рет, 57 ретке төмендеген), өрт ретінде есепке алынбайтын жану жағдайларына 2123 рет шықтық (2019 ж.-2492 рет, -14,8% төмендеу). Ағымдағы жылы жалған шақырулар орын алған жоқ (2019 ж.-5 рет, -100% төмендеу).Анықтамалық: өрттерде 15 адам құтқарылды (2019 ж.-32 адам, -53% төмендеу), 134 адам қауіпсіз жерге көшірілді (2019 ж.-119 адам, 12,6% өскен), түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған 9 адам (2019 ж.-6 адам, 50% өскен), өрттерде 6 адам қайтыс болды (2019 ж.-7 адам, -14,2% төмендеу) және АҚЖ барысында 302 адам қауіпсіз жерге көшірілді (2019 ж.-1178 адам, -74,3% төмендеу). Жедел құтқару жасағы тарапынан 607 рет (2019 ж.-871 рет, -30,3% төмендеу) шұғыл шығулар жасалынды, соның ішінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге 418 рет (2019 ж.-563 рет, -25,8 % төмендеу), іздестіру құтқару жұмыстарына 46 рет (2019 ж.-34 рет, 35,3% өскен) халыққа көмек көрсетуге 143 рет (2019 ж.-274 рет, -47,8% төмендеу). Анықтамалық: Жалпы 212 (2019 ж.-347 адам, -38,9% төмендеу) адам құтқарылды (оның ішінде 117 бала), 118 адам (2019 ж.-139 адам, 15% өскен) қауіпсіз жерге көшірілді, 69 адамның мәйіті шығарылды (2019 ж.-67 адам, 2,9% өскен). Есеп беру кезеңінде қала аумағында гарнизонның жоғары шақыру рангі бойынша 2 өрт сөндірілді. ҚР ІІМ ТЖК 2015 жылғы 12 мамырдағы №110 «Өрттерді зерделеу бойынша нұсқаулығының» 1-тарауының 3-тармақшасына сәйкес, өндірістік кәсіпорындарда өрттің жалпы көлемі 300 шаршы метрден жоғары болуына байланысты 1 өрттің сипаттамасы дайындалып өрт сөндіруді ұйымдастыру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу басқармасына жолданды (2020 жылғы 2 тамызда Шымкент қаласы, Төле би көшесі №11 мекенжайда орналасқан «Визит» АҚ, 19.08.2020 ж. №29-17-17-3-04/2310-И шығыс хаты).
|
2020 жылғы 2 тамызда Шымкент қаласы, Төле би көшесі №11 мекенжайда орналасқан «Визит» АҚ (алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт) аумағында шикізатты сақтау және пластикалық бөтелкелерді дайындау цехында пластикалық бөтелкелерге арналған шикізат, сэндвич панельдері мен шатыр жабындысы жанған. Өрт аумағы 750 м2 құрады. Аталған өрт №2 шақырумен сөндірілді. |
|
2020 жылғы 25 тамызда Шымкент қаласы, Бағбаев көшесі, н/з мекенжайы бойынша орналасқан "Аэропорт-Шымкент" АҚ-ға жатпайтын іргелес аумақта (әуежайға арналған жаңадан салынып жатқан терминалда, тапсырыс беруші "Скат" АҚ) құрылыс ағаш конструкциясы (қалып-опалубка) өртенді. |
|
Сонымен қатар айта кететін өрт 2020 жылғы 9 маусымда Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы №129, мекен жайда орналасқан «Бекжан» автовокзал автотұрағының екінші қабатына көтерілетін теппешектің астында орналасқан аяқ-киім дүнгіршектері жанды. Өрттің жалпы көлемі 280 ш.м. құрады. Өрттен қауіпсіз жерге автовокзалдағы автотұрақтың екінші қабатынан 30 жеңіл автокөлік көшірілді. №2 БИС шақырту расталмады. №1 БИС шақыртумен өрт сөндірілді. |
Қазіргі таңда Қызметтің өрт сөндіру бөлімдерінде 955 дана өрт сөндіру жедел жоспары мен 954 дана өрт сөндіру жедел карточкалары құрастырылған (2019 жылы – 923 ЖЖ - 4% өскен, 918 ЖК - 5% өскен).
