Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаменті
Абай ауданының төтенше жағдайлар басқармасы туралы
ЕРЕЖЕ
11.Басқарманың қызметiн жүзеге асыруға шығыстар Департамент құрамында республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12.Басқармаға Басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
1) азаматтық қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
2) тиісті аумақта азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық кіші жүйелерінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
3) өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
4) өрттің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру.
1) тиісті аумақта азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету;
2) азаматтық қорғау күштерінің қызметін қамтамасыз ету;
3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тиісті аумақта азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға бағытталған азаматтық қорғау іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу кезінде азаматтық қорғау күштеріне басшылық жасау;
4) тиісті аумақта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды мемлекеттік есепке алуды жүргізу;
5) жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін азаматтық қорғау саласындағы мәселелер жөніндегі ұсыныстардыжергілікті атқарушы органға енгізу;
6) азаматтық қорғау саласында ақпараттық-аналитикалық қызметін жүзеге асыру;
7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес төтенше жағдайларды жою кезінде ұйымдардың материалдық-техникалық ресурстарын тарту;
8) азаматтық қорғау құралдарына қажеттілікті айқындау үшін Департаментке және жергілікті атқарушы органға ұсыныстар дайындау;
9) тиісті аумақта орналасқан қорғаныш құрылыстарын есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асыру;
10) азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерін даярлау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
11) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу және оны азаматтық қорғаныстың бастығына бекіту үшін енгізу;
12) тиісті аумақта төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу;
13) азаматтық қорғаныс жоспарларының және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларының құрылымын айқындау жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізу;
14) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының көлемі және мазмұны жөнінде Департаментке ұсыныстар енгізу;
15) елді мекендер мен аса маңызды мемлекеттік меншік объектілерінің аумақтарын өрттерден қорғауды қамтамасыз ету;
16) тиісті аумақта төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі жоспарларды әзірлеу;
17) ауданның қауіпсіздік паспорттарын және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатерлерінің каталогтарын әзірлеу;
18) төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру;
19) тиісті аумақта өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының қызметін үйлестіру;
20) халыққа, азаматтық қорғаудың басқару органдарына төтенше жағдайдың туындау қатері туралы болжам болған кезде күні бұрын және (немесе) төтенше жағдай туындаған кезде жедел хабар беруді және оларды құлақтандыруды қамтамасыз ету;
21)азаматтық қорғау саласындағы білімді насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды жүзеге асыру;
22) төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстар туындаған кезде немесе осы қақтығыстар салдарынан қорғану тәсілдері мен іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің басшыларын, мамандарын даярлауды жүзеге асыру;
23) өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
24) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
25) елді мекендер мен объектілерде өртке қарсы күреске өрт сөндіру бөлімшелерінің әзірлігін бақылауды жүзеге асыру;
26) өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс саласында әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер жүргізуді жүзеге асыру;
27) анықталған бұзушылықтарды жою және өрттерді болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға ұйғарымдар беру;
28) азаматтарға, лауазымды және заңды тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою және азаматтық қорғаныс жөніндегі іс-шараларды орындау туралы ұйғарымдар беру;
29) субъектiлер өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұза отырып жүзеге асыратын, сондай-ақ ұйымдарды, объектiнi, құрылысты, ғимаратты салу, реконструкциялау, кеңейту немесе техникалық қайта жарақтандыру кезiнде жобаларда көзделген өрт қауiпсiздiгiнiң талаптары орындалмаған кезде ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң, өндiрiстiк учаскелердiң, агрегаттардың жұмысын iшiнара немесе толық тоқтата тұру, ғимараттарды, құрылыстарды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға және өрт шығу қаупi бар жұмыстарды жүргiзуге тыйым салу туралы өтініштерді сотқа жіберу үшін материалдарды дайындау;
30) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;
31) өз құзыреті шегінде терроризммен күрес жөніндегі аудандық штабтың жұмысына қатысу;
32) өз құзыреті шегінде аудандық Терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатысу;
33) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерге, нормативтік актілерге және стандарттарға өзгерістер, толықтырулар енгізу бойынша Департаментке ұсыныстар енгізу;
34) азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және заңға тәуелді актілерінде көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
1) мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан және азаматтардан қажетті ақпаратты және мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
2) белгіленген тәртіпте азаматтық қорғау мақсаттары үшін мемлекеттік ведомстволық және мемлекеттік емес жүйелерді, желілерді, байланыс және ақпарат беру құралдарын пайдалану;
3) әрекеті немесе әрекетсіздігі төтенше жағдайлар қатеріне немесе туындауына және азаматтық қорғау саласында бұзушылықтарға әкелген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;
4) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
1) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) өз өкілеттіктері шегінде Департаментте, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарма мүддесіне өкілдік етеді;
3) Министрлік қалыптастырған саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді, Министрліктің және Департаменттің актілерін және тапсырмаларын орындайды;
4) аудан аумағында орналасқан Департамент бөлімшелерінің қызметін жедел басқаруды жүзеге асырады;
5) Департамент бастығына Басқарманың айрықша көзге түскен қызметкерлерін мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапаттау, құрметті атақтар, әскери және азаматтық қорғау органдарының орта және аға басшы құрамының арнаулы атақтарын мерзімінен бұрын немесе атқарып отырған штаттық лауазымында көзделген арнаулы атақтарынан бір дәрежеге жоғары беру бойынша ұсыныстар береді;
6)өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері орындау үшін міндетті бұйрықтарға қол қояды және нұсқаулар береді;
7) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
8) Басқарма қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
9) Басқарманың жыл сайынғы жұмыс жоспарын әзірлеуді және оны Департамент бастығына бекітуге ұсынуды қамтамасыз етеді;
10) Департаментке жыл сайынғы есепті және белгіленген мерзімде Басқарма қызметінің нәтижелері туралы есептер ұсынуды қамтамасыз етеді;
11) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;
12)Департаментке Басқарма қызметкерлерін тәртіптік жауапкершілікке тарту, тәртіптік жазаларды алу туралы ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермелеу туралы қолдау көрсетеді;
13) оның құзыретіне жататын басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
14)бағынысты бөлімшелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың әр фактісі бойынша дербес жауап береді;
15) Шымкент қаласыныңАбай ауданы аумағында орналасқан өртке қарсы қызметтерге қатысты аға жедел бастық болып табылады;
16) гарнизон қызметін ұйымдастырады және бақылайды, гарнизон бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігін тексереді, сондай-ақ Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызмет жарғысында көрсетілген өзге құқықтары мен міндеттері бар;
17) ұжымда моральдық-психологиялық климаттың, қызметтік-әскери тәртіптің жай-күйіне, сондай-ақ бағынысты бөлімшелердің қызметкерлері заңдылықты және қызметпен, тұрмыста міндетті жүріс-тұрыс нормаларын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
__________________________________