2026 жылдың бірінші жартыжылдығында өрт қауіпсіздігі саласында жүргізілген профилактикалық жұмыстар туралы ақпарат

2026 жылдың 6 айында қала аумағында 158 өрт оқиғасы тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өрт саны 30%-ға төмендеді (2025 жылы – 226 өрт).

Өрттен келген материалдық залал 377 млн 869 мың теңгені құрады (2025 жылы – 477 млн 305 мың теңге), бұл өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға төмен.

Өрт кезінде 1 млрд 172 млн теңге көлеміндегі материалдық құндылықтар сақталып қалды (2025 жылы – 1 млрд 495 млн 100 мың теңге), бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32%-ға төмен.

Өрт салдарынан 3 адам қаза тапты (2025 жылы – 4 адам), яғни өткен жылмен салыстырғанда 1 жағдайға азайды. Сонымен қатар, 11 адам жарақат алды (2025 жылы – 4 адам), бұл өткен жылмен салыстырғанда 7 жағдайға артқанын көрсетеді.

Дата публикации
08 июля 2026