Департаменттің қызметі азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйесінің жұмыс істеуін және одан әрі дамуын қамтамасыз етуге, өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыруға бағытталған. 2020 жылы Департаменттің жедел қызметінде 2924 рет шығулар орын алды (2019 жылы – 3566, -18%), 223 адам құтқарылды (2019 жылы – 361, -38,2%), ТЖ аймағынан 436 адам эвакуацияланды(2019 жылы – 1297, -66,3%), 4 зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетілді (2019 жылы – 0). 831 млн. теңгеге материалдық құндылықтар құтқарылды (2019ж. – 1010 млн. 356 мың теңге). Мемлекеттік өрт бақылау міндеттерін іске асыру шеңберінде 483 өрт-техникалық тексеру жүргізілді (2019 ж. – 919, - 47,4%), тексеру барысында 259 адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту (2019 ж. – 794, -67,4), 2 мыңнан астам (2605) өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу анықталды (2019 ж. – 6767, -61,5%). Азаматтық қорғаныс саласындағы профилактикалық бақылау шеңберінде 15 тексеру жүргізілді, оның барысында 92 бұзушылық (70 өрескел бұзушылық) анықталды. 2020 жылы тексеру субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау тізімі 100% - ға қамтылған. Азаматтық қорғаудың республикалық оқу-әдістемелік орталығында оқыту бойынша мемлекеттік тапсырыс жоспары 30% - ға асыра орындалды. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде ТЖК 4 жоспарлы және 6 жоспардан тыс отырысы өткізілді, бұл қала қызметтерінің техногендік және табиғи сипаттағы ТЖ алдын алуға және жоюға жұмысын үйлестіруге мүмкіндік берді. 2020 жылғы көктемгі су тасқынының залалын азайту бойынша іс-шаралар өткізілді. Осы мақсатта қалалық бюджеттен 1,5 млрд. теңгеден астам сомаға (1 млрд. 576 млн. 900 мың теңге) қаражат бөлінді. 2020 жылы қала әкімінің шешімімен жергілікті ауқымдағы екі төтенше жағдай жарияланды. ТЖ салдарын жоюға қалалық бюджеттен 285,5 млн. теңгеден астам (285 млн. 580 мың теңге) қаражат бөлінді. 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы аясында су тасқынына қарсы іс-шаралардың Шымкент қаласының аумағындағы 8 су тасқыны қаупі бар учаскелерінде 10 іс-шара өткізу жоспарланған. Бұл мақсатқа жалпы сомасы 724 миллион теңге қаржы қажет. Қазіргі уақытта қала әкімдігі Жол картасының іс-шараларын іске асыруға қажетті ақша қаражатын бөлу бойынша жұмыс жүргізуде. Су тасқыны, сел жағдайын бағалау және алдын алу шараларын әзірлеу үшін сел жағдайына және көшкін қаупі бар учаскелерге 129 тексеру жүргізілді. Шымкент қаласын дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған бағдарламасында көзделген «Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі» нысаналы индикаторына қол жеткізу мақсатында 2020 жылы сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Жол картасын іске асыру шеңберінде тұрғын үйлер мен денсаулық сақтау және білім беру объектілеріне сейсмикалық күшейту жүргізілді. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 11,7 миллиард теңге (11 млрд. 725 млн. теңге) қаражат бөлінді. Халықтың қорғалуын кезең-кезеңмен арттыру және құлақтандыру жүйесін одан әрі жаңғырту шеңберінде 2020 жылы 64 сиреналық-сөйлеу құрылғысы (БАО-400 Марс Арсенал) сатып алынды және орнатылды.19 сиреналық-сөйлеу құрылғысын интеграциялау бойынша жұмыстар аяқталды. Бұл мақсатқа қала әкімдігінен 333,2 млн.теңге (333 млн. 211 мың 200 теңге) қаражат бөлінді.