|
Анықтамалық: 2020 жылғы нәтижесі бойынша 32 (66,6% әзірленді, қалғаны анықтама бар) өрт сөндіру жедел жоспарымен 36 (61% әзірленді, қалғаны анықтама бар) өрт сөндіру жедел карточкалары әзірленіп 98 (91% қайта әзірленді, қалғаны анықтама бар) жедел жоспармен 62 (98% әзірленді, қалғаны анықтама бар) өрт сөндіру жедел карточкасы қайта әзірленді. |
Гарнизонда еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі мәселелеріне тиісті көңіл бөлінуде және техника қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес 2020 жылдың 12 айында техника қауіпсіздігі бойынша 11 нұсқама өткізілді. Анықтамалық: (2 қайта, 7 жоспардан тыс, 2 мақсатты және 5 рет офицерлік құраммен сабақ, 4 рет мамандандырылған бөгде ұйымдарды тарта отырып еңбекті қорғау мәселелері бойынша сабақтар өткізілді). Басшы және жеке құрамның дайындық деңгейін арттыру, өрттерді сөндіру тактикасы бойынша машықтарға шыңдау мақсатында гарнизонның бөліністерінде шартты жасалған өрттерді сөндіру бойынша жоспардан тыс 2 өрт-тактикалық оқу-жаттығу және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін және адамдар көптеп шоғырланатын нысандарда өрт-тактикалық міндеттерді шешу бойынша 72 жоспарлы және 31 жоспардан тыс сабақ өткізілді. Газ-түтіннен қорғау қызметі бойынша әр тоқсан сайын ТДК-5 жылу-түтін камерасында және өрт сөндірушілерді психологиялық дайындаудың отты жолағында бөлімшелердің басшы және жеке құрамына сабақтар өткізілді. 2020 жылда кестеге сәйкес 2 рет, кестеден тыс 1 рет тәжірибелік жүзінде сабақтар ұйымдастырылды. Шымкент қаласында пандемия карантиніне байланысты 2-3 тоқсанындағы жылу-түтін камерасындағы сабақтар кейінге қалдырылды.Қызметтің гарнизонында 428 дана газ-түтіннен қорғаушылардан тұратын 10 дана бөлімшенің газ-түтіннен қорғау қызметі ұйымдастырылған. Гарнизонда тәулігіне орта есеппен 17-19 ГТҚҚ буыны жауынгерлік кезекшілікке түседі. Есептік кезеңде буын жұмысының жалпы уақыты 4707 минутты құрады. Анықтамалық: Қызметтің есебінде 204 жеке қорғау құралдары, оның 125 аппараты «Драгер», 71 аппарат «МSA AUER», 4 аппарат АП-98К. «Драгер» аппараттарының техникалық жағдайын тексеруге «Драгер Тестор-2100» 4 дана тестер, және «МSA AUER» аппараттарын тексеруге 2 дана «MULTI TEST» аппараты бар.Жалпы Шымкент қаласында 3777 қалалық жүйедегі өрт сөндіру гидранттары бар. 2020 жылы 3521 өрт сөндіру гидранттары тексерілді. Оның ішінде 2304 ӨГ жарамды жағдайда, 913 ӨГ жарамсыз жағдайда, 153 ӨГ көмілген, 151 ӨГ кесілген. Бүгінгі таңда 256 өрт сөндіру гидранттары тексерілмеді.
