
Мұндай іс-шаралар ұжымда салауатты микроклиматтың қалыптасуына ықпал етеді, бұл төтенше жағдайда тиімді жұмыс істеу үшін өте маңызды.
Бұл тренинг Павлодар қаласының өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамымен өткізілді, олар күн сайын түрлі стресстік жағдайларға тап болады.
Қатысушылармен эмоционалды шиеленісті, стресстің салдарын, командалық рухты, ұжымның бірлігін, бір-біріне деген сенімділікті, өзара әрекеттесу мен қарым-қатынасты жақсартуға арналған жаттығулар өткізілді.
Қызметкерлер командада жұмыс істеу қабілеттерін көрсете отырып, тапсырмаларға орындады. Тренинг аяқталғаннан кейін қатысушылармен кері байланыс жүргізілді, онда олар өз сезімдерімен, эмоцияларымен бөлісті, сондай-ақ іс-шараға баға берді.