Павлодарлық өрт сөндірушілер көпқабатты үйден 9 адамды эвакуациялады

Павлодарлық өрт сөндірушілер көпқабатты үйден 9 адамды эвакуациялады

       

"101" пультіне сағат 14-56  Павлодар қаласы Малайсары батыр көшесінде орналасқан үйлеріндің бірінде өрт шыққандығы туралы  хабарлама келіп түсті.

          Өрт орнына жеткен өрт сөндірушілер 4 қабатта орналасқан 3 бөлмелі пәтердің қонақ бөлмесінде үй заттары, жиһаздың жануы, жалпы 7 шаршы метрді алаңында өрт шыққандығын анықтады.

          Өрт сөндірушілер 9 адамды эвакуациялады, оның ішінде 5 бала, 18 адам баспалдақпен өз бетінше эвакуацияланды.

АМО бригадасымен  6 адам, оның ішінде 3 бала тексерілді, алдын ала болжам бойынша  жеңіл түрде жану заттарымен уланған, ауруханаға жатқызу қажет болмады. "103" бригадасы 1938 жылы туған тұрғынды тексеріп, ауруханаға жеткізді.

          Сағат 15-15-те өрт толығымен жойылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі мен залалы анықталуда.

Өрт орнында ТЖД күштері мен құралдары жұмыс жасады: жеке құрамның 24 адамы және 7 бірлік техника, АМО, ЖҚЖ.