Азаматтық қорғаныс саласында 2020 жылдың 12 айында профилактикалық бақылау жұмыстары туралы

Азаматтық қорғаныс саласында
2020 жылдың 12 айында профилактикалық бақылау жұмыстар туралы

 Азаматтық қорғаныс саласында 2020 жылдың 12 айында профилактикалық бақылау жұмыстары Департаменттің жұмыс жоспарының негізінде жүзеге асырылды. Есепті кезеңде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы 15 субъектіде профилактикалық бақылау жүргізілді. Профилактикалық бақылаудың 2020 жылға жалпы жоспарланған саны – 15.

Анықтамалық: ағымдағы жылдың І-жартыжылдығына 9 бақылаудағы субъект жоспарланып, бақылау жұмыстары толық аяқталды. ІІ-жартыжылдыққа 6 бақылаудағы субъект жоспарланған. Нәтижесінде 13 бақылаудағы субъектіден («Аргос» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қалалық балалар клиникалық ауруханасы» МКК; «Аэропорт Шымкент» Акционерлік қоғамы, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№3 қалалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Шымкент қаласының Энергетика және коммуналдық шарушылық басқармасы, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКҚК, «TAU-PRODUCT» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының «Алыспен байланыс бірлестігі» №11 магистральдық байланыс және теледидар желісі техникалық торабы, Шымкент қаласының құрылыс басқармасы, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№2 қалалық аурухана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, "Су ресурстары-Маркетинг" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, "Транстелеком" АҚ Шымкент қаласындағы филиалы «Шымкенттранстелеком», "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" "KEGOC" АҚ "Оңтүстік жүйеаралық электр тораптары") 92 бұзушылықтар (оның ішінде өрескел - 70, елеулі – 20, елеусіз – 2) анықталып, бұзушылықты жою туралы ұйғарымдар берілді.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-тармағы бойынша сот қаулысымен 1 млн 389 мың теңге айыппұл салынды. Қалған 7 субъектің орындалу мерзімі бар. Қазіргі таңда 3 субъектіде («Аэропорт Шымкент» АҚ, Шымкент қаласының Энергетика және коммуналдық шарушылық басқармасы, Шымкент қаласының құрылыс басқармасы) жоспардан тыс бақылау жұмыстары жүргізілуде. Анықтамалық: Шымкент қ. ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімімен азаматтық қорғаныс саласындағы субъектілер мен объектілер тізімі нақтыланған. 53 субъектілер мен объектілер кірген, оның ішінде:

  • азаматтық қорғау қызметтері құрылған ұйымдар – 11 субъект;
  •  қаланың санатталған объектілері – 42 объект.

 

есеп
Дата публикации
23 декабря 2020