Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Психологиялық қызмет тобы ұйымдық-штаттық өзгерістерге байланысты 2025 жылдың 17 қыркүйегінен бастап Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының құрамына штаттық кестеге сәйкес 2 бірлік психолог-маманымен Психологиялық қызмет және полиграфологиялық зерттеу тобы болып енгізілді.
Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының психологиялық қызмет және полиграфологиялық зерттеу тобымен 2025 жылы жеке құрамды психологиялық сүйемелдеу және өз міндетіне алдын кірген төтенше жағдайлар кезіндегі шұғыл психологиялық көмек жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу бойынша төмендегі жұмыстарды атқарды:
2025 жылы жеке құраммен, оның ішінде жаңадан қабылданған қызметкерлермен және 1 жыл бойы бақылауда жүретін қызметкерлермен жоспарлы 2 рет психодиагностикалық іс-шаралар жүргізілді. Қызметкерлерден суицидке бейімділігін, депрессия күйінің бар-жоғын, тәуелділіктердің бар-жоғын, психикалық қасиеттері мен күйін, мазасыздық пен девиантты мінез-құлық көріністерінің бар-жоғын анықтауға бағытталған әдістемелер бойынша тест алынды. Нақты алғанда, 1-жартыжылдықта жоспарлы психодиагностикалық тексеруден 735 қызметкер өткен болса, 2-жартыжылдықта тексеруден 667 қызметкер өтті.