Шымкент қ. ТЖ департаментінде бастықтың орынбасары полковник Ж.Кәрімбаевтың төрағалығымен жиын өткізілді. Жиынға қалалық азаматтық қорғау 15 қызметінің өкілдері, аудандық ТЖ басқармаларының бастықтары, ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының басшылары қатысты. Жиын барысында көктемгі су тасқыны кезеңіне АҚ қызметтерінің дайындығы пысықталды.