2025 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр және тәрбие жұмысы басқармасымен атқарылған жұмыстар туралы БАЯНДАМАСЫ

2025 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр және тәрбие жұмысы басқармасымен атқарылған жұмыстар туралы

БАЯНДАМАСЫ

 

 

Шымкент қаласы ТЖД (бұдан әрі - Департамент) штат саны - 970 бірлікті құрайды, оның ішінде басшы құрам – 173, қатардағы құрам – 673, әскери қызметші – 13, МӘҚ – 24, азаматтық қызметшілер – 87 бірлік.

Бос орындар саны 42 бірлікті құрайды, оның ішінде: басшы құрам – 15 (1,5%), қатардағы құрам – 19 (1,9%), МӘҚ – 4 (0,4%),  АҚ – 4 бірлік (0,4%).

2025 жылы бос лауазымдарды жасақтау мақсатында 19 (7 өрт сөндіруші, 8 жүргізуші, 3 радиотелефонист, 1 бас маман) бос лауазымдарға орналасуға 5 рет іріктеу өткізілді. Жалпы іріктеуге қатысуға 140 үміткер өтініш білдірді.130 үміткер медициналық тексеруге жіберілді. Әңгімелесу нәтижесі бойынша 19 үміткер тағылымдамадан өтуші ретінде жұмысқа қабылданды. Ал, 28 үміткер деректер банкіне енгізілді. Бүгінгі таңға деректер банкінен 8 үміткер тағылымдамадан өтуші ретінде жұмысқа қабылданды.

Қазіргі уақытта деректер банкінде өрт сөндіруші санаты бойынша                        13 үміткер, радиотелефонист санаты бойынша 6 үміткер резервте тұр.

ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына 2025-2026 оқу жылына арналған тапсырыс бойынша 3 орын бөлінген.

Дата публикации
08 июля 2026