Патриоттық тәрбие беру және кәсіптің имиджін арттыру аясында павлодарлық құтқарушылар салтанатты түрде Б. Момышұлы атындағы ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінде қызмет өткеретін әскерге шақырылушыларды шығарып салу рәсімін өткізді. Жастардың алдында ардагерлер, Департамент басшылығы, ата-аналар сөз сөйледі.
Айта кетейік, Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті жастарды ҚР ТЖМ әскери бөлімшелеріне күзгі шақыру шеңберінде іс-шаралар кешенін өткізді. ТЖД жұмысының қорытындысы бойынша республикада алғашқы болып шақыру нормативін толықтай орындап, ҚР ТЖМ әскери бөлімшелеріне 20 адамды іріктеді, олар ТЖМ жедел резерві болып табылады және әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі міндеттерді орындайды. Жауынгер-құтқарушыларды оқыту үшін бөлімдерде заманауи материалдық және техникалық базамен жарақтандырылған оқу корпустары құрылды.
Қызмет өткерген сарбаздар мен сержанттарға азаматтық қорғау органдарына жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі. Бұдан басқа, ҰБТ-ны есепке алмай, әңгімелесу нәтижелері бойынша жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу мүмкіндігі көзделеді.