Павлодарлық өрт сөндірушілер Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді

Павлодарлық өрт сөндірушілер Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді

         

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері облыстық ауруханада шартты өртті сөндірді.

          Өрт туралы хабарлама өрт сөндіру пультіне келіп түсті. Жаттығу жоспары бойынша өрт жертөледе болған. Үш адам эвакуация жолдарынан ажыратылған болды.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер үй-жайларға барлау жүргізді. Ғимаратта үш"зардап шеккен" табылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны шартты түрде зардап шеккен екі адамды жертөледен эвакуациялады. Оларға алғашқы көмек көрсетілді, содан кейін олар жедел жәрдем бригадасына берілді.     Тағы бір әйел үшінші қабаттан шыға алмай қалды. Оны өрт сөндірушілер автомобиль сатысымен эвакуациялады.

          Құтқарушылар әкімшілік пен медперсоналдың іс-қимылдарының дайындық дәрежесі мен алгоритмін, сондай-ақ өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамының емдеу мекемелеріндегі өрттерді және олардың салдарын жою бойынша жаттығуларын тексерді. Сонымен қатар өрт сөндіру бөлімшелерінің мекеме басшылығымен өзара іс-қимыл мәселелері пысықталды.

          Өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды өткізуге тартылған күштер мен құралдар қойылған міндетті орындады.