Балалар лагерлеріндегі үгіт-насихат жұмыстары

Балалар лагерлеріндегі үгіт-насихат жұмыстары

Төтенше жағдайлар департаменті «Қызыл Ай» қоғамының еріктілерімен және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен бірлесіп Тереңкөл ауданы Томарлы ауылында орналасқан балалар лагеріне барды.

Бұл іс-шараның басты мақсаты-балалардың төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігі туралы хабардарлығын арттыру. Департамент қызметкерлерімен дәрістер, тәжірибелік сабақтар және интерактивті ойындар ұйымдастырылды.

Өрт болған жағдайда балалар қалай әрекет ету керектігін білді, судағы қауіпсіздік ережелері, алғашқы көмек көрсету, табиғи апаттар кезінде әрекет ету іс-қимылдарымен танысты.

Бұл іс-шаралар балаларға әртүрлі қауіпті жағдайларда қалай әрекет ету керектігін жақсы түсінуге көмектеседі және олардың төтенше жағдайларға дайын болуын қамтамасыз етеді.