"#Bizbirgemiz" республикалық акциясын іске асыру шеңберінде Павлодар облысы ТЖ Департаментінің, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері азаматтық қорғау ардагерлеріне және ұйымдарға көмек көрсетуді жалғастыруда.
Коронавирустың таралуына және карантин режимінің ұзартылуына байланысты 1 тамызда Павлодар қаласының №3 өрт сөндіру бөлімінің екі қызметкері өртке қарсы қызмет ардагері Т. И. Кравчевскаяға саяжайында көмек көрсетті. Балалар ағаштардан алма жинауға және басқа да шаруашылық жұмыстарға көмектесті. Азаматтық қорғау ардагері жас қызметкерлердің жұмысына риза болды.
Сондай-ақ, 5 тамызда Павлодар облысы ТЖ Департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлері карантиндік режимді сақтай отырып, өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдаудың өңірлік орталығына көмек көрсетті. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 6 адамнан тұратын азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері аулада өсетін ағаштардың төменгі бұтақтарын балтамен шауып, арамен кесті, және басқа да шаруашылық жұмыстарға қатысты.