|
Анықтамалық: Абай ауданы бойынша жалпы 1268 ӨГ тексерілді, 888 ӨГ жарамды жағдайда, 226 ӨГ жарамсыз жағдайда, 83 ӨГ көмілген, 71 ӨГ кесілген. Әл-Фараби ауданы бойынша жалпы 424 ӨГ тексерілді, 306 ӨГ жарамды жағдайда, 91 ӨГ жарамсыз жағдайда, 6 ӨГ көмілген, 21 ӨГ кесілген. Еңбекші ауданы бойынша жалпы 623 ӨГ тексерілді, 427 ӨГ жарамды жағдайда, 161 ӨГ жарамсыз жағдайда, 18 ӨГ көмілген, 17 ӨГ кесілген. Қаратау ауданы бойынша жалпы 1206 ӨГ тексерілді, 683 ӨГ жарамды жағдайда, 435 ӨГ жарамсыз жағдайда, 46 ӨГ көмілген, 42 ӨГ кесілген. 2019 жылғы анықтамалығы: Шымкент қаласының аумағында 4679 дана өрт сөндіру гидранттары бар, оның ішінде қалалық жүйеде 3777-дана өрт сөндіру гидранты, объектілік-902 дана ӨГ. Жарамдысы 3380 - дана, 397 данасы жарамсыз жағдайда, өрт су қауызы 149 дана, оның ішінде жарамдысы 149- дана. Су алуға арналған 23-дана өрт пирсы бар, оның 4-данасы жарамсыз жағдайда, шайылып кеткен. Қала аумағындағы жөндеуден өткен өрт сөндіру гидранттардың жалпы саны 1039-дана. |
Зерттеу өрт-сынақ зертханасының қызметкерлері зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 2020 жылдың бүгінгі күніне дейін 207 рет өртке шығып, нәтижесі бойынша 152 өрт-техникалық қорытынды дайындалып берілді, қалған 53 өрттің материалдары келмеді (тергеушіден), оның ішінде: 152 қорытынды фото-таблицасымен дайындалды.
|
Анықтамалық: Ал 2019 жылы 221 рет өртке шығып, нәтижесі бойынша 121 өрт-техникалық қорытынды дайындалып берілген, оның ішінде: 120 қорытынды фото-таблицасымен дайындалған. |
2020 жылдың 12 айында бұқаралық ақпарат құралдарында 1911 (2019 жылы-1329, 43,8% өскен ) материал жарияланды.
|
Анықтамалық: телеарнадан 265 рет сұхбат беріліп, сюжет көрсетілді (2019 жылы -127), баспа басылымдарында 482 мақала (2019 жылы-292) жарияланды, электронды ақпараттық құралдарында-61 ақпарат (2019 жылы - 14) орналастырылды, радио эфирде 360 (2019 жылы - 212) сөз сөйлеу ұйымдастырылып, локалды радио арқылы 743 (2019 жыл - 684) хабарландыру айтылды. |
Қызметтің жеке құрамы ТЖБ қызметкерлерімен және «Жас Отан» жастар қанатының волонтерларымен бірлесе отырып (жыл басынан 418 волонтер тартылды), маусымды (жылыту маусымында адамдардың улы газбен улануының алдын алу, орман, дала өрттерінің алдын алу, шомылу маусымы ) үгіт-насихат жұмыстарын қарқанды жүргізді.
|
жылыту маусымында адамдардың улы газбен улануының алдын алу бойынша, нәтижесінде 21969 үй араланып, 70701 адам қамтылды. |
|
Қала аумағында орман, дала өрттерінің алдын алу және оларды жою мақсатында 7323 адамға үгіт насихат жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 5674 үнпарақ таратылды. |
|
шомылу маусымында адамдардың суға батуын алдын алу бойынша 10465 адамға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 9106 үнпарақ таратылды. |
Қызметтің бюджеттік қаражатын игеру 2020 жылдың 31 желтоқсанға дейінгі жағдай бойынша 99,99 % құрайды. Алға қойылған негізгі міндеттер:
Жалпы алғанда Қызметте өрт сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру тиісті деңгейге қойылған және үнемі жетілдіріледі. Гарнизонның жеке құрамы өрттерді сөндіру және адамдарды құтқару бойынша алға қойылған міндеттерді орындауға дайын!