Орман дала өрттерін болдырмау мақсатында қала аумағында 52 ерікті өртке қарсы құралымдар құрылды (саны 527 адам, жарақтандыруда бейімделген техниканың 94 бірлігі бар). Тұрғын үй секторында өрттердің алдын алу жұмыстарына көп көңіл бөлінді. Аулаларды (үйме-үй) аралау кезінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда халықты қамту екі еседен астам артты. Халықпен жұмысқа жергілікті атқарушы органдардың және "ҚазТрансГазАймақ" филиалының қызметкерлері тартылды, сондай-ақ Шымкент қаласының "Нұр Отан" партиясы жанындағы "Жас Отан" жастар қанаты қатарынан еріктілердің әлеуеті белсенді пайдаланылды. Министрдің тапсырмасын басшылыққа ала отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстары, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының қызметін насихаттау жүргізілді. Менің қатысуыммен және орынбасарларымның қатысуымен сұхбаттар, брифингтер, сондай-ақ ескерту және түсініктеме беру сипатындағы бейнероликтер саны артты. Қала әкімінің қолдауымен республикада алғаш рет улы газбен уланудың алдын алу бойынша қысқа метражды фильм түсірілді. Бүгінгі таңда әлеуметтік ролик жергілікті теледидардың барлық арналарында және әлеуметтік желілерде таратылуда. Жазылушылар көптеген жағымды пікірлер қалдырды, бұл өте қуантарлық жағдай. Жүргізілген жұмыстарға қарамастан, өрт санының
4% - ға (207 өрт, 2019ж-199) және зардап шеккендер санының 15,4% - ға немесе 2 адамға өскені байқалады. Сондай – ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше оқиғалар санының 3,3% – ға (250, 2019ж. – 242, +3,3%) өскені байқалады, онда 5,5 мыңнан астам адам зардап шекті (5592, 2019ж. - 114, + 49 есе), оның ішінде 89 адам қаза тапты (2019ж. - 20, + 4,5 есе). Түрлі деңгейдегі табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жою кезінде АҚМЖ азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының іс-қимыл дағдыларын дайындау және пысықтау мақсатында 258 оқу-жаттығу ұйымдастырылды және өткізілді. "Қазавиақұтқару" АҚ бірлесіп ТЖД жеке құрамының қажетті біліктіктері мен дағдыларын бекіте отырып, ұшу оқу-жаттығулары ұйымдастырылды. Азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының күштері мен құралдарын түрлі сипаттағы ТЖ ден қоюға әзірлікте ұстау мақсатында жүйелі негізде жиындар мен олардың жауынгерлік әзірлігінің жай-күйіне тексерулер жүргізіледі. Суда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі іс-шаралардың бекітілген бірлескен жоспарына сәйкес 2020 жылғы шомылу кезеңін қауіпсіз өткізу шеңберінде алдын алу шаралары жүргізілді. Әкімшілік жауапкершілікке 96 адам тартылды, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 364 және 440-баптары бойынша
266 мың теңгеден астам (266 мың 688 теңге) сома көлемінде айыппұл салынды. Шымкент қаласының су айдындарында шомылу маусымында адамдардың қаза болуының 3 жағдайы тіркелді (оның ішінде 1 бала),(2019 жылы – 3). Бұл ретте адамдардың қаза болуының барлық жағдайлары шомылуға арналған белгісі жоқ орындарда болды. Азаматтық қорғау органдарын материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту мақсатында жергілікті бюджет есебінен жалпы сомасы 5 млн. теңгеден астам (5 млн.497 мың теңге) авариялық-құтқару құралдары сатып алынды. 2021 жылға қала әкімдігі 306 млн. теңгеден астам сомаға (306 млн.494 мың теңге) есептеу техникасы мен авариялық-құтқару жабдықтарын сатып алуға қаржылық ресурстарды қарастырды. Республикалық және жергілікті бюджеттен бюджет қаражатын игеру 100% - ды құрады. Нақты штаттық жасақталуы-96%. Қызметтік тәртіпті бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлық жағдайларының мүмкіндіктерін болдырмау мақсатында жүйелі түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, «Нұр Отан» партиясы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізіледі. 2020-2021 оқу жылына арналған Көкшетау техникалық институтында оқуға үміткерлерді іріктеу мен қабылдауды ұйымдастырудың іс-шаралар жоспары аяқталды. Рұқсат беру кезінде 9 орынды бөлумен 12 орын қамтамасыз етілді.