Ақсу қаласының су айдындарында адам өлімін болдырмау мақсатында белсенді түрде алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Ақсу қаласының су айдындарында адам өлімін болдырмау мақсатында белсенді түрде алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Ұзақ демалыс күндері, ыстық күндердің сақталуына және су айдындарында адам өлімінің ықтимал жағдайларына байланысты ағымдағы жылғы 2-4 тамызда Ақсу қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері ауданның барлық аумағында халықтың демалуы мен шомылуы үшін рұқсат етілмеген орындарда профилактикалық рейдтер жүргізді.

Аталған рейдтерге жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, полиция қызметкерлері, волонтерлер тартылды. Азаматтарды қосымша аралап, хабардар ету әлеуметтік желілер арқылы жарияланды.

ТЖ бөлімі аумақтық бөлімшелері көрсетілген кезеңде суға түсу үшін рұқсат етілмеген және қауіпті жерлерге 14 алдын алу рейдтерін жүргізді, олардың нәтижелері бойынша 976 адам қамтылып оның ішінде 261 кәмелетке толмаған жасөспірімдер,  6адамға ҚР 364 бабы бойынша  әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Алдын алу іс-шараларын өткізуге 43  қызметкер жұмылдырылды. Рейд барысында тұрғындарға 183-ден астам үгіт-насихат материалдары таратылды.

Бүгінгі таңда полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп 52 профилактикалық рейдтер және су айдындарында және стихиялық жағажайларда жаппай демалыс орындарында демалушылардың қоғамдық орындарда тәртіп ережелерін сақтауы бойынша жүргізілді. Алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды, сондай-ақ бөлімше қызметкерлерінің нысанды киім-кешектерін кию ережелерін сақтау қамтамасыз етілді.

Суға шомылу маусымының алдын алу жұмыстары жалғасуда және ерекше бақылауда.

Ақсу қаласының ТЖ бөлімі халықты су айдындарында сақ болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ өз өмірін сақтау мақсатында қауіпсіздік мәдениетін сақтауға шақырады.

 

Ақсу қаласының ТЖБ